–
креолды мәтін – оқырман санасына тікелей әсер етуші гетерогенді мәтін типі болып
табылатын тиімді құрал ретінде бағалануы тиіс;
–
газет бетіндегі айдарлар мен тақырыпаттар ақпараттық, жарнамалық, эмоционалдық және
прагматикалық қызметтерді қатар атқаратын мазмұндық –тақырыпаттық кешенді құрайды.
Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен
нәтижелері төмендегідей халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық
конференцияларда баяндалды:
Қазақ әдеби тілін зерделеген ғалым // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы, 2004; Р.Сыздық
зерттеулеріндегі прагмалингвистика мәселелері // “Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл
білімі мәселелері ” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 2004;
Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі мәтіннің дискурс ретіндегі сипаты // “Құдайберген Жұбанов
тағылымы ”атты республикалық ғылыми-практикалық конференция. Алматы, 2004;
Прагмалингвистика – тіл біліміндегі функционалдық бағыттың құрамдас бөлігі // “Тіл. Қоғам.
Заман ” атты республикалық ғылыми—практикалық конференция. Ақтау, 12.05.2005; Қазіргі
радио тілі жайында // “А.Байтұрсынұлы және қазақ фонологиясы мәселелері ” атты
халықаралық ғылыми—теориялық конференция. Алматы, 2004; Саяси мәтіннің
прагмалингвистикалық сипаты // Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және Әлем
тілдері университеті. 08.02.2006; Газет мәтіндеріндегі дәйектеуші модальдік // “ Қазақ тіл
біліміндегі функционалдық бағыт” атты республикалық ғылыми—теориялық конференция.
Алматы, 2006; Мәтіннің тақырыптық ұйымдастырылуы // “ Мемлекеттік тіл: білім және саясат”
атты ғылыми —тәжірбелік конференция. Орал, 10-14 сәуір 2006; Газет мәтінінің ақпараттық-
мағыналық кескіндемесі жайында // “Жаһандану және тілдік процестер” атты ғылыми-
практикалық конференция ( “Парасат” Қазақстандық көпсалалы институты ). Алматы, 2006;
Публицистикалық мәтіндегі модальділік // “ Мемлекеттик тилди окутуумун актуалдуу
маселелери ” атты проф. Аскар Осмонкуловтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-
практикалық конференция. Бишкек, 2006; 11 Контраст – газет мәтініндегі негізгі құрамдас бөлік
// акад. Ө. Айтпаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған конференция. Алматы,
2007;
Медиа-мәтін – БАҚ-тағы қуатты құрал // проф. Т.Жанұзақовтың 80 жылдық мерейтойына
арналған ғылыми-теориялық конференция.
Жұмыстың негізгі тараулары бойынша республикалық басылымдар мен ғылыми жинақтарда
30-
дан аса мақала жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: