Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет52/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
ГЛОССАРИЙ

Абруптив (глоттальды дауыссыз) – артикуляцияның соңғы кезеңінде дауыс шымылдықтарының жақындауынан немесе
қосылуынан пайда болатын дауыссыз дыбыстар


Акустика (грек. аkustikos - есту) – дыбыстау мүшелері арқылы дыбыстың пайда болуын зерттейтін ілім.

Аллофон – фонеманың варианты, қосымша типі.

Алмасу (лат. аlternation ) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың
әсерінен басқа бір дыбысқа өзгеруі.


Анаптикса - екі дауыссыз дыбыстың арасында тұрған дауысты-ның жеңіл түрде айтылуы.

Артикуляция (лат.articulatio – бөлшектеу) – дыбыстау мүшеле-рінің дыбыс жасау барысындағы қызметі.

Ассибиляция – шұғыл (эксплозив) дауыссыздардың ызың да-уыссыздармен байланысы.

Ассимиляция (лат. аssimillatio - үндесу) – дыбыстардың комби-наторлық өзгеруі.

Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.

Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияға қарама-
қарсы құбылыс.


Апокопа - кірме сөз соңында біздің тіліміздің заңдылығына сәйкес келмейтін екі дауыссыз дыбыстың тіркесі кезінде, оның
соңғысының түсіп қалуы 


Аффрикат дыбыстар - актив және пассив дыбыстау мүшелері-нің толық ашылмауына байланысты пайда болатын
саңылаулық дауыссыз дыбыстар


Ашық буын - жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.

Ашық буын - жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.

Аккомодация (лат. accomadatіo - бейімделу) - морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-
біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.


Архифонема фонеманың негізгі типі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет