Қазіргі қазақ орфографиясындағы қиындықтар



бет3/4
Дата01.04.2023
өлшемі29,38 Kb.
#78278
1   2   3   4
Байланысты:
латын графикасы

І-саты. Соңғы буынында қысаң дауысты бар түбірге құрамында ашық дауысты бар қосымша жалғанғанда түбірдегі ы, іәріптерінің түсіріліп жазылуы. Мысалы, бүйір – бүйрек, дәуір – дәурен, ерін – ернеу, бауыр – баура, бауыр – баурай, жиын – жина, қорық – қорқа, қойын – қойнау, мойын – мойнақ, қайыр – қайрақ, күйіс – күйсе, айыр – айран, үрік – үркек, қиын – қина, жалық – жалқау, жайыл – жайлау, жайла, қайыр – қайрақ, қайра, қорық – қорқақ, қорқу, қорқыт, сарын – сарна, зорық – зорға, ойын – ойнақ, ойын – ойна, жұрын – жұрнақ, түйін – түйнек, сарық – сарқы, жалық – жалқау, жайыл – жайла, көрін – көрнеу, жерік – жеркен, көрік – көркем, сары – сарғай, орын – орна, уақыт – уақтылы, қырық – қырқыншы, айыр – айрықша, ресім – ресми, алты – алтау, жеті – жетеу. Бұл саты қазақ орфографиясында дау тудырмайды.
ІІ-саты соңғы буында қысаң дауыстылары бар түбірге тәуелдік жалғауының ІІІ жағын жалғағанда ы, іәріптерінің түсірілуімен байланысты: мойын – мойны, ауыз – аузы, дауыс – даусы, ерін – ерні, құлық – құлқы, бөрік – бөркі, көрік – көркі, мүлік – мүлкі, халық – халқы, ерік – еркі, қарын – қарны, сиық – сиқы, қайын – қайны, кеуіл – кеулі, қалып – қалпы, әліп – әлпі, ғұрып – ғұрпы, қырық – қырқы, әріп – әрпі, мұрын – мұрны, сұрық – сұрқы, шырық – шырқы, қайын – қайны, нарық – нарқы, парық– парқы, ырық – ырқы, тәйір – тәйрі, тәрік – тәркі. Бұл орфограммалар 1929ж. емле ережелерінде қабылданғанмен, 1988ж. Емле сөздігімізде ғана кодификацияланды. Біраққысаңдауыстылардыүнемдептаңбалаудыңосысатысындапроблемаболды.Ол Н.Уәлиұлының айтуы бойынша, ы, іқысаңдарын редукциялап жазғанда семантикалық қарсылыққа ұшырайтын мына сияқты сөздерге қатысты: ауыл – ауылы, көңіл – көңілі, бауыр – бауыры, жиын – жиыны, сайын – сайыны, жайын – жайыны, ақыл – ақылы. Сондықтан емле сөздігінің 2000ж. басылымы екі орфограмманы да норма ретінде ұсынды. Алайда ауылы, бауыры, көңілі, ақылы, жиынынұсқаларын заңдастырудың негізі бар деп білеміз.
ІII-сатыға біріккен сөз жігінде қатар келген екі дауыстының қысаң дауыстысын түсіріп жазу үрдісі алынады. Мысалы, 1988ж. емле сөздігінде саратан, сарауру, сарбалақ, сарбуын, сарбұға, саргідір, сарқұлақ, сарсолма, сарсу, сартабан, сартаңдақ, сартап, сартұқым, сарүйек, саршұнақ, өлара, алтатар, 2000ж. сөздікте ешкемер, алтаяқ, саптаяқ, сарағаш, сарөрік, келсап, кертартпа, жақсат(2000ж.) сөздері ы, і-сіз заңдастырыла бастады. Жалпы, бұрын қазақ емлесі морфологиялық принципке құрылған, ал морфологиялық принцип сөздің түбірін сақтап жазу деген ұғым біріккен сөздердің түбірін сақтап біріктіруді (кіріктіруді емес) заңдастырды. Алайда әсіресе екі түбір жігіндегі қос дауыстының (алааяқ)немесе қысаң мен ашық дауыстының (сарыала)біреуін, оның ішінде ашық дауыстыны ғана таңбалау (!) үрдісі көбейді. Осыны ескеріп, емле сөздіктері қысаң дауыстыны және екі ашық дауыстының біреуін түсіріп жазуды нормалай бастады. Бұл қазақ орфографиясының түбір, не түбір мен қосымша жігінде фонетикалық принципті ұстанатынынан шықты. Алайда біріккен сөздің жазба тұрпаты сөздің этимологиясынан ақпарат беріп тұруы шарт деп санаймыз. [сармай], [сарсазан], [сарсұу] деп айтылатын сөздердің сары түбіріне қатысын жазу ғана сақтап, тіл қойнауына апара алады. Сондықтан сарымай, сарысазан, жақсыат, келісапдеген орфограммалардың заңдастырылуы заңды болар еді дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет