«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұрақтар


Жалаң, жайылма сөйлемдерді ажыратып, жай сөйлем типтеріне қарай талдау жасаңыз



бет6/9
Дата21.12.2023
өлшемі34,91 Kb.
#141937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша емтихан сұрақтары Теориялық сұ-emirsaba.org

19. Жалаң, жайылма сөйлемдерді ажыратып, жай сөйлем типтеріне қарай талдау жасаңыз.
Жауын жауса-ақ тамшы ағады. (Т.Жанұз.). Доғадай иіліп қалдым. (Ғ.Мүс.). Кейін түсіндім... (Ғ.Мүс.). Шатынап бара жатқандай көрінді. (Ғ.Мүс.). Қазір мен ақ қанды адаммын. (Ғ.Мүс.).
20. Айқындауыш мүшелерді анықтап, түрлерін ажыратыңыз.
Әне, соның қайсы бірін Түркістанның генерал-губернаторы өзі қадағалап, тергеу барысын дүрбімен қарап отыр? (Ш.М.). Тілмаш Жебірбаев ұлығы мен екеуіне түскен малдан үш жүз қой, елу қараны кешегі күні жемтік жағалаған қарғадай айналасынан шықпай жүрген туысқандарымен өз елінің жайлауына қарай жүргізген (М.Ә.).Қазақ балалар әдебиетінің негізін салған педагог- жазушы - Ыбырай Алтынсарин.(Балалар әд.)
21. Мәтіннен оқшау сөздерді табыңдар. Оқшау сөзі бар сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
- Сірә, қала жақтан келген жолаушылар болар, - деді Таңат кабинаның есігін ашып жатып. - Білейік қазір...
Соның арасынша дембелше ақ сары жас жігіт мәшинеден түскен бұлардың қасына келіп:
- Ассалаумағалейкүм, ағасы! - деп қолын ұсынып сәлемдесті.
- Әлейкүмассалам! Жол болсын, жігітім! - деді Жұман оның қолын алып...
- Ал өзің қайдансың? - деп Таңат оны одан әрмен тергей жөнелді.
- Ақтөден, аға, қаладан...
- Жә, жарар енді тергеуің! - деді Жұман шопырына.
- Жүр, бала, баста, алыс жолдан келе жатқан ақсақал мен сәлемдеселік... (М.Айымбетов)


22. Мәтіннен мақсат мәнді жай сөйлем түрлерін ажыратыңдар.
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен:
- Балалар, аман ба? - депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
- Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! - дейді.
Малайсары жалт қарап:
- Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без, - дейді.
Сонда Сырым:
- Ата тұрып, ұл сөйлесе, ержеткені болар.
Ана тұрып, қыз сөйлесе, бойжеткені болар, - дейді.
- Сен толған екенсің,мен тозған екенмін, - деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен. (« Қазақтың би - шешендері » кітабынан.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет