2.Сөздердің байланысу тәсілдері Кез келген сөздердін қатар тұруы синтаксистік сөз тіркесі болып есептеле бермейді. Еркін сөз тіркесі үшін сөздердің байланысынысы белгілі заңдылығы болады, демек, бұл жағдайда сөздер белгілі бір тәсілдермен байланысады. Ондай тәсілдер қазақ тілінде төртеу: 1. Жалғау арқылы байланысу; 2. Шылау арқылы байланысу; 3. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу; 4. Дауыс ырғағы арқылы байланысу.
1. Жалғау арқылы байланысу деп септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы байланысуды айтады. Осы жалғаулардын қатысуымен сөздердің өзара байланысынан белгілі синтаксистік мағына туып отырады, Мысалы, Мен үйге келсем, Әбдрахманның қаладан келгенін естіп, үйдің іші қуанып отыр екен. (Б. М.) деген сөйлемдегі Әбдірахманның келгенін, үйге келсем, қаладан келгенін деген сөз тіркестері бағыныңқы сыңарына ілік (Әбдірахманның), барыс (үйге) шығыс (қаладан) септігі жалғаулары жалғану арқылы жасалып тұр. Әбдірахманның келгені дегенде үшінші жақтағы тәуелдік жалғауының көмегі тиіп тұр. Үйге келсем тіркесінде етістік сөздің бірінші жақта келсем тұруына қарай жіктеу есімдігі де бірінші жақта келсем тұруына қарай жіктеу есімдігі де бірінші жақта тұр. Екінші жақта келсең болып өзгереді. 2 Сөздер шылаулар арқылы да байланысады. Мысалы: Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма жыл (Абай) дегендегі өзіндң сөзі мен үйренсең сөзінің тіркесуіне үшін шылауы септігін тигізіп, мақсаттық мағына тудырып тұр. Мысалы: желге қарсы жүру, ақырына дейін күту, оқыған соң ойлану, айтқан сайын қыза түсу т. б, 3. Сөздердің байланысуында тұрақты орын тәртібі ойдың айқындығын қамтамасыз етеді. Мысалы: Шайқалған қымыздың иісі көш жерден мұрынға келеді (С. С). 4. Сөздердің байланысуының сонғы тәсілі — дауыс ырғағы. Мұнда екі сөздің орын тәртібі тиянақты болумен бірге; екеуінін арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екіңші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда екеуі сызықшамен ажыратылады. Мағжан -шын. Асан қайғы - философ, Қаныш-ғалым, дауыс ырғағы арқылы байланысқан сөздер сөйлем құрады да, алдыңғы сөз бастауыш, соңғы сөз - баяндауыш қызметін атқарады. Мұндай жалаң сөйлемдегі сөздердід орындары ауысқанымен, бастауыш пен баяндауыштың орындары сақтала береді. Мысалы: Ақын - Мағжан, философ - Асан қайғы дегенде бастауш – ақын мен философ болады да,-баяндауыш- Мағжан мен Асан қайғы сөздері болады;
Сөз тіркесіндегі негізгі мағынаға ие болатын сөз басыңқы сыңар деп аталады. Басыңқы сыңарды айқындап тұрған сөз бағыныңқы сыңар деп аталады. Мысалы: Айлы түн (айлы:- бағыныңқы-сыңар, түн басыңқы-сыңар).
Сөздер екі-екіден тіркесумен шектеліп қоймайды, тіркестегі басыңқы сыңар басқа бір сөзбен байланысып, екінші тіркес жасайды. Мысалы: Бұл әнді шырқаған Естайдың даңқы көп елге жайылды. Мұнда аяқталмаған ойды білдіретін бір сөйлем бар екіншіден, бұл әнді шырқаған Естайдың даңқы дегенде күрделі ұғымды білдіретін сөздер тізбегі бар, үшіншіден, жеті түрлі сөз тіркесі бар. Олар: 1. Бұл әнді; 2. әнді шырқаған; 3. шырқаған Естай(дың); 4. Естайдың даңқы жайылды; 6. көп ел (-ге); 1.Елге жайылды. Өзара байланысқан сөздердің бір сыңары баяндауыш болып келсе, оларға сөз тіркесі тұрғысынан да, сөйлем тұрғысынан да қарауға болады. Сөздердің өзара байланысуы жағынан бұларды сөз тіркесі деп санасақ, белгілі дәрежеде аяқталған ойды білдіру жағынан оларды сөйлем дейміз. Мәселен, жоғары мысалдағы даңқы жайылды, елге жайылды деген сөз тіркестері өз алдына жеке-жеке сөйлем бола алады. Себебі, мұның әрқайсысында белгілі дәрежеде аяқталған ой хабарланған.
Сөз тіркестері тіркесу жолына қарай тікелей тіркес және сатылы тіркес деп екіге бөлінеді: а) тікелей тіркес -екі сөздін өз бетінше тіркесуі. Мысалы: үлкен үй, ауылдан кеше келдік, ә) сатылы тіркес - бір тіркестегі басыңқы сынардың басқа сөзбен ұласа, тіркесуі. Мысалы: үлкен үйдің терезесі т. б.
Қазақ тілінде бірнеше сөзден құралып, бір ғана сөздің ұғымын беру үшін қалыптасқан, бір-бірінен ажыратуға келмейтін, басқа сөзбен топ жазбай барып байланысатын сөз тіркестері бар. Бұларды тұрақты сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: қас пен көздің арасында (лезде), ат үсті қарау (үстіртін), қой аузынан шөп алмас (жуас), қызыл кеңірдек болу (жанжалдасу).