Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет45/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

негізделген меңзеу сипатындағы тілдік бірліктер деп атауға болады. Бұл тақырыпат
мақала мазмұнымен онда баяндалатын іс-әрекеттің (оқиғаның) өту сипаты бойынша ғана
байланысып тұр.
Қазіргі қазақ баспасөзінде оқырманның назарын аудартып, мақаланы оқып шығуға «мәжбүр
ету» мақсатымен осы сияқты ұлттық танымды көрсететін, эмоционалдық бояуы қанық, бедерлі
оралымдарды қолдануға ұмтылыс дәстүрге айналып келе жатқаны байқалады. Мысалы
«Сақтансаң сақтайды» («Құдай сақтанғанды сақтайды») (Е.Қ., 22.05.04); «Күлшелі бала
сүймекке жақсы» Ж.А.), «Түйені түгімен жұту жеңіл-желпі диета болып қалды» (Ж.А.,
22.11.05); «
Дымды түсінбейтін депутаттар» (Т., 02.06.05), «Әр әнші өз қазанында қайнап 
жүр» (Ж.А., 01.01.04) т.б.
Газеттің бір санындағы тақырыпаттар жиынтығы оқырманға сол күнгі шығарылымда берілген
ақпараттар туралы жалпы түсінік беріп, көпшілікті оның прагматикалық бағыттылығы жайында,
газет шығарушының осы санда көздеген мақсаты мен коммуникативтік міндетінен хабардар
етеді.
4.1.4 
тармақшанда
газет тақырыпатындағы тыныс белгілердің 
қолданысы қарастырылды. Тыныс белгілері – мәтін тақырыпатына экспрессивтік сипат
беретін маңызды құрал. Олар мәтінге стилистикалық бояу үстеп адресаттың оны түсінуі мен



қабылдауын жеңілдетуге өзіндік септігін тигізеді. Құрылымы айрықша ықшамдығымен


сипатталатын газет тақырыпаттарында
сұрау белгісі, леп белгісі, қос нүкте, дәйекше, 
тырнақша, көп нүкте сияқты орфографиялық белгілер айрықша спецификалық семантикаға
ие болып, мәтіннің прагматикалық бағыттылығын көрсетеді.
Жалпы тыныс белгінің өзі жеке-дара тұрғанда ешқандай мәні болмайды. Ол өзінен бұрын
келген сөздің қолданылу уәжін сақтап, мәнін нақтылап, сөзқолданысқа үстелген экспрессивтік
бояуды т.б. күшейте түсу үшін қолданылады.
Тыныс белгілер жеке-жеке, кейде қатар қойылады. Газет мақаласының тақырыпатында қоса-
қабаттала қолданылғанда олар автордың жеткізбек болған бірнеше ойын қатар
білдіреді. Газеттік дәстүр бойынша тақырыпаттардан кейін ешқандай тыныс белгісі
қойылмайтыны белгілі болғанымен, кейбір газеттерде тұрақты айдарлармен берілетін
материалдың тақырыпатынан кейін қос нүктенің қойылатыны байқалады. Бұл тыныс белгінің
синтаксистік пішіндеуші рөлін баспасөз қызметкерлері тез аңғарады. Жалпы кез келген
мәтіннің тақырыпатынан кейін нүкте қойылмайтыны белгілі, өйткені ол- баяндалатын күрделі
ойдың (гипер мәтіннің) басталғанын білдіретін кіріспе бөлік. Соңғы жылдардағы (2002-2006)
қазақ газеттеріне шолу жасалғанда әсіресе проблемалық мақалалардың тақырыпаттарында
т.б түрліше комбинацияда келген (?! ?…!?) тыныс белгілердің көптігіне көз жеткізілді.
Графикалық құралдарды прагматикаға қатысты зерттеуде көп нүктенің ерекшелігін анықтаған
Т.Ш.Мырзахметова: «Қазіргі пунктуация көпфункционалды таңбалар жүйесі бола отырып,
алуан түрлі мәндерді жеткізеді. Сөйтіп олар ақпаратты кодтау мен оны ашу құралдарының
арасында айрықша маңызға ие болады. Ауызша сөзжұмсамдағы ақпаратты кодтау және кодты
ашу мәселелері вербалды және паравербалды құралдар көмегімен шешілсе, жазба мәтінде
бұл міндет графикалық және параграфикалық құралдарға жүктеледі. Соңғы құралдарды мәтін
иесі өз коммуникативтік-прагматикалық тәжірибесіне сәйкес пайдаланады» дейді. [24,3]
Сонымен, газет мәтіні тақырыпатындағы тыныс белгілер ең алдымен

таңбалық сипаты күшті, бейвербалды болып табылады, яғни сөзбен жеткізілмеген
мағыналық жүк осы тыныс белгіге артылады;

сөзбен эксплицитті түрде айтылған ойдың астарындағы (подтекст) жасырын
мәнді имлицитті түрде тыныс белгілері жеткізеді;

тыныс белгілердің емле ережелерінде қабылданып, орныққан орнын ауыстырып,
кері позицияда (көп нүктенің сөйлем басында келуі), тіркестіріп (комбинациялық,
яғни бірнеше тыныс белгісін қабаттастыра
қолдану) құрақбелгілер түрінде қолданудың газет мақаласында
көтерілген проблемаға көпшілік назарын ерекше аударту немесе
автордың кесімді пікірін білдіру емес, адресатқа ой тастау, оқырманда алуан түрлі
ойларға жетелеуде мәні зор. Яғни адресант та, редакция да өздерінің нақты пікірін



ашық білдірмейді немесе «қай мақамға салуды», «неге жоруды» оқырманның өз


еншісіне қалдырады;

тыныс белгілердің, әсіресе көп нүктенің қолданылуындағы түрлендірулер адресат
санасында алуан түрлі ассоциацияларды туындататыны хақ.
Кез келген тақырыпатты оқыған сәтте, адресат ол мақаладан өзі үшін аса өзекті, өзін көптен
қызықтырып жүрген мәселенің қозғалуын күтеді. Сондай-ақ тақырыпат құрамында бұрыннан
таныс сөзқолданыстың болуы адресаттың тілдік санасында және когнитивтік санасында
аталмыш мәселеге байланысты туындап, қалыптасқан ассоциациялардың көрініс беруіне
себеп болады.
Тыныс белгіні ереже бойынша дұрыс қою немесе орнын ауыстырып қолдану, тіпті мүлдем
қолданбау журналистің өз шешімі деп танылады, яғни, қажетті жерінде тыныс белгісін қоймай
кетудің себебін автордың прагматикалық мақсатынан іздеу керек. Мұны орфографиялық 
нормадан уәжді немесе уәжсіз ауытқу деп атауға болады.
Қорыта келгенде, газет мәтіні тақырыпаттарында қолданылатын тыныс белгілердің
прагматикалық қызметі бірдей емес екендігіне көз жеткізілді. Осы тұрғыдан тыныс белгілерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет