Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Сөзварианттары, түрлері мен жасалужолдарынсалыстырып Т кестесінесалыңыз



бет19/60
Дата15.02.2023
өлшемі259,24 Kb.
#68253
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Байланысты:
?àç³ðã³ ?àçà? ò³ë³í³? ëåêñèêîëîãèÿñû ìåí äèàëåêòîëîãèÿñû Åìòèõàí


26. Сөзварианттары, түрлері мен жасалужолдарынсалыстырып Т кестесінесалыңыз

Сөз варианттарының түрлері

Сөз варианттарының жасалу жолдары

  1. Фонетикалық варианттар: дөңгелек — доңғалақ, шүйінші — сүйінші, шайқымазақ — сайқымазақ, парапар — барабар. суару — суғару, дәнеме — дәнеңе.

  2. Лексика-морфологиялық варианттар: екіншілей — екіншідей, естіген — есіткен, қабырға — қабыртқа, бақай — башпай, жирену — жиіркену, міне — мінеки — мінекей

  3. Лексика-семантикалық варианттар: азар—әзер, күнә—кінә, ащы — ашты, ыстық — ыссы.

  1. Кірме сөздердің кейбірі бірнеше вариантта қолданылады: ар., парсы сөздерінен: риза—разы—ырза, царжы — қаражат, мағлұмат — мәлімет, халық, — халайық,

  • Орыс сөздерінен: самауыр — самаурын, өшірет — шірет, мәтке-мәтша;

  • Әдеби-диалектілік варианттар: нағашы — таға, құдаги — құдағай, себеп — сәбеп, кесе — кәсе, балуан — палуан, маңдай— маңлай, тундік — туңлік, асылы — әсілі, егер — әгәр — әгәрки, әгәрәкім т.б. Бұл сияқты варианттардың кейбірінін әдеби нұсқалары әлі анықтауды қажет етеді. Сөз варианттарын синонимдермен шатастырмау керек, олардың синонимдерден айырмасы — шыққан тегінің бір екендігінде.

Вариантты сөздер — ұқсас тілдік бірліктердің жарыспа қатарлары немесе лексикалық бірлігінде өзгешелігі жоқ, бірақ морфемдік құрамы ұқсас сөздер. Вариант құбылысын әдеби норма қырынан қарастырар болсақ, вариантты сөздер қолданылу аясында синоним сияқты өзгеріске ұшырамайды. А.Айғабылұлы вариант сөздердің төмендегі жасалу жолдарын ұсынады:
1. Дыбыстардың алмасуы арқылы жасалады: томпай — томпый, айқай — айғай, міне — міні, бұны — мұны.
2. Метатеза жолымен жасалады: есіт — есті, керік — кергі.
3. Қыстырма дыбыс қойылу арқылы жасалады: иеле – ие(м)де – иемде, иік – и(л)ік-илік, емізік — еміз(д)ік.
4. Дыбыстардың түсірілуі арқылы жасалады: суғар-суар, тарқа-тара.
5. Төл сөзімізбен мағыналас басқа тілден енген сөздер арқылы жасалады: Әтеш-қораз. Мұндағы қораз сөзі иран тілінен енген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет