Бұл айтылғандардан біз кірме сөздердің бəріне тілімізден жаңа балама тауып, қалғандарының барлығын тіліміздің фоно-морфологиялық заңдарына бағындырып жазып жатыр екенбіз деген қорытынды жасауға болмайды. Жалпы алғанда кірме сөздерді орыс тілінен өзгеріссіз қабылдау мен жазудың кеңестік кезеңінде қалыптасқан дəстүрі сақталып отыр. Соңғы жиырма жылдай уақытта тілімізге көптеген кірме сөздер еніп, мерзімді баспасөз бен арнаулы салаларда кеңінен қолданыла бастады.
Қазіргі қолданыстағы кірме сөздердің жазылуына қатысты əлі де көптеген деректер келтіруге болады. Сондықтан алдағы уақытта тілшілер қауымы кірме сөздердің қабылдануы мен оларды ұлт тілінде жазудың біркелкі жүйесін, ғылыми негізделген жалпыға ортақ ережелерін қалыптастыруы тиіс.