Қазіргі қазақ тілі (фонетика)


Жаттығу. өлең жолдарын буынға бөліп, қалай тасымалда-натынын түсіндіріңдер



бет63/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Жаттығу. өлең жолдарын буынға бөліп, қалай тасымалда-натынын түсіндіріңдер.

Үлгі: Жа-сым-да ғы-лым бар деп ес-кер-ме-дім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
(Абай)


Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,

Еліріп ерегеске екі-үш күндік.

Кіреді тентек есі түстен кейін,

Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.
(А.Байтұрсынов)


10. Тасымал.
1. Тасымал.Тасымалдың буынға қатыстылығы.
2.Тасымалдау жолдары.
3.Тасымалданбайтын сөздер.


Жаттығу. Мәтіндегі сөздердің тасымалдау тәртібін анықта-ңыздар.

... Әсет Қояндыда белгілі ақын қыз Рысжанмен айты-сады. Әдеттегі ақындардың елін, жерін, байларын, мырза-

биле-рін айтып мақтанатынына бұл екеуі бармай, салған жерден өздерінің жеке бастары жайлы әңгіме қозғайды. Әрине,

бір-бірінің қытығына тию үшін өткір сөздер қолданады. Рысжан Әсетті көріп:

Осы ма атақтыңыз Әсет деген,

Бере ме өнер пайда көрсетпеген.

Топастау, торшолақтау біреу ғой,

Мұның кім сөзбілгішке есептеген,- дейді. Әсет оған жауап бере қоймай, салмақ сақтайды. Әйел деп кеиітіп, менсінбей,

жауап беруді де артық көріп отыр ма деп ойлап қалған Рысжан:

Жіңішке бойым нәзік қылдырықтай,

Сүйтсе де сөзім ұшқыр бұлдырықтай.

Қызығып қыз екен деп далаңдама,

Тұйғынның жемін қуған кезқұйрықтай,- деп, өзін көтере та-ныстыра түседі. Айтушылар осы сапарда Рысжан мен

Әсет жеңісе алмапты дейді. 

(А.Жұбанов.”Замана бұлбұлдары”кітабынан)

53








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет