«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет22/41
Дата06.06.2022
өлшемі176,52 Kb.
#36443
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Дәріс 13


Тақырыбы: Сөз таптарының шығуы мен дамуы.
Дәрістің мақсаты: Студенттердің сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы білімдерін кеңейту
1. Сөз таптарының шығуы мен дамуы.


Сөз таптарының шығуы мен дамуы
Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико-грамматикалық топтарға бөлу болып табылады. Сөздерді бұлай болу жыл санауымыз алдындағы V-IV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Панини грамматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері қарай айтылып келеді. Тілдердегі сөздерді есім, етістік, шылау деп 3 класқа бөлуде сол заманда басталған болатын. Платон мен Аристотельден басталған жоғарғы 3 топ құрамына енетін сөздерді ең аз болғанда 5, ең көп болғанда он бір топқа бөлу-тіл білімінде әбден орныққан, тұрақты үлгіге айналған дәстүр. Ғылымда орныққан сол үлгіні түркологтар түркі тілдерін зерттеуде де қолданды. Даяр тұрған үлгіні түркі тілдеріне қолданудың алғашқы тәжірибесі Казамбектен, Гигановтан, Бетлингтен басталды. Кейін келе қара жолға айналған сол соқпақпен қазақ тілін зерттеушілері де жүрді.
Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлудің алғашқы әліппесін жазған адам Н.И.Ильминский еді. Бірақ қазақ тілін зерттеген орыс түркологтарының ешқайсысы да қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлгенде қандай принципті басшылыққа аламыз деген сұрауды қойған жоқ та, оған жауап берген де жоқ.
П.М.Мелиоранский зат есім мен сын есімді бірге алып, қазақ тілінде 8 сөз табы бар деп, басқалары сын есімді бөлек сөз табы деп есептеп, сөз табының жалпы санын 9 деді. Атын атап, мысал келтіру ғана болмаса, ешбір сөз табы жан-жақты сипатталған жоқ. Элленизм дәуірінде өмір сүрген Стоиктерден бері қарай келе жатқан дәстүр бойынша қазақ тілін зерттеушілер де шылауды жалғаулық, септеулік, демеулік деп 3 түрлі сөз табы ретінде қарады. Әр сөз табына тән ұсақ категорияларды анықтауда да бірізділік болмады.

Сөз таптарының шығуы мен дамуы тіл білімінде қызық мəселелердің бірі. Бірсыпыра зерттеушілер тарихы тұрғыдан сөз таптарын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Бұл мəселе жайында академик И.Мещаников «Сөйлем мүшелері мен сөз таптары» деген салыстырмалы типологиялық зерттеуінде былай деп жазады. «Зат есім өзінің сөйлемді заттық мағынадағы мүше (бастауыш жəне толықтауыш)» болуы мен бөлініп шығады, сөздердің сөйлемнің аттрибутивті (анықтауыш) ретінде жұмсалу арқылысын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш ретінде жұмсалады, етістік жəне басқа сөз таптарынан басқа баяндауыш (сөйлемнің іс-əрекетті білдіретін мүшесі) ретінде қызмет атқаруы нəтижесінде ажыратылады. Бұл жерде сөйлемнің осылай мүшеленуі мен лексикалық топтар жасалады.


В.М. Жирмунский индоевропа тілдерінің көне дəуірінде зат есімдер сын есімдердің жігінің ажырылмағандығын есім негіздердің ортақ болуы, есімдердің септеу формаларының бірдей болуы жайындағы деректерді келтіре отырып дəлелденеді. Зат есімдер мен сын есімдердің жəне үстеулердің тілдің дамуы барысында біртіндеп жігі ажырап дербес лексика-грамматикалық категория ретінде қалыптасқандығын (Жирмунский. О природи частие речи и их классификация- сб. Вопросы теории частей речи. Л, 1968, стр. 28-31). Сөз таптарының бірден емес, біртіндеп қалыптасқанын, олардың жигінің ажырап, əрбасқа сөз таптарының барысында жаслағандығын түркі тілдерінің деректері де дəлелдейді. Мысалы, көк, жас деген сөздердің əрі зат есім, əлі сын есім болуы (синонимдес сөздер) есім сөздердің ерте кезде жігі айқын ажыратылмағандығын аңғартады.
Сөз таптарына қатысты айтылғандарды жинақтай келгенде, мынандай қорытындылар жасауға болады.
1. Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындап классификация жасауда жеке, нақтылы тілдің немесе тілдер тобының грамматикалық басты ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет.
2. Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық категориясы (топтары) . Олар бір-бірінен жалпы категорияльдық мағынасы мен грамматикалық белгілері жағынан ажыратылады.
3. Сөздердің топтары сөз таптары ретінде қаралғанда, ең алдымен, олардың білдіретін мағыналары, атап айтқанда, заттылық мағына, атрибутивтік мағына,процессуальдық мағына және т.б. түрдегі мағыналар негізге алынады. Сөз лексикалық құбылыс қана емес, мұнымен бірге грамматикалық құбылыс ретінде де танылады. Осыған орай, сөздерді сөз таптарына классификация жасауда олардың грамматикалық белгілері де негізге алынуы тиіс.
4. Сөз таптарының морфологиялық белгісінің мазмұнына сөз тудыру формалары мен сөз түрлендіру формалары енеді. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән сөз тудырушы арнайы аффикстері болады да, сөз таптары бір-бірінен сөз тудырушы аффикстер арқылы ажыратыла алады. Сөз түрлендіру жүйесі грамматикалық категориялармен ұштасады, жекелік-көптік, септік, тек (род), шақ, жақ, рай, етіс деп аталатын грамматикалық категориялардың бірі зат есімдерге немесе есімдерге, екіншілері етістіктерге телініп, сөз таптарын саралап ажыратуға көмектеседі.
5. Сөз таптарының синтаксистік белгісінің мазмұнына сөз табының сөйлемде мүше болу қызметі және сөздермен тіркесу ерекшелігі енеді. Белгілі бір сөз табына енетін сөздер сөйлемде белгілі бір мүше болып қызмет атқаруға икемделеді және сөздердің кез келген топтарымен емес, арнаулы бір тобымен тіркеседі, солармен қарым-қатынасқа түседі, өз ара байланысады.
Бақылау сұрақтары:

 Қазақ тілінде сөздерді таптастыру  ұстанымдарына не жатады?


Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет