Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Лексикологияның зерттелу тарихына шолу жасап



бет45/61
Дата19.12.2023
өлшемі362,19 Kb.
#141035
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

61. Лексикологияның зерттелу тарихына шолу жасап, ғалымдардың пікірлерін салыстырыңыз, өз тұжырымыңызды жасап, негіздеңіз. Қалыптасу тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз.
Ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қаласқан көрнекті ғалым, қазақ тіл білімі ғылымының қалыптасуына зор үлес қосқан қоғам қайраткері Ісмет Кеңесбаев (1907–1995) еңбектерінде түркология мәселелеріне арналған зерттеулер мол. Ол 1944 жылы «Қазақ тіліндегі тиянақты сөз тіркестері» атты докторлық диссертациясын қорғап, фразеология бойынша жалпы түркілік мәні бар еңбегін жариялады . Қазақ тілі бойынша «Қазақша-орысша сөздіктер» (1945, 1952, 1954), «Орысша-қазақша сөздік» (1946, 1954), 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986) секілді іргелі еңбектер – қазақ тілінің лексикографиясы бойынша дайындалған академиялық басылымдар болды. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» ұласты. Көп жылдық ұжымдық еңбек жинақтала келе 106000 сөзден тұратын үлкен түсіндірме сөздікті жасаумен қорытындыланды . Қазақ тілінің шығу негізін зерттеу ісімен өз еңбектерінде тілші ғалым Ғайниден Мұсабаев (1907-1981) арнайы айналысты. Ол тіл тарихы, этимология, лексикология, лексикография, түркі жазба ескерткіштері, әдеби тіл мәселелеріне белсене араласты. Академик Шора Сарыбаевтың (1925 ж. туған) еңбектері қазақ диалектологиясы, лексикографиясы, тіл білімінің библиографиясы, терминологиясы, грамматикасы салаларына арналған. 1976 жылы жеке монография түрінде жарық көрген «Қазақтың аймақтық лексикографиясы» атты докторлық диссертациясы Қазақстандағы түркітану ғылымына жаңа бір серпін берді. Ә.Ахметовтың еңбектерінде қазақ тілі мен түркі тілдеріндегі табу (тыйым салу) сөздердің мән-мағынасы мен қолданыс ерекшеліктері талданды. Сондай-ақ ол түркі тілдері мен америкалық үндістердің тілдеріндегі лексикалық параллельдерді салыстыра қарастырып, оның арғы тегіне үңілді. Бұлардың жолын Б.Сағындықов, Ә.Жүнісбеков, Ж.Түймебаев, Е.Қажыбеков, Ә.Керімов, Н.Г.Шаймерденова, А.Қайыржанов т.б. ізденістері, көне және орта ғасырлардағы түркі Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері /Құраст.: ф.ғ.д. Ғ.Әнес. – Алматы, 2014. – 640 бет. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. Жалпы редакциясын басқарған Ахмеди Ысқақов пен Нұргелді Уәли. А., 2011 Қазақ сөздігі. Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі. Жалпы реакциясын басқарғандар: Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов. А., 2013. – 1488 б. 21 Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эфемизмдер. Моног., А., 1995 33 жазба ескерткіштерінің сөзжасам жүйесін, сөздердің құрылымдық дамуын белгілейтін тарихи зерттеулері жалғастырды. Қазақстандық түркологияның ірі өкілдерінің бірі, профессор Әбжан Құрышжанұлы (1930-2007) тіл тарихы мен жазба ескерткіштерге арналған еңбектердің авторы ретінде ғылыми жұртшылыққа танымал болды. Ә.Құрышжанұлының «Ескі түркі жазба ескерткіштері» атты кітабында байырғы түріктердің мақал-мәтелдері мен аталы сөздері талданған. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде де, кеңестік және кеңестік кезеңнен кейінгі кезде де тілді зерттеу татартану мен түркологиялық зерттеулерде басым рөлге ие болды. Лексикографияда да белсенді жұмыс жалғасып жатты. Қостілді (кейде үштілді) сөздіктер құрастырылып, шығарылды: фразеологиялық, орфографиялық, топонимикалық, салалық (медициналық, ауылшаруашылықтық), этимологиялық.
К.Аханов «Қазақ тілі лексикасының мәселелері» (1955) деген оқу құралында зат есімдердің жалқы, жалпы мағыналарына талдау жасаған. Мысалы, өзен, қалам деген сөздердің әрқайсысы бір ғана затқа тағылған ат еместігін, ұқсас нәрселердің барлығына бірдей айтылатын жалпылама сөздер екендігі, өзен деген сөз арқылы тек белгілі бір өзенді ғана атап қоймаймыз, жалпы өзен атаулыны атаймыз деген. Оның бер жағында ол өзен терең бе, таяз ба, ұзын ба, қысқа ма, ағысы қатты ма, баяу ма – ол жағы тәптіштелмей, әйтеуір өзен атаулының бәрін бірдей жалпылама түрде атап, сондай-ақ, қалам деген сөз тек белгілі бір ғана қалам дегенді білдіріп қоймайды, жалпы қалам атаулыны білдіреді деген қорытынды жасалған. К.Ахановтың бұл көзқарасы бүгін де өміршең.Жалпы есімдер жалпы заттарға қойылған атау болғандықтан, белгісіз де болады. Жалпылық мағынамен қатар белгісіз мағынаға да ие, нақтылық жоқ жерде белгісіздік алға шығады. Ә.Төлеуовтің «Қазақ тіліндегі есім категориясы» (1963) деп аталған еңбегінде зат есімдердің жұп құрайтын кейбір мағыналық ерекшеліктеріне қатысты пікірлер бар .Семантика-грамматикалық құрылысы мен тарихи көнелігі, тұрақтылығы жағынан жалпы есімдерге қарама-қарсы қойылған атауларды профессор Т.Жанұзақов «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» (1965) деген лингвистикалық зерттеуінде: «Тілдегі жалқы есімдердің асыл түбі жалпы есім сөздерден жасалған. Сондықтан да, олардың түпкі мағынасы айқындауға болады», - деп жазады. Зерттеуші осы еңбегінде, диалектикалық логика жалпы ұғым мен дара ұғым арасында белгілі дәрежеде айырмашылықтың барлығын айқын көрсетеді деп жазады. Дара ұғымды білдіретін тілдегі жалқы есімдер – белгілі, деректі заттардың атаулары болып саналатыны ескертілген. Жеке ұғымды білдіретін сөз, жалпы ұғымды білдіретін сөзге қарағанда дара заттың сапасын, белгісін, қасиетін әлдеқайда толығырақ көрсетеді деген ғалымдар көзқарасын құптайды. Көптеген кісі аттарының мағынасы жасырын, белгісіз болса, кейбіреуінің мағынасы дәлірек, белгілілеу тұрады деген. Мұндай құбылыстың, әсіресе, төл сөзімізден жасалған кісі аттары бойында көбірек екендігі, мәселен, Алтын, Азамат, Азат, Асқар, Сұрапалды, Бақыт, Құтжан, Жанар, Шолпан мысалдарымен дәлелденген. Бұлардың бастапқы мағынасы кісі атына ауысқанда жоғалғанмен, санада тез жойылмайтындығын, үйреншікті мағынаның кенет ұмытылмайтындығын сөз етеді. Жалқы есімдердің, оның ішінде кісі аттарының, өзіндік ерекшелігі бар, айрықша құрылымдық тип екендігін ескерткен .Ғалым пікірінде берілген жалқы есімдер атауыш сөздерден (алтын, азамат, бақыт, шолпан – зат есімнен; азат, асқар, құтжан – сын есімнен; сұрапалды, жанар - етістіктен) жасалғандықтан мағыналары белгілі болып тұр. Ал, керісінше, кейбір есімдер (Сәбит, Мұқтар, Әлкей, Ахмет және т.б.) мағыналары белгісіз болып, олардың мағынасын кез-келген адам біле бермейтіні анық. Жалқы есімдер пайда болу жағынан жалпы есімдермен салыстырғанда екінші орындағы атау болып есептеледі. Тілде жалпы есімдерден жасалған жалқы есімдер саны көп. Мәселен, Мейрам, Қазына, Алтын, Мұрат, Мақсат, Ақыл, Бақыт, Маржан, Самал, Махаббат және т.б. Ал Мейрам мырс етіп күліп жіберді (Ғ.Мұстафин. Қарағанды) деген сөйлемде Мейрам кісінің аты, келесі Мейрам күніне арналған жорығымыз ойға алған нысанадан әрірек барып түсті (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемде жалпы есім. Сол сияқты Жыр маржанын (маржан сөзі жалпы есім, не? сұрағына жауап береді) жүрегімнен теріңдер (М.Хәкімжанова. Жаңа жыл), ал Маржан, Маржан, қарағым! Күлімдейді қабағың (С.Сейфуллин. Маржан) қолданысында жалпы есімнен жасалған Маржан сөзі жалқы есім, кім? сұрағына жауап беріп тұр. Ал 1967 жылы шыққан ғылыми грамматикада жалпы есімдер жайлы көбінесе абстракциялы ұғымды білдіретін зат есімдер және өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінде де жалқы есім болатын сөздердің типтері санамалы ғана, ал жалпы есім болатын сөздер әлдеқайда мол деген пікірлер айтылған . «Қазақ тілінің лексикологиясы» еңбегінде (1968) жалқы мен жалпы есімдер жөнінде өз жорамалын білдірген ғалым – Ә.Болғанбаев. Ол кісі атында да азды-көпті жалпылық қасиет бар деген пікірге келген. Мысалы, Ахмет пен Иван дегендер жеке адамға меншіктеп берілген ат болса, осы есімдердің өзі өмірде біреу (жалқы) болмай, толып жатқан адамға ортақ ат болып қолданылуына қарай, кісі аттарының өзі шартты түрде алынған жалқы есім болып шығады деген. Қарағай деген сөз барлық қарағай біткен біртектес ағашқа тән ортақ атау болса, Иван деген кісі аты бір қаладағы 90 мың адамға қойылған ортақ есім, ал айырмасы қарағай деген сөзде белгілі ұғым, мағына болса, Иван дегенде ешқандай ұғым жоқ яғни жеке дара затты басқа заттардан айыру үшін қойылған бір белгі деп түсіндірген. Ғалымның кісі атында да азды-көпті жалпылық қасиет бар, жалқы есім шартты түрде алынған деген пікірі біздің ойымызша, дәйекті емес. Себебі адамдарға ат қойылған кезде белгілі бір есімдердің жиі қойылу жағдайы адам атауларының (Әйгерім, Абай, Айгүл т.б.) жалпылығын емес, көп екендігін, жиі қойылатындығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет