Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет5/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Салғастырмалы фонетика тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі басқа тілдермен салыстыра
зерттейді. Ол тілдердің дыбыс жүйесін олардың туыстығына, өмір сүрген уақытына, территориялық орналасуына
байланыс-сыз зерттеп, олардың бәріне тән және фонетикалық ерекше заң-дылықтарын айқындауды мақсат тұтады.
Салғастырмалы фоне-тиканың міндеті – салғастырылатын тілдерде тілдік құралдарды пайдалануда қатысты кездесетін
дыбыс жүйесіндегі ұқсастықты, айырмашылықты айқындап, типологиялық тұрғыдан түсіндіру. Салғастырмалы
фонетиканың қалыптасуы Ф.Шлегель, В.Гумбольд, Э.Сепир, Е.Д.Поливанов, Л.В.Шерба, т. есімдері-мен тығыз байланысты.


Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф,
осциллограф, палатограф, рентгенограф т.б.) кө-мегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырым-дар
жасайды. Фонетикада эксперимент әдістері кеңінен қолда-нылуымен байланысты дыбыстың жасалымын көрсету үшін
рентген қондырғысы мен палатограф пайдаланылса, дыбыстың айтылымын айқындау мақсатында спектограф пен
интонограф қолданылады. Бүгінде мұндай электронды құрал-жабдықтардың көмегімен дыбыс үлгілерінің дәл және көрнекі
модельдерін жа-сауға мүмкіндік туып отыр. Мысалы. 
1а сурет А дауысты дыбысының 1ә сурет. Ә дауысты дыбысының
сызба моделі сызба моделі


Физиологиялық фонетика немесе антрофоника (грек. antropos – адам, phone - дыбыс) тілдегі дыбыстардың артикуля-
циялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді. Мұнымен байла-нысты тіл білімінде антрофоникалық топтастыру жүзеге асады.
Ол бойынша тіл дыбыстарының физиологиялық қасиеттеріне негізделіп жасалған дауысты дыбыстар топтастырылады.

Фонология (грек. phone – дыбыс, logos – сөз, ілім дегенді білдіреді) немесе функционалдық фонетика - тілдегі дыбыс
құбылыстары мен ондағы дыбыстардың қызметін фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала. Фонологияның дыбыстардың
жасалы-мы мен естілімін зерттейтін фонетиканың басты айырмашылы-ғы осы аталған жайтпен байланысты. Ол
дыбыстардың бір сөз-дің бір сөзден өзгешелігін салыстыру арқылы дыбыстық құбы-лыстарды зерттейді. Мысалы, тас-таз
сөздерінің екі түрлі ма-ғынаға ие болатындығы с дыбысының қатаң, ал з дыбысының ұяң айтылуымен байланысты
түсіндіріледі. Сондай-ақ тас-тақ сөздеріндегі мағыналық айырмашылық с дыбысының тіл алды, ал қ дыбысының тіл арты
болып айтылуына байланысты қарас-тырылады. Енді ас-ат сөздерінің екі мағынаға ие болыр тұрған жағдайын с
дыбысының жуысыңқы, т тоғысыңқы болып айтылуымен түсіндіруге болады. Қазақ тілінің дыбыстық құры-лысында
кездесетін мұндай фонологиялық тіркесім (позиция-лық) белгілердің құрамын ғалым Ә.Жүнісбек былай түсіндіреді: «жуан-
жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік, қатаң-ұяң-үнді, жа-бысыңқы-жуысыңқы-діріл». Кей жағдайда фонология мен фо-
нетиканың терминдері әр түрлі түсіндіріліп жүр. Атап айтқанда, фонологиядағы жуан-жіңішке терминдерін фонетикада тіл
арты-тіл алды деп қарастырады. Терминдердің бұлай түрліше аталуы-ның өзінде де ғылыми мән жатқандығын жоққа
шығаруға бол-майды. Сол сияқты фонология дыбыстардың сөз құрау, яғни сөздің қазақы естілуін қамтамасыз ету белгісі
мен сөйлеу кезін-де бір сөз бен бір сөздің жігін ажыратып отыру қабілетін айқын-дайтын шекара белгісінің болуына да
көңіл бөледі.
Бұл айтылғандардың бәрін сегментті фонологияның зерт-теу нысанына жатқызуға болады. Бұдан басқа




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет