Олардың айырмашылығы: Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды.
Олардың байланысы: сөз болған жерде ұғым бар. Мысалы, «адам» деген сөзді алып, ұғым ретінде жалпылық мәнге иелендіруге болады. Барлық адамдарға тән ерекшелікті бейнелеумен қатар, кез-келген жеке адамның басқалардан айырмашылығы барлығын да көрсетеді.
12. Сөзжәнемағынабайланысы, қалайқалыптасады? Болжамжасаңыз. Мысалдармендәлелдеңіз. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке мағынасы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін мағынасы— түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат. Парта — ағаштан жасалған оқушының мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай мағынасы болады. Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык мағына және грамматикалық мағына. Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман — ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып грамматикалық мағынаны білдіріп тұр. Грамматикалық мағына деп - сөздің әртүрлі грамматикалық тұлғалары арқылы түрлену нәтижесінде пайда болған мағыналары. Мысалы, кітап сөзіне –ым жалғауын қоссақ- тәуелдік мағына, -тар жалғауын қоссақ – көптік мағына, -тың, -пен деген сияқты септік жалғауларын қоссақ септік мағына туады.
13.Сөздіңлексикалықмағынасыныңнегізгітиптерініңжіктелуінкөрсетеотырып, мысалдармендәйектеңіз. Сөз мағынасы таным қағидасымен (теориясымен) тікелей байланысты. Адам затты, құбылысты қаншалықты жақсы таныса, сол затты, құбылысты белгілейтін сөздердің мағыналарын соншалықты анық, айқын біледі. Семасиологиялық зерттеулердің ең бірінші қарастыратын мәселесі – сөз мағынасы. Тіл білімінде лексикалық және грамматикалық мағыналардың бар екендігі, олар тығыз байланыста болып, өзіндік белгілерге де ие болатындығы әбден дәлелденген. Түбірлер – заттық мағынаны білдіріп, негізгі лексикалық мағынаға ие болса, аффикстер – грамматикалық мағынаны құрайды. Сөздің жеке тұрғандағы немесе сөйлем құрамында келгендегі білдіретін ұғымдық бейнесін – лексикалық мағына дейміз.
Академик В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасының 3 түрін көрсетеді: