Қазіргі қазақ орфографиясындағы қиындықтар



бет2/4
Дата01.04.2023
өлшемі29,38 Kb.
#78278
1   2   3   4
Байланысты:
латын графикасы

Біртіндеп таратсақ:
1) алғашқы латын графикасына негізделген жазуымыздың емле ережелерінде (1924, 1926, 1929жж.) және алғашқы емле сөздіктерінде (1941,1948ж.) сөйлеуші санасында бір ұғым болып табылатын сөздер бірге жазылады делінді: 1941ж. емле сөздігіатқора, ауажайылу, бейпілауыз, боссөз, ботатірсек, бұлшықет, белбайлау, қаракөк, қаракөлеңке, ашатұяқ, бақайқулық, бойұсыну, бөріойнақ, бұрнағыкүн, жіңішкеауру, кереқарыс, күретамыр, қаракөже, қасбатыр сияқты көптеген сөздерді, 1948ж. емле сөздігі алауыздық, алажаздай, алакөлеңке, алакөз, аласапыран, алатаң, алағоржын, алтатар, алқара, алқызыл, арампейіл, аржақ, асырасілтеу, асықжілік, атсалысу, атүсті, ашықауыз, аяқалыс, аяқасты, ақжүрек, ақжарқын, бассалу, басыбайлы, басыбүтін, беломыртқа, кішіжүз, кішіпейіл, неғылу, көкала сөздерін бірге жазды. Бірақ кейін 1940ж. орыс графикасына негізделген қазіргі жазуымыздың әліпбиі қабылданып, 1952ж. негізгі емле ережелері түзілгенде құрама сөздердің мағынасы емес, олардың екі түбірден тұратын тұрпатына, өзара анықтағыштық қатынастағы грамматикалық белгісіне баса назар аударылды. Және ең сорақысы орыс тіліндегі дәл сол сөздің аудармасы бөлек немесе бірге жазылуына байланысты (носовой платок – бет орамал), (железная дорога – темір жол), сондай-ақ тұрақты тіркестер бөлек жазылатын орыс тілі орфографиясына сәйкес, эмоциялық-экспрессивтік, көркемдеуші сипатынан қол үзген, лексикалық атау дәрежесіндегі фразеологизмдер ретінде бөлек жазылды. Кейін 1983ж. емле ережелеріне енгізіле бастаған түзетулер және 1988, 2000, 2006, 2007жж. орфографиялық сөздіктер енді сол, өткенге қайта оралу, жіберіп алған олқылықтарды толтыру бағытында жүріп келе жатыр.Мысалға бүгінгі көзі ашық, кағілез оқырман қазақ тіліндегі бірге жазылатын сөздердің мынадай формалды белгілерінің екшелгенін көрер еді -лық, -қыш, -ар, -қы, -ларұластыруыш жұрнақтары және хана,ара, аралық, басы, құмар, тану; хат,қап, гүл, бау, шөп, ақы, жай, жегі,тікен, жапырақ, тамыр құрастыруыш сыңарлар арқылы біріккен сөздер жалпы бірге жазылатын сөздердің алдыңғы қатарын құрайды.Казақ тіліндегі сөздердің бірігуіне көбіне тіркес соңындағы қосымшалар кедергі болады екен: алма ағашы, электр шамы, іс парағы, т.с.с. Белгілі ғалым Н.Уәлиұлы осындағы ы, і езуліктерін түсіріп, бір зат, термин атауы ретінде бірге жазуды ұсынады: электршам, іспарақ, алмаағаш. 1929ж. Қызылордада қабылданған емле ережесінде Т.Шонанұлының ұсынуымен, калька тәсілімен аударылған тіркестер тәуелдік жалғауынсыз жазылуы қабылданған еді.Ал 1934-1937ж. М.Кемал түрік тіліндегі мекеме аттарын тәуелдіктің ІІІ жақ жалғауынсыз қалыптастыруға күш жұмсаған екен: Тенизбанк, Ітібанк т.б. Біздіңше, атаулардың номинативтенуі үшін, тіл экономиясы үшін, ұғымдардың танымдық сипатын күшейту үшін буын санын азайтып жазу, изафеттің 2-типінің қолданысын шектеуде жазу қызметін пайдалану тиімді болмақ, яғни іс қағазы сөзін, мысалы, ісқағаз деп жазсақ, сөзді жинақылаймыз, екіншіден атауға ие болу процесін жеделдетеміз.Кезінде 1929ж. Қызылордадағы емле конференциясына қатысушылар “тілді тұтынушылар санасында біртұтас ұғым болып танылатын, екі сөзден тұратын, аралық қосымшасыз” сөздербірігіп жазылады деген ереже шығарған. Бұл принцип 1929ж. емле ережесінде де, 1940ж. орыс графикасымен бірге түзілген емле ережесінің жобасында да, 1941ж. орфография сөздігінде де, 1948ж. М.Балақаев құрастырған сөздікте де ұсталынды. Алайда сол сөздердің орыс тілінде бөлек жазылатын емлесінен (народное хозяйство - халық шаруашылығы, т.с.с.), орыс орфографиясында фразеологиялық тіркестердің бөлек таңбаланатындығынан, қазақ тіліндегі идиомалық атаулар мен лексикалық атаулардың арақатынасы сөзайналым процесі тұрғысынан дұрыс пайымдалмағандықтан бөлек таңбаланатын сөз қатары көбейді. Бұл мәселені одан әрі ұшықтырды. Сондықтан емле ережемізге енгізілген түзетулер, емле сөздігіне енген өзгерістер, негізінен, бірге жазылатын сөздердің емлесін толықтыруға бағытталды, бір зат пен ұғым атауы болатын, қатар тұрып жұрнақтармен түрленетін тұрақты тіркестер соңғы 2007ж. сөздікте бірге жазылды: ақкөңіл, ақкөңілді, ақкөңілділік, ақкөңілдену, ақниет, ақниетті, ақниеттену, ақниеттілік, ержүрек, ержүректену, ақжағалдану, ақжарқындылық,ақжүректену, ақжүректену, ақжүректік, ақниетті,ақниеттену, ақниеттілік, ақпақұлақтану, ақпейілді, ақпейлділік,ақпейілдену,алакөңілдену, алакөңілдік, алақолдық, алаяқтық, атқамінерлік, атсалысушылық,атүстілік, ашкөздену, ашкөздік, ашықауыздық, ашықауыздану, басбұзарлық, баскесерлік, бассауғалау, бозөкпелік, бойұрушылық, боркеміктену, босбелбеулік, боссөзділік, бұлаңқұйрықтану, шаласауыттылық, бірбеткейлік, бірмінезділік, бірсөзділік, дүниеқоңыздану, дүниеқоңыздық т.б.
2) Қазіргі қазақ емлесінің бір алуан қиындығын ә әрпінің екінші буында жазылуы құрайды. Мысалы, ділда-ділдә, күстана-күстәна, ділмар-ділмәр, тілмаш-тілмәш, тәкаппар-тәкәппар, кінарат-кінәрат, мүбарак-мүбәрәк, нәпақа-нәпәқа, мүшайра-мүшәйра, мінажат-мінәжат, көгершін-көгаршын, әмәнда-әманда, дүбәра-дүбара (дүбәралық), дүдәмал (дүдәмалдану, дүдәмалданбау, дүдәмалданған, дүдәмалды, дүдәмалдылық)-дүдамал, жүдә-жүда, жүмлә-жүмла, күләпара-күлапара, күмәжнік-күмажнік, күмән (күмәні, күмәндану, күмәнданбау, күмәнданған, күмәнді, күмәнділік, күмәнсіз, күмәншіл) - күман, күнә-күна, кәмшат-кәмшәт, кәусар-кәусәр, кінә-кіна,мәмпәси-мәмпаси, мәрмәр-мәрмар, нәмәрт-нәмарт, піллә-пілла, шүбә-шүба, іңгә-іңга, бәдәуи-бәдауи, кәртеміс-қартамыс, ажуа-әжуә, азар-әзер, баз-бәз, аппақ-әппақ, лазым-ләзім, қане-кәне, қазір-кәзір, тауба-тәуба, жәрәкімалла-жаракімалла, уәләят-уалаят, күлмән-күлман, күстәна-күстана, мүкәммал-мүкаммал, пәруай-пәруәй, пәруана-пәруәна, пәтуа-пәтуә, тәурат-тәурәт т.б.сөздері бірде а, бірде ә әрпімен жазылады, сондықтан қазақ емлесі бұларды босаң норма санайды. Соңғы буында ә әрпі жазылмайтыны туралы ереже алғашқы емле конференциясында (1924) кірме сөздерді не а, не е әрпі арқылы игеру керек деген ұстанымнан басталған еді (не адабиат, не әдебиет). Проф. Қ.Жұбанов а/әдыбыстарының дүдәмалдығын анықтау алғаш қосымша жалғау әдісімен тексеруді ұсынды: “Көпбуындытүбірдіңсоңғыбуынындағыдауыстыдыбыстыңа-әекенідүдамалболса, немеседүдамалболмай-ақ, анықәдыбысыболсада, қосымшажуантүбіргежалғанғандағыдайжуанайтыладыда, амене,қменк, ғменгбіркелетінқосымшалардаа, қ, ғжазылады. Оңайлықүшінондайтүбірдіңсоңғыбуынынадаәжазылмай, ажазылады: кітапқа (кітәпкеемес)” (Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жайында зерттеулер. А., 1966.)
Сөйтіп, осы негізге орай қазақ орфографиясының алғашқы (1941ж, 1948ж.) емле сөздіктері бірінші буынның әсерінен екінші буында дүдәмал естілетін сөздерді аәрпімен таңбалады: когаршын, кіна, күман, шүба, іңга, күна. Ал 1963 жылдан бастап бұл сөздерге “тыныштық” болмады. Емле сөздігінің академиялық басылымы күмән, куә, күнә, кінә, іңкәр, шүбәсөздерін ә әрпімен таңбалап, қосымшаларды жуан жалғады. Осы қатардан айырмасы жоқ ділда, ділмар, ләззат, күстана, пәтуа, рәсуа, мінажат, дүбара, дүдамал сөздерін аәрпімен заңдастырды. Тек 1988ж. ІІІ басылым дүбәра, дүдәмал, күләпарасөздерінің екінші буынына ә“түсірді”. Керісінше, алдыңғы екі басылымында жоқ мүшәйра, әмандасөздерін екі түрлі заңдастырды. Мүшәйра алдыңғы қатармен жіңішкеру бағытында тұрса, әмандасөзі тілдегі аман түбірімен тексеріліп, жуан нұсқасымен жазылатын болды. Сөйтіп, бір позицияда тұрып, күстана, дүбара, мүбарак, мүбада, мүттайым, мінажат, күшала, нәпақа, кінәрат, мүшайра, дүдамал, әмәнда, пірәдар, пітуана, күлапара сөздері әртүрлі таңбаланды.Сөйтіп, 1963ж. емле сөздігінен бері жазылуы күмән, күмәнды, күмәнсыз, кінәға, кінәсы, кінәмшыл, кінәсыз, шүбәлы, шүбәсыз деп ұсынылып келсе де, бұлардың күнделікті жазу тәжірибесінде күмәні, күмәнді, кінәсі, кінәшіл, шүбәсіз т.с.с. деп жазылуы қатеге саналмайтын болды. Кейінжазупрактикасыменсөздік арасындақайшылықтуғансоң, алдыңғысыескеріліп, емле сөздігініңкейінгібасылымдарыә-менқалыптандырылабастады. 2001ж. сөздіктекбарысжалғауынғанажуанвариантта, басқақосымшалардыжіңішкеформадажалғаудыұсынды.Бұл ереже осы қиындықтардан шығудың теориялық таянышын іздеген Н.Уәлиұлының негіздемесіне сүйенді: “Тегінде, жазудағы бірізділік үшін екі түрлі варианттың біріне тоқталған дұрыс. Бұл сөздерді дегенмен шәй, жәй, жәйлау, күнә, шүбә, күмән деп бірізді жазып, қосымшаларды жуан вариантта жалғау орынды да деп ойлаймыз. Жуан варианттағы қосымшалар өзінің негізгі грамматикалық қызметімен қатар, түбір морфемадағы фонеманың <а> екендігін көрсететін белгі /сигнал/ ретінде графикалық қосымша қызмет атқарады деп қарауға болады» (Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. А., 1988.).Бүгінде жазу практикасы мен нормасы арасындағы қайшылықтан арылу үшін 2005-те орфографиялық сөздік атанған сөздерге тек барыс септігі мен көптік жалғауын жуан вариантта, қалған жалғауларды жіңішке вариантта жалғауда заңдастырды.Екінші буында [ә] естілетін түбірлер /ә/ - әрпімен жазылып, барыс, шығыс, көптік жалғауларынан және етістік тудыратын жұрнақтан (лан) басқа қосымшалар жіңішке жалғанатын болды. Яғни 2000 жылға дейін әртүрлі жазылып келген осы қиындық орфографиясының фонетикалық принципіне сай дыбысталуынша жазылады, яғни [күмәндәніп], [кінәләрің], [күуәләндіру] деп айтылатын сөздердің үшінші, соңғы буында /ә/ әрпімен жазылмайтынын қазіргі кез келген тілтұтынушы біледі: куәлік, куәлі, куәсіз, куәсі, бірақ куәсіна, куәландыру, куәға, куәлар, куәдан; күмәнді, күмәнсіз, күмәнділік, күмәні,бірақ күмәндану, күмәнға, күмәндар, күмәніна, күмәннан; кінәлі, кінәсіз, кінәсі, бірақ кінәға, кінәлар, кінәсіна, кінәсінан, кінәдан, кінәлану, шүбәлік, шүбәлілік, шүбәсіз, шүбәсі, бірақ шүбәлану, шүбәға, шүбәсіна, шүбәлар, шүбәдан.
3) Үндесім заңы. Қазақ жазуына құбыжық ретінде қарайтындардың енді бір уәжі – қазір, кітап, мектеп, қате, қадір, қайтіп, қайтсе, күнәкар, кінәрат, бірақ, қызмет, құдірет, құзірет, қабілет сөздерінің үндесім заңына бағынбай жазылатыны, сөйтіп, қазақ тілінің сөз сазын өзінің жазуы бұзып келе жатқаны. Ата буын өкілдері біледі: аталған сөздердің осы тұрпатта жазылуы орыс жазуына көшкенде емес, 1929ж. латын жазуы тұсында белгіленді. Латын жазуы алдыңғы қазақ жазуларына (көне түркі, араб, төте жазу) қарағанда «өте» дыбыстық жазу болды. 1924ж. Орынборда өткен конференцияда қазақ емлесінің негізі үндестік заңынан шығарылды. Жазу сөздің үндесім нормасына жақын жазылатыны белгіленді. Бірақ, бір таңқаларлығы, ереженің 1-бабының 1-ескертуінде-ақ «нікі жұрнағы бар сөздерде, парсы тілінен басқа тілден енген кірме сөздерде үндестік сақталынбайды» және «үндестік заңына бағынбайтын сөздер айтылуы бойынша жазылады (бірақ, кітап)» делінді (Қазақ білімпаздарының тұңғыш сійезі, Орынбор, 1925.). Таңғаларлығы деп отырғанымыз, үндесіммен айтылмаған сөздер ендеше, осылай орта үндесім болып дыбысталғаны ғой. Яғни айтылуда бұл сөздер бейүндес емес: [қ'а'дір], [кіт'а'п], [қ'а'те], [м'үғ'әлім], [қ'а'зір], [б'ір'әқ'], [қ'ізмет], [қ'а'б'лет], бірыңғай жіңішке немесе бірыңғай жуан емес, тіл ортасы қалпын сақтап айтылады.Түркі халықтарының ішінде тілдің ата заңын қағазға бекіткен жалғыз қазақ халқы десек, осы қатарды да бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке жазуға болатын еді. Бірақ олай болмаған. Ендеше алғашқы ережені қазақ тілінің үндестік заңын бұзған ереже емес, жуан үндесім мен жіңішке үндесім арасында аралық үндесім бар екенін жазу арқылы заңдастырған ереже деп танимыз.Мәселе мынада. Сөз жеке тұрып болмаса түбір қалпында ғана жұмсалмайды. Ал сөздің түбір тұрпатын грамматикалық тұлғалары анықтайды. Мысалыға қадір, кітап, қате, мұғалім сөздері қадырлану, қадырлары өту, қадырына жету болмаса, кәдірлену, кәдірлері өту, кәдіріне жету; қытаптар, қытапқа, қытабы болмаса, кітәптер, кітәпке, кітәбі; қатасы көп, қаталасты болмаса, кәтесі көп, кәтелесті; мұғалымға, мұғалымдар, мұғалымы немесе мүгәлімге, мүгәлімдер, мүгәлімі болып айтылмайды, я жергілікті сөйлеу ерекшеліктерінде кездеседі.1929ж. емле ережесі қазақ жазуы тіліміздің басты заңдылығы – үндесім заңына табан тірейтінін, оны қазіргі ережедегідей сөздің соңғы буынына ғана қатысты емес, сөздің бүкіл өнбойына (түбір, қосымша) қатысты алатынында жатыр.
4) Сол сияқты ы,і әріптерінің сөз мағынасына, дыбысталуына әсер етпесе, түсіріліп таңбалануы да жазу тарихымыздың алғашқы кезеңдерінде негізделген, кейін қабылданбаған емле тұстары деп ойлаймыз.
Мысалға қорытынды, тағылым, құрылыс, ауыру, қазына, лағынет, нақұрыс, хазірет, қатынас, қазына, меңіреу, саңырау, саңылау, самұрық, жауырын, қайырыл, мәжіліс, ғылыми, жапырақ, шаңырақ, мәлімет, қабылан, жұмырық, үңірей, мейірім, құдірет, айырым, қабілет, абырой, төңірек, қайырым, қоңырау, тағылым, сұмырай, мәміле, құбылыс, тақырып сияқты сөздер бүгінгі жазарман үшін ы әрпімен жазамыз ба әлде, ы әрпін түсіріп жазамыз ба деген қиындық тудырады.А.Байтұрсынұлы арабжазуыныңдәстүрінесайы, іәріптерін сөз мағынасына әсер етпесе, түсіріп жазуды ұсынды. Аталған мәселеге Қ.Жұбановтың ойы да А.Байтұрсынұлымен үндес болды. Алайда 1929ж. емлеконференциясындаЕ.ОмаровпенҚ.Кемеңгерұлыы, ұәріптерінбарлықпозияциядатаңбалаудыдұрысдептапты.Бірақ 1940ж. орыс графикасымен бірге қабылдаған орфография ережелері “ы әрпі орыстың толық дауысты “ы” - сы есебінде және қазақтың қысаң “ь” - сы есебінде де қолданылады. Мысалы: былтыр, қалық, орын, арық, рынок, рычаг.Ескерту: “ы” әріптері дүдәмәл естілгенде я буын араларында алып тастағанда, сөз мағынасы бұзылмайтын болса, жазылмайды. Мысалы: Смағұл (Ысмағұл емес), рет (ірет емес), Ахмет (Ахымет емес), мағна (мағына емес), жұрт (жұрыт емес), жалт-жұлт (жалыт-жұлыт емес) т.б.” дегенемлеқабылдады. Сөйтіп, қатардағытілтұтынушы үшінқысаңезуліктердіңмағына ажыратусипатынтануқиындықтудырды. Сөйтіп, орфографиядағыала-құлалықбасталды.
Алайдақысаңдауыстылардыңбарлықбуындатаңбалануемлесінежұртшылықбірдейкелісеқойғанжоқ. Мысалы, Қ.Аманжолов “Қазақжазуережеміздеерекшекөзгетүсіпжүргенкемшіліктеры, іәріптерініңтаңбасын өтекөпқолданыпжатқандығымыз. Әліппе – миллионқұралы. Солмиллиондардыңішінен “Япырай, осыы, іәрпіназыраққолдансаққайтедіекен” дегенді үнеміестуімізтегінемес. Шынындада, жыйылысымыздыдегенсөздің өзіндеалты ы бар. Ы, і-нінеғұрлымазжазуғатырысушылықтыекініңбірініңжазуынанкөругеболады. Айталық: Дауылбай – Даулбай, Нұрпейіс – Нұрпейс, жиын, қиын… Шырақдеудіңорнынашрақдепжазсаққателесеқоймаймыз” деді. Бірақпроф. М.Балақаевбұлқиындықтышешу үшін “ы, ідыбысыестілгенжердіңбәріндежазылады” дегенереже ұсынады.Сонымен, ол – ы, і әріптерінің емлесіне қатысты бір-біріне қарама-қарсы екі бағыттыкөреміз. Бір бағыт жазуды нормалаудың алғашқы сатысында ы, і-лерді мүмкіндігінше қысқартып жазады және кейінгі кезеңдерде де, қысқартып жазуды негізгі мақсат етеді (мысалы, тәуелдік жалғауын қосқанда түбірдің соңғы буынындағы қысаңдарды халық-халқы, көрік-көркі немесе біріккенсөз жігіндегі екі дауыстының қысаңдарын түсіріп жазуды алыңыз: өлі ара – өлара, алтыатар – алтатар(Қазақтілініңорфографиялықсөздігі, 1988), ешкіемер – ешкемер, алтыаяқ – алтаяқ, саптыаяқ – саптаяқ, сарыағаш – сарағаш, сарыөрік – сарөрік(Қазақтілініңорфографиялықсөздігі, 2000ж.).
Екінші бағыт селбеспе (дәнекер, қыстырынды) дыбыс ретінде 2-3 дауыссыз дыбыс қатар келмейді, түбір мен қосымшаның (фондыға, киоскіге), сөз, буын аяғы б, д, ғ, гұяңдарына аяқталмайды деп тағылым, абырой, әділет, әбілет, жағылан, жебірейіл, жұдырық, қабылан сөздерінде ы, і әріптерін пайдалануды ұсынады. Сөйтіп, осындайбағыттардың үрдісінен ы, іәріптерін қысқартып жазудың мынадай сатылары болды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет