Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет14/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс деген не?
11



2. Әріп деген не?


3. Фонема деген не?
4. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
5. Архифонема деген не?
6. Аллофон деген не?

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі дәстүрлі түрде дауыстылар және дауыссыздар деп бөлінетіндігі белгілі. Дыбыстарды
дауыс-тылар және дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, бұлайша топтастыруға негіз
болатын бел-гілер әлі де болса жете айқындалмай келеді. Себебі дүние жүзі ғалымдары ортасында жалпыға бірдей ортақ
көзқарас жоқ. Әр түрлі тілдердегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастыруға негіз болатын ортақ белгі
ретінде, әдетте, олардың буын құрау қызметі аталады. Буын құрау тұрғысынан алып қа-рағанда, дауыстылар буын жасай
алатын негізгі ұйытқы, басты тұлға ретінде көрінсе, ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын, дауыстылардың
жетегіндегі көмекші бірлік ретінде ғана қарастырылады. Топтастырудың келесі белгісі дыбыстар-дың артикуляциялық-
физиологиялық белгілерімен байланысты. Акустикалық тұрғыдан қарасақ, дауыстылар мен дауыссыздар-ды ажырату үн мен
салдырдың қатысына негізделеді екен. Се-бебі дауыстыларда үн, ал дауыссыздарда салдыр басым келеді. Бұл жерде кейбір
дауыстылар құрамында да салдыр элементтері кездесіп қалуы мүмкін, сондай-ақ сонор дыбыстарды дауысты-лар не
дауыссыздар қатарына қосу да күрделі мәселелердің қата-рына жатады. Акустикалық тұрғыдан алып қарасақ, сонор р, л
дыбыстарын дауыстылар емес, дауыссыздар қатарына жатқызу-ға қатысты күмән тудырушы пікірлер де кездесіп қалады.
Оның басты себебі – сонор дыбыстарда салдырға қарағанда үннің ба-сым келуіне қатысты. Бірақ та бұл жерде сонор
дыбыстардың тілдердің басым көпшілігінде буын құрай алмауын басты кри-терий ретінде ұстанған дұрыс сияқты.
Физиологиялық (артикуляциялық) тұрғыдан алып қара-ғанда, дауыстыларды айту кезінде сөйлеп тұрған кезде
шыққан фонациялық ауаның төменде аталған қасиеттеріне көңіл бөлген дұрыс сияқты:
– кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығады;
– дыбыстау мүшелеріне күш түспейді;
– фонациялық ауа баяу, лепсіз шығады.
Ал дауыссыздардың артикуляциясы бұған қарама-қарсы сипатта жүзеге асады:
– фонациялық ауа кедергіге ұшырап, тосқауылмен айты-лады;
– тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі;
– фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек болады.
Дауысты дыбыстар жүйесін тіл білімінде вокализм деп, ал дауыссыз дыбыстар жүйесін консонантизм деп атайды.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық-физиологиялық белгісін ажыратудың жалпыға ортақ белгісін
алғаш рет И.А.Бодуэн де Куртенэ айқындап берген болатын. Қазіргі қазақ тілі фонетикасын зерттеуші ғалымдар да осы
пікір-ді құптайды. Сонымен дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық-физиологиялық сипатын ажыратуда
ұстанатын негізгі белгі мынадай екен: дауыссыз дыбыстың жасалуы кезін-де қысым сөйлеу аппаратының бір ғана мүшесіне
түседі. Ал дауысты дыбысты жасау кезінде қысым бір мүшеге ғана емес, бүкіл дыбыстау аппаратына жайылып, жалпылама
сипатқа ие болады. өйткені дауыссыздар локальды немесе бір мүшелі арти-куляциямен сипатталса, дауысты дыбыстарға
локальды емес артикуляция тән. Дауыстылар мен дауыссыздарды ажыратуда ұстанатын басты белгі осы болмақ.
Сөздің өзіне тән айтылымы бар да, жазылымы бар. Тілдің фонетикалық құрылысын дұрыс меңгеру үшін алдымен қазақ
тілінің дыбыс құрамын анықтаудың тарихи желісінің негізгі сәттерін тізіп көрсетейік: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет