Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Сөздіңстилистикалыққызметінебайланыстытуғанлексикалықмағыналары, жасалужолдары, мысалдармендәйектеңіз



бет11/61
Дата19.12.2023
өлшемі362,19 Kb.
#141035
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

16.Сөздіңстилистикалыққызметінебайланыстытуғанлексикалықмағыналары, жасалужолдары, мысалдармендәйектеңіз.
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналарына сөздің бейтарап мағынасы, бейнелі мағыналары, кәсіби-терминдік, поэтикалық мағыналары жатады. Бейтарап мағына – зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы: құстың қанаты, ұқсату заңы негізінде пайда болған ұшақтың қанаты десек те атауыштық мағынаға ие болып тұр, ал ұшарға қанатым жоқ, қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар. Бейнелі мағына - адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердің мағыналары жатады. Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады. Мысалы: тамаша, шіркін, қалш-қалш, шілтию, тылтию, жалпию және т.б. Терминдік мағына ғылым, техника өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Мысалы, объект, предикат, диалект, меридиан,вольт, қаратпа сөз сияқты сөздердің терминдік мағыналары. Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласында «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Онда ауыс мағына, эмоционалды-экспрессивті реңк сияқты үстеме «мағыналық жүк», яғни күрделенген мағына болмайды. Поэтикалық мағына – троп, фигураның түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдану арқылы сөздің айрықша көркем, ерекше әсермен, мәнермен көтеріңкі айтылуынан туатын мағынасы. Мысалы, Абайдың «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Сөзімде жаз бар шыбынсыз», «Өзімде басқа шауып, төске өрледім» тіркестерінде поэтикалық мағына айқын байқалады.Поэтикалық мағынаның бастау көзі халықтың ауыз әдебиетінде жатыр. Онда поэтикалық мағыналардың не түрлі үздік үлгілері сақталған: «Буырқанып, бұрсанып, мұздай темір құрсанып», «Темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болғанда».
17. Сөз мағынасының дамуы қалай қалыптасады? Хронологиялық шолу жасаңыз. Мысалдармен дәйектеңіз.
Сөз мағынасы - белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.
Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі.

Сөз мағынасы әрқашан бір қалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, санадағы психологиялық езгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмүнына әсер етіп отырады. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарайып не жаңарып, жаңғырып болмаса қолданудан шығып қалып отырады. Мысалы, қыз-қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тіліңде "күң қыз", "күңнен туған қыз" мағынасында қолданылған. Кейін ол өзінің дербестігінен айрылған соң, бұл мағынада қолданылмайтын болды да, қазір қыз сөзімен қосарланып, "қыз балалар" мағынасын береді.
Сөз мағынасының дамуы тілдің ішкі және сыртқы себептері арқылы жүзеге асады. Сөз мағынасының дамуындағы ішкі себептер - тілдің өз мүмкіндігін пайдаланып, семантикалық заңдардың нәтижесінде сөз мағынасының ұлғаюы. Мысалы: жұрнақ - 1. тура мағынасы: бір нәрсенің қалдығы; 2. термин.
Сөздің сыртқы заңдылықтар арқылы дамуына тілден тыс қоғамдық, әлеуметтік, тарихи жағдайлар мұрындық болады. (қатын - хатун - әйел)
1. Сөз мағынасының кеңеюі - сөз тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынаның үстіне жаңа мағынаның жамалуы: құн, талқы
2. Сөз мағынасының тарылуы - тарихи, әлеуметтік, қоғамдық жағдайларға қара сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуы: (қарындас, жесір)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет