–
газет мәтіндерінде автор қолданатын прагматикалық интенсификаторлар (ақпараттың әсерін
күшейтетін тәсілдер)
сөз ойнату, контраст, тілдік қайталамалар сияқты үлкен үш топқа
біріктіріліп қарастырылды;
–
қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурс PR (пиар) ақпаратты таратушы PR-
мәтіндегі
тілдік манипуляция тәсілдері негізінде ашылды;
–
медиа-мәтіндегі ұлттық-мәдени концептілердің берілу ерекшеліктері айқындалды;
–
медиа-мәтін жаңа қолданыстарды таратушы және тұрақтандырушы құрал ретінде танылды;
–
газет мәтінінің негізгі қызметтерінің бірі –
әсер етуді жүзеге асыратын қосалқы факторлар –
айдар мен тақырыпат арнайы қарастырылып, олардың рәсімделуіндегі графикалық-
айшықтаушы тәсілдер анықталды;
–
медиа-мәтіндегі бейлингвистикалық құралдар қолданысын көрсететін айрықша тип
–
креолды мәтіннің прагматикалық әлеуеті айқындалды;
–
газет мәтіндерінің жанрлық ерекшеліктері жеке-жеке сипатталып, олардың әрқайсысына
тән
ақпараттық сыйымдылық коэффициенті Маттуш формуласы бойынша анықталды;
–
медиа-мәтін құрылымдық жағынан қарастырылып, ондағы негізгі ақпараттық мазмұн бірнеше
прагматемаға бөліне орналасатындығы анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу нәтижесінде жасалған тұжырымдар
жалпы тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика саласының әрі қарай
дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ когнитивтік лингвистика, социолингвистика,
психолингвистика, мәтін лингвистикасы мен публицистикалық стильге байланысты
зерттеулерді толықтырып, тереңдете түсуге өзіндік үлес қосады.
Достарыңызбен бөлісу: