21. Синекдоха, түрлері, жасалужолдары, мысалдармендәлелдеңіз. Бұл метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осы сөйлемдердегі бас, тұяқ, қол деген сөздер бір бүтін дененің бір-бір ғана бөлшегі болып тұрған жоқ, сол кішкене бөлшекті білдіретін сөздің мағынасы зорайып, белгілі бір бүтін дененің орнына ауысып қолданылып тұр. Шынында, жәндіктердің, оның ішінде осы тіркесте қойдың басы деген бір мүшенің атын білдірмей, бүтін қойдың өзін түгел қамтып, бір бүтін мал деген, яғни қой деген ұғымды білдіріп тұр. Ал, тұяқ деген сөз бүтіндей бір мал деген мәнде; қол деген сөз жұмысшының бір мүшесі емес, жұмысшы адам мағынасында айтылып тұр. Сөйтіп, осылар сияқты бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалса, синекдоха болады. 22. Сөздіңкөпмағыналылығы, омонимменұқсастығы мен айырмашылығыбойыншахронологиялық карта жасаңыз. Мысалдармендәйектеңіз.
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа - басқа сөздердің тобын білдіреді. Сыртқы формасы жағынан, яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.
Мысалы, ай сөзі— қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады. Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай туды, ай батты), уақыт өлшемін де (екі ай, айдан асты), теңеу құралы қызметінде жұмсалып әдемілік, көрік үғымын да (айдай, ай десе аузы…, Айсұлу), ауыс мағына да (айға қолы жет-кендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қол-данылып тұр. Төрт жердегі айсөзінің ұғымы басқа-басқа болғанымен, олардың арасында мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір ғана сөз. Омоним де осындай, сырт формасы (тұлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің айы өтті, соның айы өтіп тұр; ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі көп мағыналы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді. көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз тобына, әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады.
Мысалы: Қара: 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз;
2) тақтаға қара – қимыл - әрекетті білдіретін етістік.
Айт: 1) айт болды – діни мейрам; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу; 3) айт - итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз.