Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен тест тапсырмалары «Филология: қазақ тілі»


Күшейтпелі шырай сын есімді анықтаңыз



бет21/21
Дата17.04.2022
өлшемі431,5 Kb.
#31280
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Күшейтпелі шырай сын есімді анықтаңыз.

  1. жап-жасыл, біп-биік

  2. сұрғылт, қоңырқай, қызғылт

  3. сарылау, кішілеу

  4. сұрқай, көкшіл

  5. ақшыл, қысқарақ

Сөйлемдегі сан есімнің синтаксистік қызметін анықтаңыз.

Қызыл шұбары - он үш, қарасы - тоғыз, құбақаны - бесеу.

  1. Баяндауыш

  2. Бастауыш

  3. Толықтауыш

  4. Анықтауыш

  5. Пысықтауыш

Зат есімнің сөзжасамдық жұрнағы бар туынды сөздер

  1. сенім

  2. алыңқыра

  3. балам

  4. қалам

  5. келем

Қосарланған күрделі етістіктерді тап

  1. көре-көре, сұрай-сұрай

  2. ата-ана, әке-шеше

  3. қызыл-жасы, көк-сары

  4. келе-келе, жеті-сегіз

  5. үсті-үстіне

Біріккен сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Еламан түршігіп кетті.

  2. Беті ашық шелекті қолына алып жөнеле берді.

  3. Аяғымен кезек тепті.

  4. Төргі бөлмеде қадірлі қонақтар жайғасыпты.

  5. Қуаныш ұзағынан болсын

Кіріккен күрделі етістіктерді тап.

  1. әкел, апар, әкет

  2. алып кел, апарып бер

  3. келе-келе, жылап-сықтап

  4. әкеле жатыр, апарып бер

  5. жәрдем ет, жеткізіп бер

Жұрнақты тап.

  1. -ыс, -іс, -с

  2. –қа, –ке

  3. –лар, -лер

  4. –мен, -бен

  5. –ның, нің

Шылау сөзден қалыптасқан қай септік?

  1. Көмектес септік

  2. Ілік септік

  3. Шығыс септік

  4. Жатыс септік

  5. Табыс септік

Ерікті қалау мәнін тудыратын қосымша қайсы?

  1. Барғымыз келеді

  2. Сатып алғайсыңдар

  3. Айтса игі еді

  4. Келіп кетсе

  5. Сенерсің

Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді көрсетіңіз.

  1. Қарағым, кітабың сөреде тұр.

  2. Еріншектің ертеңі бітпес.

  3. Жанат бүгін келмекші

  4. Перизат өлең айтты.

  5. Дала гүлін көрді.

Қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -іл, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етістің қай түрі?

  1. Ырықсыз етіс

  2. Ортақ етіс

  3. Өзгелік етіс

  4. Өздік етіс

  5. Туынды түбір

Қимыл, іс-әрекеттің субъектіге қарай бағытталғандығын білдіріп, сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалатын етістің қай түрі?

  1. Өздік етіс

  2. Өзгедлік етіс

  3. Ырықсыз етіс

  4. Ортақ етіс

  5. Туынды түбір

Төменгі категориялардың қайсысы етістіктің лексика-грамматикалық категориясына жатады?

  1. Салт-сабақтылы категориясы

  2. Рай категориясы

  3. Шақ категориясы

  4. Жақ категориясы

  5. Есімше

Жіктік жалғауында тұрған есімшені белгілеңіз.

  1. Бармассың

  2. Айтарым

  3. Көрермен

  4. Тұрамын

  5. Келгенге

Жіктік жалғаулы көсемшені белгілеңіз.

  1. Сен айтыпсың

  2. Менің оқушым

  3. Мен оқушымын

  4. Оның айтқаны болды

  5. Ол жақсы орындады

Есім сөздерден жасалған сын есімдік қатарды көрсетіңіз.

  1. Сөйлемпаз, намысқой

  2. Барғалы, оздыр

  3. Қалашық, әуесқой

  4. Жоғарғы, төменгі

  5. Е) Оқыған, сағынған

Қосарлану арқылы жасалған сын есімді белгілеңіз.

  1. Үлкенді-кішілі үйлер

  2. Жасыл орман, көк сай

  3. Өрілген шашақ

  4. Жып-жылмағай киінген

  5. Қараңғы үңгір

Ауыспалы осы шақта төрған сөзді көрсетіңіз.

  1. Ол ерте тұрады.

  2. Лагеръге бармақ.

  3. Сен қайда бара жатырсың?

  4. Әңгіме айтты.

  5. Мен ертең келермін.

Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеу қайсы?

  1. Кешкісін, ертеңгісін

  2. Қазақша, орысша

  3. Бармайынша, келмейінше

  4. Жөнімен, ретімен

  5. Ілгері, кейін

Үстеуі бар сөйлемді белгілеңіз.

  1. Ертең бәрібір ор бойындағы шекарадан әрі қарай аяқ басты-ақ, бүгежектеуге тура келеді

  2. Бұл кезде менің жасым он жетіде еді.

  3. Бақыт арбадан түсті де, жұмыстан ала келген бір шана шөбін қораға апарып шашып тастады.

  4. Көлдердің маңайы ащылы келеді.

  5. Сабақ басталды.

Салт етістік қатысқан сөйлем қайсы?

  1. Әсем сылқ-сылқ күлді.

  2. Дәкен қария шаршап-шалдығу дегенді білмейді екен.

  3. Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма.

  4. Ол кино көрді.

  5. Малды бақсаң, қойды бақ, май кетпейді шарадан

Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

  1. Жақтық мағыналы сөздер

  2. Шақтық мағыналы сөздер

  3. Сілтеу мағыналы сөздер

  4. Қимыл мәнді сөздер

  5. Сұрау мәнді сөздер

Етістіктің қай түрі тікелей есім сөздерше түрленеді?

  1. Тұйық етістік

  2. Етіс

  3. Болымсыз етістік

  4. Көсемше

  5. Сабақты етістік

Мекен үстеулі сөйлемді анықтаңыз.

  1. Қыз ілгері қарай алмады.

  2. Еламан өз бөлмесіне барып жатып қалды.

  3. Кешегі төбелестен кейін оны көргісі келмеді.

  4. Ақбала жаққа көз қиығын тастады.

  5. Біздің ішіміздегі жалғыз қазақсың.

Сын есімнің орнына қолданылған белгісіздік есімдігі қайсы?

  1. Қайсыбір жігіттер ерте оянды.

  2. Тәңірберген әркімге бір қарады.

  3. Енді бұрынғыдай біреуді паналамайды.

  4. Әлденеге мазасыздана берді.

  5. Қалау әлдеқашан оянды.

Болжалды келер шақтағы етістіктің баяндауыш қызметін көрсетіңіз.

  1. Жастар өсер, заман түзелер

  2. Барар жерің белгілі.

  3. Келер заман жарқын болғай.

  4. Өнеріңді ұшқырла

  5. Ұмытылар кез келді.

Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз.

  1. Малды ауыл

  2. Баспахана үйі

  3. Биіктеу тау

  4. Кішкене төбешік

  5. Көкшіл мата

Тәуелді септеулі сөйлем қайсы?

  1. Жүрегіңнің жұмбағын шешіп береді.

  2. Елдің іші - береке.

  3. Ұялмаған бұйырмағанды ішеді.

  4. Өлімнен ұят күшті

  5. Әркімнің өзі шығар биігі бар.

Жіктік жалғауы нені білдіреді?

  1. Қимыл иесі мен оның орындалғанын

  2. Қимылдың орындалмағанын

  3. Меншіктілікті

  4. Көптік ұғымды

  5. Бағыт мағынасын

Сөз түрлендіруші жұрнаққа тән белгі.

  1. Сөзге грамматикалық мән үстейді

  2. Сөзге лексикалық мән үстейді

  3. Жаңа сөз тудырады

  4. Ешқандай мән үстемейді

  5. Сөзге әрі лексикалық, әрі грамматикалық мән үстейді

Есептік сан есімдер сан есімге қай қосымша қосылу арқылы жасалады?

  1. ешбір қосымшасыз

  2. -ау, -еу

  3. -ыншы, -інші

  4. -дай, -дей

  5. -даған, -деген

Ерікті қалау райлы тіркесті ажыратыңыз.

  1. Санағысы келеді

  2. Санаса екен

  3. Санаса игі еді

  4. Санаса

  5. Осылар санасын

Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.

  1. Қысқы, басыңқы

  2. Бермес, назар

  3. Гүлге, ерге

  4. Кеше, бүгін

  5. Оның, маған

Баяндауыш қызметінде тұрған сан есімді белгілеңіз.

  1. Ол қырық бесте

  2. Қызықты, өтімді

  3. Ана, мына

  4. Бағдаршам, зейнетақы

  5. Жетінші алдымен келді

Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді көрсетіңіз.

  1. Сабақ сегіз жарымда басталады.

  2. Оларға жәрдемақы беріледі.

  3. Бүгін үйірме жұмысы болмайды.

  4. Ертең жарыс басталады.

  5. Шексіз жазық басталды.

"Тіл-құрал " еңбегінің авторы кім?

  1. А.Байтұрсынов

  2. Қ.Жұбанов

  3. Ы.Маманов

  4. А.Ысқақов

  5. А.Ибатов

Қосарлану тәсілінің қай түрі сын есімнің сөзжасамына қатыспайды?

  1. Қайталама қос сөз

  2. Қосарлама қос сөз

  3. Жұрнақ арқылы жасалған түрі

  4. Қосарлаудың екі түрі де

  5. Жалғау арқылы

Туынды үстеу сөйлемде қалай жасалған? Жөнімен сөйлеген сөз орнын табар

  1. Көмектес септіктің түбірге көнеленуімен

  2. Жұрнақ арқылы

  3. Бірігу арқылы

  4. Қосарлану арқылы

  5. Шығыс септік жалғауының көнеленген түрінен

Жалпы есім дегеніміз не?

  1. Бір түрлі көп заттың бір атауы

  2. Бір түрлі көп заттың жеке аты

  3. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім

  4. Оймен танылатын зат есім атауы

  5. Жер-су атаулары

Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?

  1. -ғалы, -гелі

  2. -ып, -іп, -п

  3. -а, -е, -й

  4. -ған, -ген

  5. -атын, -етін

Етістіктің қайсысы сабақты етістік жасайды?

  1. Жар

  2. Дем ал

  3. Қаш

  4. Отыр

  5. Шарша

Мақсат үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

  1. Қасақана тиісті

  2. Зорға қозғалады

  3. Үдей соқты

  4. Тез қимылдады

  5. Әрқашан біргеміз

Қай сөзді көптік жалғауы заттандырып тұр?

  1. Ақылдылар

  2. Бұлар

  3. Кеншілер

  4. Маңдайлар

  5. Жауаптар

Болжалдық сан есім қайсы?

  1. 10 шақты

  2. Бес, алты, жеті

  3. Оныншы

  4. Онның бірі

  5. Бесеу, алты

Сапалық белгіні білдіретін етістікті көрсетіңіз.

  1. Сарғаю, ұзару, азаю

  2. Бұртию, қиралаңдау, шолтаңдау

  3. Жүгіру, секіру, жылжу

  4. Күлу, қуану, ренжу

  5. Азсыну, білгішсіну

Заттың жалпы атауын білдіретін жалпы есімдерді белгілеңіз.

  1. Орман, бала, мал

  2. "Ақ кеме", колхоз

  3. Қасым, трактор

  4. Адам, "Қан мен тер"

  5. Алматы, Алатау

Сапалық сын есімді белгілеңіз.

  1. Көркем

  2. Шоқпардай

  3. Алпамсадай

  4. Еріншек

  5. Көрікті

Көмекші есімдерге тән негізгі белгілер қандай?

  1. мағыналық дербестігі жоқ, түбір күйінде қолданылмайды;

  2. мағыналарынан толық айырылған, түбір күйінде жұмсалады;

  3. мағыналарынан толық айрылған, түбір күйінде қолданылмайды, заттық мағынадағы сөздер;

  4. қимылды білдіреді;

  5. сындық мағынаны білдіретін сөздер.

Көмекші есімдер қандай формадағы сөздермен тіркеседі?

  1. ілік септіктегі;

  2. атау септіктегі;

  3. барыс септіктегі;

  4. табыс септіктегі;

  5. жатыс септіктегі.

Білезік, қарлығаш, биыл қандай сөздер?

  1. біріккен сөз;

  2. түбір сөз;

  3. қосымшалы сөз;

  4. қос сөз;

  5. сөз тіркесі.

Жасырын тұрған септік жалғаулы сөзді белгілеңіз.

  1. хат оқыды;

  2. хат келді;

  3. хат жазылды;

  4. хатқа салды;

  5. хаттар жіберілді.

Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.

  1. қызылырақ;

  2. ақылды;

  3. саналы;

  4. білім;

  5. орысша.

Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз

  1. менен;

  2. өзіңді;

  3. сонда;

  4. оған;

  5. добымды.

Үйде болыңдар деген сөйлемде –ыңдар қандай тұлға?

  1. жіктік жалғау;

  2. көптік тұлға;

  3. тәуелдік жалғау;

  4. септік жалғау;

  5. есімше.

Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

  1. балықшы;

  2. баламыз;

  3. әдемісің;

  4. қалада;

  5. оның.

Сөз түрлендіруші жұрнақты сөзді белгілеңіз.

  1. жазды

  2. оқулық

  3. білім

  4. ойыншық

  5. санасыз

Түбірлердің түрін анықтаңыз.

  1. негізгі, туынды, біріккен, қос сөз;

  2. сөз қосу, сөз байлам, сөз жасам;

  3. дара, күрделі, негізгі, туынды;

  4. жалпы, жалқы, деректі, дерексіз;

  5. болымды, салт, сабақты, тұйық.

Меншіктілікті білдіретін қосымшаны табыңыз.

  1. -нікі/-дікі;

  2. -ды/-ді;

  3. -сың/-сің;

  4. -ма/-ме;

  5. -қыз/-кіз.

Ілік септігі қай жалғаумен матаса байланысады?

  1. тәуелдік;

  2. көптік;

  3. септік;

  4. жіктік;

  5. есімше.

Көптік жалғау сөз бен сөзді байланыстыра ма?

  1. ІІ жақ жіктік жалғаумен (көпше) келгенде;

  2. байланыстырады;

  3. байланыстырмайды;

  4. І жақта байланыстырады;

  5. Кейде ғана байланыстырады

Жіктік жалғаулы сөз тіркесін анықтаңыз.

  1. үйге барады;

  2. ақылды бала;

  3. аязды түн;

  4. кітапты оқы;

  5. дабылды қақты.

« Бардық» сөзіне қандай жалғау жалғанған?

  1. көптік;

  2. жіктік;

  3. тәуелдік;

  4. есімше;

  5. септік;

«Сенімен» сөзіндегі –ні қандай қосымша?

  1. табыс;

  2. ілік септік;

  3. тәуелдік жалғау;

  4. жіктік жалғау;

  5. көптік жалғау.

«Менің оқығым келеді» сөйлеміндегі оқығым сөзінің соңындағы –м қандай тұлға?

  1. тәуелдік жалғау;

  2. септік жалғау;

  3. жіктік жалғау;

  4. қалау рай жұрнағы;

  5. бұйрық рай жұрнағы.

Ұштас мәнді қосарлама қос сөздерді көрсетіңіз.

  1. Аты-жөні, апалы-сіңілі, ән-күй, шай-су

  2. У-шу, сәлем-сауқат, аңырап-боздап, аман-есен

  3. Оңды-солды, іші-сырты, жүріс-тұрыс, әрі-бері

  4. Ет-мет, шай-пай

  5. Сатыр-сұтыр, жарқ-жұрқ

Субстантивтену қандай құбылыс?

  1. зат есімге айналу;

  2. етістікке айналу;

  3. сын есімге айналу;

  4. сан есімге айналу;

  5. есімдікке айналу.

Қандай зат есімдер жіктеледі?

  1. адамдарға қатысты;

  2. жануарларға қатысты;

  3. деректі, дерексіз;

  4. жалпы зат есім;

  5. жансыздарға қатысты.

Жалқы есім деген не?

  1. адам аттары, жер, су, мекеме атаулары;

  2. жалпы есімдердің ерекше атаулары;

  3. айналадағы қоршаған жеке зат атаулары;

  4. жалпы зат атауы;

  5. сындық мағынадағы сөздер.

Жалпылау есімдігі қай сөйлемде қолданылған?

  1. бәрі келді;

  2. біз жүрміз;

  3. бірнешеуі барады;

  4. кім келді;

  5. өзің кел.

Жалпы есімдерге берілген түсініктің дұрысы:

  1. жалпы затқа берілген атау;

  2. зат есімдерге берілген атау;

  3. жеке затқа берілген атау;

  4. жалқы заттарға берілген атау;

  5. есімдіктің түрі.

Қандай зат есімдер жіктеледі?

  1. Адамзат есімдері (кімдік есімдер)

  2. Күрделі зат есімдер

  3. Ғаламзат есімдері (нелік есімдер);

  4. Жалпылау есімдігіне;

  5. есімдіктерге

Шоқпардай сөзі сын есімнің қай түрі?

  1. қатыстық;

  2. сапалық;

  3. күрделі;

  4. жалаң;

  5. негізгі.

Морфологияның зерттеу объектісі:

  1. сөз тұлғасын, сөздердің түрленуі мен сөз таптарын

  2. сөз байлығын, сөздік қор мен сөз құрамын

  3. сөздік қор мен сөз құрамын;

  4. сөз тіркесін, сөйлем түрлерін

  5. сөз мағынасын.

Сөз таптары дегеніміз не?

  1. сөздің лексика-грамматикалық категориясы

  2. сөздің лексикалық категориясы

  3. сөздің грамматикалық категориясы

  4. морфемалар жүйесі

  5. Сөздердің функционалды-грамматикалық жүйесі

Түркологияда етістікті аналитикалық формасының теориялық негізін салған кім?

  1. А.Юлдашев;

  2. А.Мещанинов;

  3. Н.Дмитриев;

  4. С.Исаев;

  5. А.Хасенова.

Қазіргі қазақ тілі (етістік) оқу құралыны авторы:

  1. Ы.Маманов;

  2. Н.Оралбаева;

  3. М.Балақаев;

  4. С.Исаев;

  5. А.Хасенова.

Сөз таптарын таптастыру принципіне толық сай келетінін белгілеңіз.

  1. Етістік, зат есім

  2. Сан есім, есімдік

  3. Зат есім, сан есім

  4. Еліктеу сөз, одағай

  5. Шылау, модаль сөз

Ы.Мамановтың қосымшаларды жіктеуі -

  1. функциялы, модификациялы;

  2. сөзжасам, сөзбайлам, сөз түрленім;

  3. сөз түрлендіруші;

  4. сөз тудырушы;

  5. жалғау, жұрнақ;

Қазіргі қазақ тілі (морфология) оқулығының авторы-

  1. А.Ысқақов;

  2. С.Исаев;

  3. Т.Қордабаев;

  4. К.Аханов;

  5. М.Оразов.

Негізгі грамматикалық ұғымдарды атаңыз.

  1. грамматикалық категория, грамматикалық форма, грамматикалық мағына;

  2. морфология, синтаксис;

  3. грамматикалық абстракция;

  4. антоним;

  5. морфема.

Жіктік жалғауларының қалыптасуы:

  1. жіктеу есімдіктерінің түбір түрінің өзгерген түрі;

  2. жіктік жалғаулары септелген есімдіктердің энклитикасы;

  3. жіктік және тәуелдік жалғауларының қосылған түрі;

  4. тәуелдік жалғауларының өзгерген түрі;

  5. көне жұрнақтар.

Көне түркі тіліндегі -ғару, -геру тұлғалары қай септіктің қосымшалары-

  1. барыс;

  2. жатыс;

  3. шығыс;

  4. көмектес;

  5. табыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет