Қазіргі қазақ орфографиясындағы қиындықтар



бет4/4
Дата01.04.2023
өлшемі29,38 Kb.
#78278
1   2   3   4
ІV-саты. /ы/ - әрпінүнемдеп жазудың келесі сатысы бітеу буын аралығында келген қысаңдарға байланысты: Мысалы: қызмет, сахна, сіңлі, ресми, рақмет, құрмет, емле, мемлекет, ауру, бағлан, тарлан, жарлық, жирен, зәулім, қайрылу, құрлық, лоблу, мақлұқат, мақрұм, мәкрүк, мәслихат, саңдақ, тәурат, емеурін, саңлақ, медресе, бұйрық, құрлық, мағлұм, мағлұмат, айрық, айрықша, даурық, қайрақ, сәурік, самаурын, қайны, салбурын, наурыз, бурыл, тегеурін, мойнақ, мейлінше, арлан, ғибрат, ғұрлы. Сонда фонемалық (ақпараттық) мәні жоқ, таңбаланбауы мазмұнға нұқсан келтірмейтін әріптерді түсіріп жазу болашақ жазу бағыттары үшін негізгі үрдіс болу керек дейміз. Енді қысаңдар түсірілмей жазылатын жоғарыдағыдан айырмашылығы жоқ мына сөздерге назар аударайық:сүмірей, кекірік, құбыла, топырақ, айырыл, жымырай, әзірейіл, бекіре, қазымыр, аңызақ, еңіре, ақырет, қымыран, мағына, дәрігер, қорытынды, әділет, бекіре, ақырын, атырап, әбілет, емірен, жағылан, жамыра, жебірейіл, жұдырық, запыран, кекілік, көкірек, қойылым, қаңыра, қапырық, құмыра, тоқыра, мекіре, құбыла, мәжіліс, тоқырауын, құбылыс, шақырым, ықылым, ыңыран, ысырап, ібіліс, оқыра, омырау, саңылау, тәжірибе, текірек, шатыраш, шежіре, шүңірей, ықылас, ықылық, ғылыми, бүкірей, иірім, ерітінді, басылым, көрініс, жұмырық, сауырын, жайылым.
Қазақ тілінде тірек дауыссыз ретінде дауыссыздардың жуан езулік үндесім варианты алынатынын еске алсақ (бы, ғы, ды, жы, зы) және сондай шепте түсіріп жазылу қазақ жазуында бар үлгі болғандықтан, 3 буыннан артық ашық буынмен келетін, екінші буындағы дауыссыз бен үнді арасындағы ы, і езуліктері таңбаланатын сөздерді ықшамдап, ы, і әріптерінің дәнекерінсіз, бітеу буынмен таңбалауға болады деп ойлаймыз: тағлым, мейрім, қайрым, аброй, ажрасу айрылу, ақрет, атрап, атрау, ауру, базна, баслым, қаблан, қаблет, қағлез, қазмыр, қазна, жаурын, қапрық, қасрет, қатнас, қортынды, қослыс т.б.Әрине, бұл – ойда жүрген, ойласуға шақырған пікірлер. Сөз соңында жоғарыда аталған емле қиындықтарына тап болған тұста Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің Арыс баспасы, 2007ж. басылымын басшылыққа алуды ескертеміз. Және емлеміздің басқа мәселелерін де бұдан былай баспасөз бетінде көтеріп отыратынымызды естеріңізге саламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет