Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


тарихисипаттағы айқын мәнді жасанды



бет49/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

тарихисипаттағы айқын мәнді жасанды 
сөзқолданыстардеп атауға болады. Халықтық фразеологизмдермен салыстырғанда,
олардың семантикалық әлеуеті де, қолданылу ортасы да, ұғымдық шеңбері де тарлау болады.
Мысалы: Сенім, сенім және сенім [Е.Қ., 24.02.04]; Сайлау, сайлау, тағы да сайдау (А.Т.,
12.08.04) деген тақырыпаттар В.И.Лениннің кеңес дәуірінде жалпыхалықтық ұранға айналған
өсиеті («Оқы, оқы және оқы!») негізінде жасалған.
Сонымен, соңғы жылдардағы қазақ газеттерінде мәтіндерге тақырыпаттар қоюда штамп,
стандарт сияқты таптаурындардан бас тартып, бұрыннан белгілі формаларды өзгертіп,
түрлендіру, жаңаша үлгіде жасалған қолданыстарға ұмтылу үрдісі байқалады. Әсіресе, сөз



мәйегі саналатын мақал-мәтелдерден, фольклорлық шығармалардан алынған қайталанбалы


дайын үлгілер, жыраулар мен ақындардың, классик жазушылардың көпшілікке белгілі
шығармаларынан, басқа да көркем туындылардан, (кинофильмдер, әндер т.б.) алынған
атаулар мен үзінділерді, өлең жолдарын тақырыпат ретінде қолдану бүгінгі журналистер
қауымы үшін дәстүрге айналғандай.
Жұмысымызда фразеологизмдер трансформациялануының бірнеше тәсілі айқындалып, қазақ
газеттерінен жиналған мысалдар негізінде топтастырылды. Автордың халыққа белгілі
фразеологиялық бірліктерді сол күйінде қолданбай, өзгертіп, түрлендіруге ұмтылуы мынадай
прагматикалық мақсаттардан туындайтыны анықталды:
1. Мақалаға адресат назарын бірден аударып, оның материалды оқып шығуына түрткі болу;
2. Аудиторияға бұрыннан таныс фразеологиялық бірліктерді қолдану арқылы адресат
санасында туындайтын әртүрлі ассоциациялар негізінде материалдың тез қабылданып, жеңіл
түсінілуіне қол жеткізу;
3. Трансформацияланған фразеологизмдерге негіз болған пресуппозиция арқылы оқырман
көңіл-күйіне әсер ету. Бұл – тақырыпаттардың әсер ету қызметінің экспрессивті қыры.
Жұмысымыздың 4.2 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет