Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет46/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Апокопа. Кірме сөз соңында біздің тіліміздің заңдылығына сәйкес келмейтін екі дауыссыз дыбыстың тіркесі тұра қалса
(біздің тіліміздің заңдылығы бойынша сөз соңында тек үнді мен қатаңдар ғана тіркесе алады; мысалы: жент, бұлт, сорт
т.б.), оның соңғысының түсіп қалуын - апокопа деп атаймыз. Мыс: дост>дос, бахт>бақ (қонды), тахт>тақ т.б.
Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерінің бір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғни
ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап
тұратын болса, диссимиляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуі
39



(әдетте соңғысы) ұқсастығы алыстау басқа бір дыбыспен алмастырылады. Мыс: алла > алды, молла > молда, кәллә > келде,


т.б. Мүмкін маңлай > маңдай, таңлай > таңдай, түңлік > түңдік, жылылай > жылыдай; айналу > айлану, айналайын >


айланайын, меңзе > мезге сөздеріндегі өзгерістерді де осы топқа (Диссимиляция құбылысына) қосқан жөн болар.

Синкопа. Сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасында-ғы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қыс-
қарып) қала алады. Мыс: алып бар > апар, алып бер > апер// әпер, алып кел > апкел//әкел, солай етіп > сөйтіп, болып > боп,
араластыр > арластыр, нағылет > налет//нәлет т.б. Тіл білімінде мұндай құдылыстарды синкопа деп атайды.

Эллипсис (грек.ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік единицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құры-
лымдық жағынан толымсыздығы.
Эпентеза (грек.epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комби-наторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес,
қо-сымша бір дыбыстың пайда болуы. Бұл кірме сөздерді қабыл-дағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс
тіркестеріне байланысты пайда болады. Бұл көбінесе эпентеза нормаға түс-пеген ауызекі тілде жиі айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет