Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет49/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Бақылау сұрақтары:
41



1. Орфография нені зерттейді?


2. Орфографияның принциптері қандай?
3. Морфологиялық принцип неге негізделеді?
4. Дәстүрлі принцип бойынша жазылатын қандай сөздер бар?
5. Фонетикалық принцип бойынша жазылатын қандай сөздер бар?
6. Орфографияның негізгі ережелерін кім бекітеді?


Қазақ орфографиясының негізгі ережелері
Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы ор-фография деп аталатындағы белгілі. Дұрыс жазу ережелерін


емле деп те атайды.
Адамдар өзінің айтар ойын ауызша, не жазбаша түрде жеткізуде міндетті түрде орфография ережелерін пайдаланады.
Дұрыс жазу нормаларына сүйенетін орфографиялық ережелер қалың жұртшылықтың пайдаланылуына арналады. «Қазақ
тілі орфографиясының негізгі ережелерін» Үкімет қаулы шығарып, арнайы заңмен бекітеді. Орфография дегеніміз,
біріншіден, жазба әдеби тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қа-лыптасқан жүйесі; екіншіден, біркелкі жазуды
қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. 
Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады:
- кей дыбыстарды әріптермен беру;
- сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу;
- сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;
- бас әріпті пайдалану;
- тасымалдау;
- шылаулар мен одағайлардың жазылуы сияқты мәселе-лерді қамтиды және айқындайды.
Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.
Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі не одан да көп түрде жазылатын жағдайда со-ның біреуін таңдап алуды
айқындайды. Осы принциптердің не-гізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ой-ды дәл жеткізіп,
жазылғанды дұрыс түсіну үшін өте қажет.
Қазіргі дыбыс – әріпке негізделген жазу жүйесінде дыбыс-тарды әріптермен белгілеу орфографияның өзекті мәселесі
бо-лып табылады. Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айты-лу ережелері орфоэпия (орфос - гректің дұрыс, түзу және
эпос - сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) деп аталады. Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белігілі. Олар
жетіліп, кемел-деніп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма – белгілі бір жүйе,
заңдылыққа негізделген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөз-дердің айтылуында болсын,
жазылуында болсын жалпыға бір-дей, ортақ қалыптасқан бірыңғай нормалары болады деген сөз. Нормалар неғұрлым
бірізді, қалыптасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым жетіліп, кемелдене түсері ақиқат. Тілдің ауызша форма-сын
нормалауды орфоэпия, ал жазбаша формасын – орфография қарастырады. Дұрысы, орфоэпия – сөздер мен бунақтардың
бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
«Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелері» үкімет қау-лысымен 1983 жылы ресми түрде, ал оның редакцияланған
нұс-қасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік терминология ко-миссиясында 2006 жылы бекітілді, сондықтан ол жазу
нормала-рын заңдастыруда басшылыққа алынатын нормативті құжат болып есептеледі. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
Ережеге сүйеніп жасалғандықтан, күнделікті жазу тәжірибесінде оны басшылыққа алу, онда көрсетілген нормаларды сақтау,
жазудың қалыптасқан жүйесін әрі-сәрі күйге түсірмеу - өз ана тілін құр-меттейтін мәдениетті азаматтың борышы.
Сөздердің бөлек, бірге, дефис арқылы жазылуы әр түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз
тірке-сін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады: аққайың (шөп атауы, сөз) – ақ қайың(сөз тіркесі), қолтаңба(сөз) –

қол/дың/ таңбасы(сөз тіркесі), т.б. Сондай-ақ сөздердің дефис арқылы тұлғалануы олардың дыбыстық, лексика-
грамматикалық қасиетіне байланысты ерекшеліктерін байқатып тұрады: бала-шаға, жолдас-жора, ауыл-аймақ, кіп-


кішкентай, т.б.
Сөздердің бас әріппен жазылуы, негізінен жалқы есімдерді қамтиды, сол сияқты сөйлемді келесі сөйлемнен
ажырататын белгі-лердің бірі ретінде бірінші тұрған сөз бас әріппен таңбаланады.
Орфографиялық нормалардың дұрыс қолданылып, тек ем-ле ережелерінің дұрыс-бұрыстығында емес, сондай-ақ сол
ере-желерді қамтитын тілдік құбылыстың дәл, анық танылмауымен байланысты. Мысалы, емле ережесі бойынша «біріккен
сөздер бірге немесе қосылып жазылады» деген бап бар. Ереже нақты болғанымен, тілімізде кездесетін бөлек және бірге
жазылатын сөздерге қатысты қарама-қарсы пікірлер бар екендігі рас. Сон-дай-ақ күрделі сөздерге қатысты да кереғар
пікірлер көптеп кез-деседі. Бұдан орфографиялық нормаларға сай дұрыс жазу ереже-лерін тұрақтандырып, нормаға
айналдыруға қатысты ғылыми пікірлер бар екендігін нақты байқауға болады. Бірқатар фоне-тист ғалымдардың пікірінше,
қазіргі емле ережелері қазақ тілі-нің үндестік заңын бұзып барады, сөздің дыбысталуы мен жазы-луын бірдейлестіру
арқылы тілдің фонетикалық табиғатын сақ-тап қалуға болады. Рас, кез-келген тілдің ұлттық сипатының бірі болып
42



табылатын дыбыстық ерекшеліктерді сақтау - құптарлық іс. Бірақ та оны жүзеге асыру үшін тілдің сөздік құрамында еш-бір


кірме элементтер болмауы керек. 
Тіл тарихи құбылмалы, аса күрделі, үнемі дамушы құбы-лыс болғандықтан, оның өн бойында өзгерістер болып
тұрады. Аралас буынды кірме сөздердің тілімізге молынан қолданысқа енуі буын үндестігін әлсірете бастады. 
Қазақ тілі орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыс-тардың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды.
Әріптердің ішінде қиындық келтіретіндері – дауысты ә, ы, і, и дыбыстары мен дауыссыз х, й, у дыбыстары. 
Орфографиялық ережелерді реттеуде біріккен сөздердің ара-жігінде кездесетін к, қ қатаң дыбыстарын сөздің айтылу
нормасына сай ұяңдатып айту мен жазылуын сәйкестендіру мә-селесіне көңіл аударған дұрыс. Қазіргі кезде қазақ тілінің
орфог-рафиялық нормалары біршама айқындалып, көбі тұрақталған.
Орфографиялық ережелер белгілі бір принциптерге негіз-деледі. Қазақ тілінің орфографиясының негізгі
принциптеріне фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүр-лік принциптер жатады.
Морфологиялық принциптің негізіне сөз бөлшектері – мор-фемалардың түбір тұлғаларын сақтап жазу кіретіндігі
белгілі. Атап айтқанда, жұмыс, аш түбірлеріне –шы, -са қосымшаларын жалғағанда, олардың құрамындағы дыбыстар бір-
біріне әсер етіп, сөздер жұмұшшы, ашша болып айтылып, естіледі, бірақ сөздердің түбірлері мен оларға жалғанған
қосымшалар өз тұлға-ларын сақтап, жұмысшы, ашса болып жазылады.
Фонематикалық принципке сай жазуда дыбыстардың бір сөз ішіндегі не сөз аралығындағы бір-біріне тигізетін
әсерлері ескерілмейді, олардың негізгі фонемалық түрі сақталып жазы-лады. өнер, түлік, көрік, түнгі сөздері өнөр, түлүк,

көрүк, түнгү болып айтылғанмен, бастапқы негізі сақталып жазылады.
Ал қазақ орфографиясының фонетикалық принципі тілі-мізде жиі қолданылады. Бұл принцип бойынша бірқатар


пәуеске, самауыр, божы, шөген, әділ, пайда, т.б. сияқты кірме сөздер қа-зақ фонетикасының заңдылығына икемделіп
жазылады. Бүгін, биыл, қолғабыс, белбеу, т.б. бірқатар кірігіп кеткен біріккен сөз-дердің сыңарлары фонетикалық принципке
сай айтылуы бойын-ша жазылады. Сол сияқты сөз соңындағы қатаң к, қ, п дыбыс-тарына дауыстыдан басталатын
қосымшаларды жалғанған кезде аталған дыбыстар ұяңданып ғ, г, б болып өзгереді.
Тарихи-дәстүрлік принципке сай сөздерді жазу үрдісі он-ша көп тарамаған. Оны қазақ тіл білімінде шартты түрде
қолда-нады. Ол орыс тілінен енген сөздердің орысша тұлғасын сақтап жазу мен араб, парсы тілінен енген бірқатар сөздер
құрамын-дағы х, ћ әріптерінің жазылуына байланысты қолданылады.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» құры-лымы төмендегідей:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет