Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет65/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
12. Дыбыстық құбылыстар
1. Протеза, эпентеза.
2. Эпитеза, элизия.
3. Метатеза, редукция.
4. Аккомодация.
5. Дыбыстық үнем.


Тапсырма. Дыбыстық құбылыстар (Көркем әдеби шығармалар-дан мысалдар теру)

Жаттығу. Мәтінде кездесетін дыбыстық құбылыстарды анықтап, болу себебін түсіндіріңіздер.

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен:

– Бата - басқа,қына – тасқа, ақыл – жасқа, не қалайсың, балам?- депті.



Сонда Жетес бала:

– О, қасиетті баба! Ат берсең - өліп қалады, тон берсең – тозып қалады. Ат-тонға бергісіз, өлмейтін, өшпейтін,



өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз! Соған ризамын, - депті.

– Онда қолыңды жай, балам, - деп, Төле би:


54



– Бір үйдің баласы болма,



Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бір елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала,

өзегің талса, өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе – көпшілікті сағала.

өзіңе-өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол!

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол!

Әумин! – деп бата беріпті.
13. Қазақ орфографиясы мен оның негізгі принциптері 
1. Орфография туралы түсінік
2. Орфографияның принциптері.
а) фонетикалық;
ә) дәстүрлі;
б) морфологиялық
Жаттығу. Орфографиялық сөздіктен түбір тұлғалары өзгеріп, біріккен түрде жазылатын екі-үш түбірден құралған сөздерді
теріп жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет