Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет50/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
І. Әріптердің емлесі (дауысты дыбыс әріптері мен дауыс-сыз дыбыс әріптері, ь, ъ белгілерінің қолданылуы жайында
ере-желер кіреді);


П. Түбір сөздердің жазылуы (жеке сөздер мен сөз тіркес-терінің жазылуы жайында ережелер түзілген);

Ш. Бөлек жазылатын сөздер (күрделі атаулар, фразалық тіркестердің жазылуына қатысты ережелер енген);

ІҮ. Бірге жазылатын сөздер (біріккен сөздерге қатысты ережелер қамтылған);

Ү. Қос сөздердің жазылуы (қос сөздердің дефис (-) арқы-лы жазылуына қатысты ережелер кірген);

ҮІ. Қосымшалардың жазылуы (түбірге жалғанатын қосымшалардың жазылу емлесі түзілген);

ҮП. Шылау сөздердің жазылуы (шылаулардың бөлек және бірігіп жазылу жағдайлары көрсетілген);

ҮШ. Бас әріптің қолданылуы (жалқы есімдер, күрделі есімдер, қысқарған сөздердің бас әріппен жазылу жағдайы
қамтылған);


ІХ. Сөздердің тасымалдануы (сөздердің тасымалдануына қатысты мәселелер қамтылған).
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында «Қазақ тілі ор-фографиясының негізгі ережелері» жарияланған күннен
бастап оларды жазу практикасында қолдануды басшылыққа алу үкімет қаулысымен міндеттелген.
Бақылау сұрақтары:
1. Ереже дегеніміз не? 
2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің бірінші басылы-мы қай жылы жарық көрді?
3. Бас әріпті қандай жағдайда пайдаланамыз?
4. «Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелері» қашан бе-кітілді?
5. Тілдік норма дегеніміз не?
6. Дефис дегеніміз не?

Орфоэпия
Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ереже-лері орфоэпия (орфос - гректің дұрыс, түзу және эпос - сөйлеу,
сөз дегендерінен алынған) деп аталады.
Орфоэпия ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы болып табылады.
Әдетте, сөздің бірізді дыбысталуы ауызба-ауыз тілдесуді жеңіл-детуге ықпалын тигізеді. Орфоэпия деген ұғымға тілдің
фонети-калық жүйесіндегі фонемалардың, сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ суперсегменттік бірліктердің
(сөз үн-дестігі, сөз үйлестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар, т.б.) дыбысталуын қамтиды.
43



Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп, әдеби тілдің көрсеткіші


дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма – белгілі бір жүйе, заңдылыққа негіз-делген бірізділік. Сонда әдеби тіл
дәрежесіне жеткен тілдегі сөздер-дің атылуында болсын, жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай
нормалар болады деген сөз. Нормалар неғұр-лым бірізді, қалыптасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым же-тіліп,
кемелдене түсері сөзсіз. Ауызша әдеби тілге қойылатын бас-ты талаптардың бірі сөйлеу кезінде сөздерді дұрыс дыбыстап,
дұ-рыс айту болып табылады. Тілдің ауызша формасын ғылыми тұр-ғыдан нормалауды орфоэпия қалыптастырады, ал ол
нормаларды ғылымда орфоэпиялық нормалар деп атайды.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің өзіне тән ғасырлар бойы қа-лыптасқан дәстүрлі нормалары бар. Әдеби тілдің
орфоэпиялық нормасы, біріншіден, жергілікті ерекшелікке қарама-қарсы қо-йылады. Салыстырыңыз: жергілікті
ерекшеліктерде – жылқы-дар, балдар, маңлай, чач, чыбық, бопа, т.б., әдеби тілде – жыл-қылар, балалар, маңдай, шаш,


шыбық, бөпе, т.б.. Екіншіден, әдеби тілдің нормасы бейәдеби қарапайым сөйлеу тіліне тән дыбыстық элемент-терге қарама-
қарсы қойылады. Салыстырыңыз: бейәдеби қарапа-йым сөйлеу тілінде – берсей, баратып, бошы, т.б., әдеби тілде –


берсеңші, бара жатып, болшы, т.б.. үшіншіден, әдеби тілдің орфо-эпиялық нормасы ескі қазақ жазба тілінің дыбыстық
элементтеріне қарама-қарсы қойылады: нәсәп айласа, жәмиғат, хұрметтлу, ұшбу, халал, т.б.. Төртіншіден, әдеби тілдің
орфоэпиялық нормасы жазба тілдің емлесінде көрсетілген нормаға қарама-қарсы қойы-лады: [жұмұшшұ]- жұмысшы,

[шэгара] - шекара, [кәсі'бодақ] – кәсіподақ, [қашша]-қазша, т.б. 

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерек-ше орын алатындығы белгілі. Кейбір зерттеулерде сөздің


бірыңғай жуан немесе жіңішке, бірыңғай езулік не еріндік болып айтылуы-ның фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі.
Мысалы: ен-сен-өн, іс-үс,т.б. сөздер бір-бірінен дискретті бірліктер, яғни жеке фонема-лар арқылы ғана емес, сөздің
бірыңғай жуан немесе жіңішкелігі, я болмаса бірыңғай езулік не еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сон-дықтан дыбыс
үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормалары-ның бірі болып табылады.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір-бірімен үйле-сіп, ассимиляция арқылы айтылуының да орфоэпиялық
норма үшін ерекше мәні бар: жұмысшы [жұмышшы], сөзсіз [сөссіз], көк бояу [көк пояу].
Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты болғандықтан, жалпыхалықтық тілде кездесетін
«л»-«д» дыбыстық нұсқаларының маңдай//маңлай, жылқылар// жылқыдар болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының
қалыптасуымен байланысты.
Қоғамдық өмірде шаршысөз түрлерінің пайда болып, әлеу-меттік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып,
ұлт-тық сипатқа ие болуын жеңілдете түсті. Сөздердің бірізді айты-луы тілдік қатынасты жеңілдетеді. Сондай-ақ кейбір
сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі. Сөздерді жазылуынша айту әсіресе жастар тілінде
үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тілі-міздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға
болады.
Қазақ орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі – профессор М.Балақаев. Ға-
лымның пікірінше, сөздердің айтылу нормасы және сол нор-маны сақтап сөйлеу мәселесі үнемі ескеріліп отырылуға тиісті.
Ал М.Дүйсебаева «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» атты еңбегінде дұрыс сөйлеудің нормасы
тіліміз-дегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының
айтылуында-ғы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Автор қазақ әдеби тілі-нің сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер
еткен негізгі жағ-дайлар ретінде мыналарды атап көрсетеді:
- халықтың дәстүрлі сөйлеу тілі, 
- белгілі бір мәдени орталық,
- баспа орындары мен мәдени мекемелер, 
- жазба әдеби тіл мен көркем әдебиет.
Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге болар-
лық еңбек – Р.Сыздықтың «Сөз сазы». 1983 жылы жарық көрген бұл кітапшада «Орфоэпия қағидалары» жүйеге түсіріліп, 36
параграфқа топтастырылған. 
Сонымен, соңғы 20 жыл ішінде орфоэпия саласында елеу-лі жұмыстар істеліп, бірнеше сөздік жарық көрді. Мысалы:
Қ.Неталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі», М.Дүйсебаеваның «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық
сөздігі», М.Серғалиевтің «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі» (1996).
Ә.Жүнісбековтің өзінің еңбектерінде тіліміздегі дыбыс-тардың акустика-артикуляциялық қасиеттерін сипаттап қана
қоймай, орфоэпияға қатысты да құнды пікірлер келтіреді. Ға-лымның пікірінше, сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен
тіл-дің ауызша және жазбаша формаларының арақатынасын парық-тамаудан, орфоэпия туралы үгіт-насихаттың жеткіліксіз
жүргізі-луімен байланысты.
Қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын танып-білу мен зерделеп-таныту, нормаларын әңгіме ету – соңғы
онжылдықтар-дың жемісі. Тіл білімінің бұл тармағы 60-жылдардың ішінде қа-уырт қолға алынып, едәуір жұмыстар да
істелді: 
- орфоэпиялық сөздіктер жарық көрді;
- орфоэпиялық ережелер ұсынылды;
- ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді.
Орфоэпиялық нормаларды қазіргі аппараттарды пайдалана отырып ғылыми негізде зерттеу, орфоэпия ережелерін
емле ере-желері сияқты, дұрыс пайдалануды қалың көпшілікке міндет-теу, ол үшін орфоэпиялық жаңа құралдар, ережелер
кодексі, сөз-дік, анықтағыштар шығару жұмыстары тұр. 
44



Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы өзара тығыз байланысты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет