«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұрақтар


Тіркестердегі синтаксистік қатынастарды анықтаңыз



бет4/9
Дата21.12.2023
өлшемі34,91 Kb.
#141937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұ-emirsaba.org

10. Тіркестердегі синтаксистік қатынастарды анықтаңыз.
Сөзге шешен, оқушының кітабы, ауылға барды, қаладан келді, биік мақсат, көзімен көрді, досынан алды, қиын тапсырма, бес бала, зорға жүрді, елді қорғау, он бес үй, батырмен кездесті, ұзақ ойланды, кешке қайтты, ойын айтты, ашық айтты, менің үйім, ақылды бала, жаман мінез, аяғын басты.


11. Сөз тіркестерін тауып толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлғанің бірі.
12. Мәтіннен тұрлаулы мүшелерді тауып, оның қай сөз табынан жасалып тұрғанын айтыңдар.
Бөлтірік ержетіп, кісі болған шағында нағашы атасы Қарамендеге барады. Қараменде ел ішінде беделді, белді,малды адам болса керек. Жақсы көретін жалғыз жиеніне тік тұрып қызмет қылады. Біраз күн аунап-қунап демалған Бөлтірік еліне қайтуға жолға шығады. Кәрілік жеңіп, ақшулан тартқан Қараменде жиенін көп жерге дейін шығарып салады.
  • Қош, шырағым, енді көремін бе, көрмеймін бе, -деп егіледі.


Әйтсе де, көзі қимай біраз жерге дейін ілесе береді.


Екеуіне де айырылысу қиын болатынын сезген жиені:
- Нағашы-еке, ат талайын көтеріп жарысып алалық, - деп жарыса жөнеледі. Бөлтіріктің аты озып кетеді. Сол кеткеннен ол артына қайырылмайды. Нағашысы көзінің жасын сүртіп қала беріпті. («Қазақтың би-шешендері» жинағынан)
13. Жақты, жақсыз сөйлем сөйлемді ажыратып, синтаксистік талдау жасаңдар.
Маңайының бәрі бозғыл, бұлыңғыр тартты.(Ә.Кек.) Мұндай жағдайды бір сөзбен айтуға бола ма екен. (С.М.) Күлкі келтірерлік ештеңе де жоқ сияқты. (Т.Жанұз.) Жүрегі дүрсілдеп, алып ұшып, орнынан атып тұрды. (С.М.) He істерін білмей, тықыршып,ары-бері жүре бастады. (С.М.) Байсал бай жайлауға көшкенде қиялама ат жолдан шығады.(Ә.Кек.) Спортпен ғұмырымда айналысып көрмеген жанмын.(Тельман Жанұз.)
14. Сөйлемдерге синтакистік талдау жасаңыз.
Мен әжемді дүниедегі ең бақытты ананың бірі санайтынмын.(С.М.) Бағила үйде жүрген кезінде өз әкесін сирек көретін. (Д.И.) Ол қалып бара жатқан қыруар жұмысын уайымдап келе жатқан шығар. (Д.И.) Әкесімен бірге еріп келген дүрмек одан мың мәртебе кешірім сұрай отырып, бейтаныс жігіттің басқа қупеге ауысуын өтінді. (Д.И.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет