Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


ғаламның  медиа-бейнесін



бет52/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

ғаламның 
медиа-бейнесін жасауға қатысады. Осы бейненің қандай нұсқада қалыптасуы күрделі де
көпқырлы
автор образы мәселесі арқылы анықталады.
4. Бүгінгі оқырман газет хабарламасына шүбәсіз сенетін, ондағы ақпаратты нұсқау ретінде
қабылдайтын «көнбіс» адресат емес, келіп түскен ақпаратты өзіндік ой елегінен өткізіп
саралайтын, мәтін арқылы берілген автор көзқарасын құптау-құптамауды өзі шешетін, көзі
ашық білікті тұлға болып табылады. Сондықтан медиа-мәтінді әрбір оқырман өз білім
дәрежесіне, саяси сауаттылығына, қала берді өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, өзінше
интерпретациялайды деуге толық негіз бар. Осымен байланысты кез келген газет мәтініне
қатысты адресант пен адресат оқытушы – оқушы, ұстаз – рухани шәкірт рөлдерінің бірінде
көрінеді.
5. Газет мәтінінің авторы қандай да бір оқиға-құбылыс туралы баяндап қана қоймай, оған
қатысты өзіндік көзқарасын да білдіреді. Адресанттың осы субъективті пікірі медиа-мәтінде
модальділік категориясы арқылы көрініс табады. Осымен байланысты газет мәтініндегі
модальділікті
бағалау, дәйектеуші және эмоционалды модальділік деп бөліп қарастыру
автордың прагматикалық ұстанымын айқындауда үлкен маңызға ие болады.
6. Ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, реттеуіштік және жарнамалық қызметтерді қатар
атқаратын медиа-мәтіннің прагматикалық әлеуетін арттыратын
интенсификаторларды
контраст, тілдік қайталамалар, сөзойнатым тәсілдері деп
қарастырудың прагмалингвистикалық зерттеу үшін мәні зор.
7. Саяси дискурс ақпараттық кеңістіктің өзегін құрайтын күрделі прагматикалық ұғым болып
табылады. Ол БАҚ-та позитив және негатив мәндегі PR-мәтіндер арқылы жан-жақты
ашылады. Осындағы негатив мәндегі PR-мәтіндер негізінен тілдік манипуляция арқылы
көрініс табады.
8. БАҚ – жаңа қолданыстарды қалыптастыруда әрі таратуда маңызды рөл атқаратын негізгі
механизм.



9. Медиа-мәтіндегі тақырыптық кешенді құрайтын айдар мен тақырыпат адресат санасына


әсер ету үшін пайдаланылатын маңызды қосалқы фактор болып табылады. Бұл екеуінің
байланысы оларға ортақ ақпараттық, графикалық-айшықтау, эмоционалдық, интегративтік,
жарнамалық функцияларынан көрінеді.
10. Медиа-мәтінде лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдардың аралас қолданылуы
оның адресат факторына бағытталған әсер ету қызметінен келіп шығады. Қазіргі баспасөзде
ерекше орын алатын мұндай әртекті құралдар арқылы жасалған туынды креолды мәтін деп
аталады. Креолды мәтін сендіру категориясын эксплицитті және имплицитті түрде жүзеге
асыру үшін пайдаланылатын тиімді прагматикалық тәсіл деп таныған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет