Калькалау тəсілімен жасалған жаңа атаулар
Жалпы біздегі ресми бекітілген терминдердің бірізді қолданылмауының негізгі екі түрлі себебін атауға болады.
- Біріншісі – бекітілген терминдерді жұртшылыққа жеткізіп, олардың қолданысын қадағалап, үйлестіріп отыру жұмыстарының тиісті дəрежеде жүргізілмеуі.
- Екіншісі – терминдерді жасау, сараптау, ұсынылған нұсқалардың арасынан сəтті жасалғандарын іріктеп алу жəне бекіту жұмыстарының кəсіби тұрғыда жүзеге асырылмауы. Бізде тілді жақсы білетін термин шығармашылығына өз үлесін қосып, көптеген сəтті терминдер жасап, терминологиялық сөздіктер шығарып жүрген практиктер, сала мамандары бар. Алайда соған қарамастан, бүкіл термин шығармашылығын ұйымдастырып, оның барысын қадағалап, жетістіктерін үлгі ретінде ұсынып, кемшіліктерін түзетіп отыратын кəсіби мамандар шоғырланған орталық құрылымның болмауы бұл істің жүйелі түрде жүзеге асуына мүмкіндік туғызбай отыр.
Бұл аталғандармен бірге қазіргі термин шығармашылығы мен олардың қолданысында орын алып жататын өзге де кемшіліктер бар. Айталық, орыс немесе өзге шет тілінен енген дара тұлғалы терминдерді екі немесе үш сыңарлы термин түрінде сипаттай аудару кездесіп жатады. Мысалы, «распродажа» деген атауды қазақша «арзан сатылым» деп екі сөзбен беру термин ықшамдылығы тұрғысынан да мағыналық тұрғыдан да ұтымды жасалған дей алмаймыз.
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жаңа атаулар мен терминдер қолданысындағы кемшіліктер
Біз сөз өтіп отырған уақыт көлемінде кірме сөздерді орыс тіліндегі қалпында жазу дəстүрі қатаң сақталмай, өткен ғасыр басындағыдай өз тіліміздің дыбыстық жүйесіне икемдеп жазу үрдісі біртіндеп жанданып келе жатқандығы байқалып отыр. Мысалы: Мəскеу, зауыт, еуропа, жорнал, нөмір, рөл, мəшине, пəлте сияқты көптеген сөздердің БАҚ беттерінде жазылуы соның көрінісі.
Сондай-ақ кейінгі жылдары өткен мəжілістерінде Мемлекеттік терминология комиссиясы орыс тіліндегі қалпында жазылып келген бес-алты терминді кəбіл, режім, төкір, сілесір, станса, тəбіл түрінде ресми бекітті.
Алайда ҚР Мемлекеттік терминология комиссиясы мақұлдауымен 2007 жылы өте үлкен 100 000 дана таралыммен соңғы жарық көрген орфографиялық сөздікте де осы сөздікте кабель, кабельге, кабелі, рельс, рельске, рельсі, слесарь, слесарьға, слесары, табель, табельге, табелі, токарь, токарьға, токары түрінде берілуін түсіну қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |