Бүгінгі баспасөз беттерінде кездесетін жаңа қолданыстардың бірқатары бұрынғы мағынасы кеңейіп, тарылып немесе мүлде бақаша жаңа мағынаға ие болған тілімізде бұрыннан бар атаулар. Мұндай қолданыстардың арасында жаппай қолданысқа көшіп, тілде орныға бастағандары бар да, бірнеше балама атаулармен қатар қолданылып əлі басымдыққа ие бола қоймағандары да бар.
Бүгінгі баспасөз беттерінде кездесетін жаңа қолданыстардың бірқатары бұрынғы мағынасы кеңейіп, тарылып немесе мүлде бақаша жаңа мағынаға ие болған тілімізде бұрыннан бар атаулар. Мұндай қолданыстардың арасында жаппай қолданысқа көшіп, тілде орныға бастағандары бар да, бірнеше балама атаулармен қатар қолданылып əлі басымдыққа ие бола қоймағандары да бар.
Қазіргі баспасөзде тіліміздің түрлі лексикалық қабаттарынан дайын қалпында алынып, бірқатары бастапқы мағынасында, басым көпшілігі түрлі деңгейдегі мағыналық өзгерістермен қолданыс тауып жүрген ағза, бағам, даңғыл, дəргей, діл, жиек, кеден, кент, құжат, мұрат, нарық, нысан, ота, өңір, рəміз, рəсім, рəуіш, сардар, серке, содыр, түлек, тығын, ұжым, үйек, үрдіс, шатыр сынды сөздер кездеседі. Шығу төркініне үңілсек, бұлардың бір тобы қазақ тіліне ертеректе еніп, лексикалық қорымызға əбден сіңіп кеткендіктен, кірмелігі бірден байқала бермейтін араб-парсы сөздері болып шығады да, енді бірқатары байырғы өз сөздеріміз екендігіне көз жеткіземіз.
Өңір, өлке, аймақ, аумақ сөздері синоним ретінде жұмсала беретін. Жалпы əдеби тілдегі, көркем əдебиеттегі олардың контекстік қолданысын шектеудің реті жоқ. Алайда, осы атаулар аударма жасау, түрлі ресми құжаттарда қолдану кезінде бірінің орнына бірі жұмсалып, бірізділік сақтала бермейтіндіктен, олардың аражігі ажыратылып, Мемтерминкомның 2002 жылғы 11 желтоқсандағы мəжілісінде өңір – регион, аймақ – зона, өлке – край, аумақ – территория түрінде ресми бекітілді
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі қолданылып жүрген лексика-семантикалық тəсілмен жасалған жаңа сөздер Бүгінгі баспасөзде қолданылып жүрген жаңа атаулар мен жаңа қолданыстарды жинақтап, оларды жасалу жолдарына қарай іштей жіктегенде, олардың едəуір бөлігінің сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған сөздер екендігін аңғардық
Бұрын сөз тудыру үдерісінде сирек пайдаланылып келген -м, -ым/-ім жұрнағы соңғы жылдары өнімділік таныта бастады. Кейінгі жылдары бұл жұрнақ арқылы жасалған салалық терминдердің саны күрт өсті. Олардың арасынан қазіргі баспасөзде басылым, жарияланым, жөнелтім, оқылым, өсім, салым, таныстырылым, таралым, төлем, ұстаным, шақырылым сияқты тұрақты қолданысқа көшкен атаулар жиі кездеседі.
Заттық ұғымдардың атауларын жасауда кейінгі жылдары өнімді пайдаланылып жүрген жұрнақтарадың бірі – -ғыш/-гіш. Біз жоғарыда баспасөзден алынған суреттегіш, оқшаулағыш сияқты бірді-екілі мысалдарды ғана келтіргенмен, кейбір арнаулы салаларда бұл жұрнақ арқылы жасалған атаулар көптеп саналады. Осы сияқты -уыш/-уіш жұрнағы да өнімділік таныта бастаған жұрнақтар қатарын құрайды