ауқымды
медиа ағынның өзіндік мәдени спецификалық ерекшеліктері көрініс табады.
Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының қандай тілдік тәсілдер арқылы
берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған қоса сондай вербалды құралдар арқылы
жеткізілетін әлеуметтік маңызға ие ақпаратты экстралингвистика факторларымен, атап
айтқанда
Адам факторымен, кең мағынасындаалғанда
қоғаммен,
тілдік социуммен байланыста қарастыру бүгінгі антропоцентрлік бағытта дамып келе жатқан
іргелі ғылым саласының талабынан туындап отыр. Біздің зерттеу нысанамызға алынған
медиа-мәтіннің жасаушысы да (журналист),қабылдаушысы да (оқырман), объектісі де – Адам
болғандықтан, әрі тақырыптық аясын жалпыадамзаттық проблемалар мен құндылықтар
құрайтындықтан
жұмысымыздың өзектілігі Адам факторын
психосоциопрагмалингвистикалық аспектіде қарастырудан келіп шығады.
Аса ауқымды ақпараттық кеңістікті қамтитын медиа-мәтін бүгінде социумның
когнитивтік
санасын құрайтын діни, саяси, әлеуметтік, мәдени, тарихи т.б. факторлардың
барлығын