«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет52/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66

Әуезов М .
Эр жылдар ойлары. Алматы, 1959. 114-бет.
С9


дам, сын. Сондықтан (баска елдердің ағартушыларын- 
дай) Абайдың дін жөніндегі пікірлерінде көптеген 
қайшылықтар бар. Сонымен бірге В. И. Лениннің ес- 
керткеніндсй, өткен дәуірдің мәдениет өкілдерін өзінен 
бұрынғылармен, өз замандастарымен салыстырғанда, 
қоғам өмірінің рухани мәдениетіне қандай улес қосқан- 
дығымен бағаласақ, Абайдың дін мәселелері жөніндегі 
пікірлерінде көптеген озық ой, алысқа сілтсйтін арна 
бар екендігін сезбеуге болмайды.
Өмірін тобықты ішінде өткізген, мектеп тәрбиесін 
Семейде алған Абайдың дін жөніндегі түсініктері қа- 
лай қалыптасты?
Діндар әке Құнанбай, басқа балалары сияқты, он 
жасар Абайды Семейдегі мұсылман медресесіне береді. 
Сол кездегі көптеген діни медреселер сияқты, Абай оқы- 
ган медресе де ишан мен имам, қари мен халфе 
жайлаған, құран мен әптиекті түсіндірмей жаттататын, 
ораза ұстау мен намаз оқуды үйрететін шексіз қараңғы- 
лық пен түпсіз надандықтың ордасы еді. Әке жарлығы- 
мен жас сәбидің рухани өмірі де дін мен дін иелерінің 
ғұзырына тапсырылады.
Келешек ойшыл ақынның дүниеге көзқарасының қа- 
лыптасуына медресе бірталай эсер етеді, ықпал тигізе- 
ді. Бұл жай Абайдың алғашқы кезде жазған «Иузи — 
рәушан, көзі — гәуһар», «Әлифби» өлеңдерінен айқын 
сезіледі. Жас Абай бұл өлеңдерін өзі медреседе оқыған 
араб, парсы тілдерімен шұбарландырады. Бұл өлең- 
дер — жас ақынның алғашқы тілін және оның сол кез- 
дегі ойлау тұрғысын бейнелейді.
Ол кездегі әдеби тіл діни кітаптардың ықпалымен, 
араб сөздерімен шұбарлана түскен. Қазақ ауылының 
«оқымыстылары»— молдалар мен қожалар. Абай оқы- 
ған медресенің ғұламалары араб, парсы, қазақ, татар 
сөздері араласқаи щұбар тілде сөйлеушілер еді. Осы 
шұбар тіл :— солардың «білімпаздығыныд» белгісі іспет- 
ті-тіи. Сондықтан да білімге құмартқан жас шәкірттің 
бұл тілге еліктеуінен гөрі, еліктемеуі таңқаларлық бо- 
лар еді.
Ал есейе келе Абай шұбар тілді, сонымен бірге дін 
иелерінің ықпалын да сыртқа тебеді, ол кезде көп тара- 
ған кітап тіліне, кисса тіліне қарсы күреске шығады, өз 
бетімен казактың әдеби тілінің негізін салуға талпы- 
нып, өз халкының бай тілін, өткір сөздерін өнерінс асыл 
арқау етеді. Араб мәдениетінің тілі болған араб тілін
70


біліп, оған еліктесе де, ислам дінініц тілі болған 
араб 
тілінің ықпалынан есейе келе бас тартуы, ана тілііі 
ар- 
дақтауы, біріншіден, Абайдың ана тіліне сіңірген тари- 
хи еңбегі болса, екіншіден, оның ақыл-парасатының ис­
лам дініне құштар болмағанын көрсетеді.
Медреседе оқып жүргеннің өзінде де зерек шәкірттіц 
көбірек көңіл бөлгені «Хиссаул әнбие», «Ақырзаман», 
«Мұхтасар» сияқты діни кітаптар, немесе Қожа Ахмет 
Яссауи, Сүлеймен Бақырғани сияқты аскет, мистйк, 
панисламистердің өлең-жырлары емес, Шығыстын. ұлы 
ақындарының туындылары болған. Медреседегі көпте- 
ген шәкірттердей, Әзірет Әлінің мұсылман дінін тарату 
жорықтарына таңырқап, місе тұтып, қанағаттанбайды. 
Жас Абай ақындық талабыма шабыт бер деп Мухам­
мед, Қызыр Ілияс сияқты пайғамбарларға сиынбай^ы, 
оған керісінше:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет