Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялы талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу
Қазіргі заман қоғамы - бұл, әр алуан экономикалық, ұлттық, саяси, мәдени өзгерістер. Қоғамдық өмірінің әртүрде көрінуі қазіргі заман қоғамының анықтамаларында берілген. Оны постиндустриальдық, компьютерлік, постмодерн қоғамы, жоғарғы модерн, желілі ұлт, телематикалық, өзін-өзі басқарушы, қазіргі заманнан кейінгі, ақпараттық, білім қоғамы, адамдық капитал және т.б.
Бұрынғы әлеуметтіліктен оның айырмашылығы неде? Қазіргі заманның әлеуметтік философиясында қоғамды мына тектес негізгі үлгілерге бөледі: әдеттегі-жабайы, дәстүрлі (ауылшаруашылық), өнеркәсіптік және постиндустриальдық. Әдеттегі-жабайы қоғам үшін еңбек құрал-саймандарын ең аз деңгейде қолдануымен сипатталады; қарекет түрлерінің кең таралғаны терімшілдік, аң аулау, балық аулау; көзқарастары: әлем табиғи терминдерде, мифтерде бірілумен сипатталды. Келесі саты - дәстурлі - егін шаруашылық, мал шаруашылығы және табиғат энергияларын ең аз қолдануымен байланысты кәсіптермен; қол еңбегіне негізделген, мыс, темір құрал-саймандары., жабайы технологиялар, атты және кемені қолдануымен байланысты көлік жүйелері көп таралған болатын. Ауылшаруашылық қоғам жергілікті экономикамен және жергілікті базармен сипатталады. Жер байлықтың негізгі қайнар көзі болып табылды. Жанұяда айқын еңбек бөлінісі болды. Әлем символдармен берілген болатын, байланыс жүйелері - хат (қолмен, топографиялық), негізгі діни жүйелер мен ғылымдар қалыптасты. Мәдениеттегі байланыстылық дәстүрлерге бағыну арқылы іске асты, сол себептен қоғам дәстүрлі деп аталады. Ауылшаруашылық қоғамды өнеркәсіптік алмастырды. Онда тоқыма, жағармай, металлургия, машина жасау және басқа өндіріс көздері дамды. Технологиялық құрастырулар, көлік жүйелері - темір жолдар, автомобилдер, су көліктері пайда болды; бұқаралық ақпараттар дами бастады. Стандартталған өндірістердің ұлттық рыноктары қалыптасты. Капитал байлықтың қайнар көзіне айналды. Жанұядағы нуклеарлық еңбек бөлінісі ақырына жетті. Негізгі рухани тенденциялар арасынан ғылыми-техникалық революцияны, жекешілдікті либералшылдықты, рационалшылдықты айрықша атауға болады.
XX ғ. Екінші жартысына адамзат өзінің тарихи дамуының -жаңа постиндустриальдық қоғам сатысына бірте-бірте енді. Олар: атомдық, ғарыштық, биотехнологиялық, компьютерлік, интернеттің ақпарат технологиясы сияқты өнеркәсіптің жаңа үлгілерінің көрінуімен және қарқынды дамуымен сипатталады. Бірігуге бет алған жаһандық экономика қалыптасты; экономикаға бірқалыпшылдықтырмау, көпшіліктендірмеу, капиталды орталықтандырмау тән. Білім өндірісі және адамдық капитал байлықтың қайнар көзіне айналды. Мәдениетте әр түрлілік, өмір сапасы, өзін-өзі маңыздандыру, жастар мәдениеті бағаланды.
Енді, біз осы айтылған постиндустриальдық, ақпараттық ұғымдары қалай қалыптасқандығына тоқталамыз. Постиндустриалдық концепция ағылшын философы және социолоғы Д. Беллдің өнеркәсіптік (индустриалды) қоғам теориясының негізінде пайда болды. Постиндустриальдық қоғам терминінің өзі алғашқыда 1950-ші жж пайда болды. Қоғам дамуы бастапқыда экономикалық өсу, еңбекті техникаландыру ретінде қарастырылды. 60- шы жж. Жаңа (Д. Белл және А. Турен) мазмұнмен толықтырылды және олар өнеркәсіпті қоғамға тән емес зерде еңбегіне жататын шығармашылық ойдың бұқаралық деңгейде таратылмағандығын атап өтті. 70-ші жылдары постиндустриальдық, термині басым болды, мыс.: А.Туреннің Болашақтағы постиндустриальдық қоғам (1971) еңбегі жарық көрді. Ал, Д. Белл постиндустриальдық қоғамның мына белгілерден тұратылдығын атап көрсетті: өнеркәсіптік өндірістен сервистік қызметке өту; инновацияларды жүзеге асыруда кодифицирияланған теориялық білімдердің шешуші ролі;
• зерделік технологияны жүйелі талдау және шешімдерді қабылдау теориясының маңызды құралына айналдыру. 1976 ж. Постиндустриальдық термин ресми турдегі идеологиялық мәртебеге ие болды. Қоғамды постиндустриальдық ретінде түсіну, қоғамындағы негізгі басымдылықтар қызмет көрсету және тұтыну сияқты өрістерге өтетіндігін білдіреді. Пост термині жоғары автоматтандырылған индустриалдық өндірістің дамуының жалғасын білдіреді, қоғам бұрынғы экономикалық сипаттағы қарекетін және өкімет құрылымын сақтайды. Бұл, негізінен дамудың өсіңкілігін, жаңартыл қайта кұру қарекеттерін, білімдер индустриясын дамытуды, технологиялық басқару тәсілдерімен және бақылаудың арасындағы қайшылықтарды ұстап қалуды және әрбір адамға өзін өзі жетілдіру қажеттілігін сақтайтын индустриаландырудың жалғасы сияқты. Бір бағыт қоғамды белгілі бір өндірістің үдерісі, бөлісу, тұтынудың арақатынас жүйесі сияқты деп, және қоғамдағы бүткіл ұдайы өндірістік құрылымды жылдам қайта өзгертсе жеткілікті деп түсіндіруге тырысады.
Әрине, қоғам туралы қазіргі заман теорияларының екі бағытқа шектеп бөлу тым қарапайымдылққа жеберуі мүмкін, бірақ, қазіргі заманды көру тарихына реттілік пен жүйелілік беретіні сөзсіз.
Екінші бағыт, ақпараттық, даму негізін 70-80-ші жж. Алды. Бұл бағыттың белгілі өкілдері - социологтар Дж. Масуда, А. Тоффлер, М. Кастелъс. Ақпараттық қоғам термині Жапонияда 60-шы жж. Пайда болды. Жапон социологі Дж. Масуда постиндустриальдық қоғам дегеніміз сол бұрынғы өнеркәсіптік қоғамнан айырмашылығы бар ақпараттық қоғам дейді.
Ақпараттық қоғам дамуындағы жаңа саты микропроцессорлы технологияның таратылумен күшіне енді. Дж. Нэйсбит, Д. Беллге қарсы шығып алдағы қоғамда қызмет көрсету өрісіне қарағанда ақпаратты өндеу басымды маңыздылыққа ие болады, - дейді. Бұл ақпараттық байланыс өнеркәсіптіктің барлық өрістерінде түбегейлі ауыстырады деген ойды, А. Тоффлер де ұстанады. Үшінші толқын (1980) деп аталатын жұмысында американдық футуролог қоғамды ақпараттылық ретінде қарастырады, өйткені онда ақпараттың көлемі мен ақпараттық ағымның өсуі орталықтандырмауға бірқалыпшылдықтырмауға, көпшіліктендірмеуге әкеледі. Қуаттылықтың жылжуы еңбегінде (1990) ол ақпараттық қоғамдық дамуын білім факторы (К - фактор) мен білім өрісі анықтайды, анықтаушы қызмет атқарады дейді.
Ол, білім өрісі: білім, ғылым, технология, ұлттық стратегиялық тұжырымдамалар, халықаралық зерде құралдары, тіл, басқа мәдениеттер туралы жалпы білім, әлемнің мәдени және идеологиялық ұғынылуы, әр алуан байланыс каналдар, жаңа идеялар, пайымдау спектрлері - деп түсінеді.
А. Тоффлер қоғамды, жүйе ретінде үш негіздердің арасында таралатын қуат: күш, ақша, ақпарат - дейді. Күш - индустриальдыққа дейінгі дәуірдің даму негізі, ақша - өнеркәсіптіліктің; ақпарат, білім қазіргі жеделденген қоғамның негізін құрайды. Адамдардың қатынастары тұрақты түрде алмасып отыратындықтан, биліктің де қатынасы (күші) өзгеріп отырады. Биліктің негізгі құралдарына - күш, байлық, білім жатады. Биліктің ең қуатты, сонымен бірге иілгіш күшінің қайнар көзі - білім. Сонымен қатар ақпараттық қоғам канадтық социолог М. Маклюэннің еңбектерінде де орын алды. Оның ақпараттық қоғам тұжырымдамасында кеңістік уақыт межелері жойылады, өмір жеделдейді, адамдар қатынастарын реттейтін жаңа мәселелер пайда болдыртатын жаһандық ауыл (1964) ең жаңа дәуірдің тұжырымдары ретінде қызығушылық танытты. Оның теорияларындағы ақпараттық қоғам - бұл адамзаттың даму тарихындағы, адамның тайпалық заманын ауыстырған (ауызша сөйлеу, адам толық әрекетке қатыстыру, қоғам мен адамдың бірлігі) үшінші кезең. Ақпараттық қоғамның қалыптасу туралы қазіргі заман тұжырымдамаларының арасында Дж. Бенигердің теориясы өзінің тереңдігімен ерекшеленеді. Ол, ақпараттық қоғамды адамдар қарекеттерінің барлық жүйелерін бақылауға алу революциясының нәтижесі, деп есептейді, ойы ең маңыздысы оның идеясы: қоғамдағы бақылауды күшейту, қоғам жүйелілігін сақтау үшін жасалады. Дж. Бенигер Д. Беллге қарсы шығады, өйткені революция экономикадағы бір сектордың басқаға ауысуының нәтижесінде болған жоқ, жалпыға бірдей бақылаудың тәсілдері арқылы болды. Сондықтан да әртүрлі қайшылықтағы жағдайларды туындатпас үшін Дж. Бенигер өз дамуынды күнделікті басқарып отыру керек дейді.
Қоғамды әртүрлі факторлардың өзара қарым-қатынасының жүйесі ретінде қарастырып, ақпараттық қоғам - дамудың жаңа сапалық түрі, иңдустриаландырудың жалғасы емес.
Достарыңызбен бөлісу: |