Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі №1 СӨЖ Әдістемелік нұсқаулық


Еламан істің насырға шауып бара жатқанын байқады



бет3/3
Дата16.09.2022
өлшемі19,08 Kb.
#39308
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
№1 СӨЖ сөз тіркесі

Еламан істің насырға шауып бара жатқанын байқады.

Тұрлаулы мүшелер:

Бастауыш: Еламан (дара)

Бяндауыш: байқады (дара)

Зат есім, атау септік

етістік

Еламан // байқады: атау септік формасы арқылы қиыса байланысқан, субъект предикативтік қатынас

Тұрлаусыз мүшелер:
Сөз тіркестерінің талдану реті тұрлаулы мүшеге жақын тұрған сөйлем мүшесінен басталады.



Бастауышқа қатысты сөйлем мүшесі жоқ

1. істің насырға шауып бара жатқанын// байқады: тәсілі синтетикалық, табыс септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі; толықтауыш қызметіндегі, объектілік қатынасына құрылған, қимылдың тура обектісі

Егер сөйлем мүшесі күрделі болса, тұрақты, атаулы, түйдекті болмаса, өз ішінен сөз тіркестеріне талдаймыз




істің насырға шауып // тұрақты тіркес, өз ішінен сөз тіркестеріне талданбайды.




бара жатқанын: екіншісі түйдекті тіркес (аналитикалық етістік) болғандықтан талданбайды.

Үшінші сөйлем:
Қадір түні, түн күзетер алдында қатын-қалаш, кемпір шал топ-тобымен әр үйге жиналатын.



Тұрлаулы мүшелер:

Бастауыш: қатын-қалаш, кемпір шал (күрделі)

Бяндауыш: жиналатын (дара)

Зат есім, атау септік

етістік

қатын-қалаш, кемпір шал // жиналатын: атау септік формасы арқылы қиыса байланысқан, субъект предикативтік қатынас

Салаласа байланысқан бірыңғай мүшелер болса, тәсілін, грамматикалық қатынасын (ыңғайлас, қарсылықы, талғаулықты, кезектестік) көрсетеміз.

қатын-қалаш, кемпір шал: тәсілі орын тәртібі, салаласа байланысқан сөз тіркесі, ыңғайлас мәнді




қатын-қалаш, кемпір шал: күрделі сөз, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды.




Тұрлаусыз мүшелер:
Сөз тіркестерінің талдану реті тұрлаулы мүшеге жақын тұрған сөйлем мүшесінен басталады.



Бастауышқа қатысты сөйлем мүшесі жоқ

1. әр үйге // жиналатын: тәсілі синтетикалық, барыс септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі; пысықтауыш қызметіндегі, адвербиалдық қатынасқа құрылған, мекен мәнді

Егер сөйлем мүшесі күрделі болса, тұрақты, атаулы, түйдекті болмаса, өз ішінен сөз тіркестеріне талдаймыз




әр// үй : тәсілі аналитикалық, орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, есімді, дара сөз тіркесі; анықтауыш қызметіндегі атрибутивтік қатынасқа құрылған, сын мәнді




2. топ-тобымен // жиналатын: тәсілі синтетикалық, көмектес септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі; пысықтауыш қызметіндегі, адвербиалдық қатынасқа , мөлшер мәнді



Егер сөйлем мүшесі күрделі болса, тұрақты, атаулы, түйдекті болмаса, өз ішінен сөз тіркестеріне талдаймыз




топ-тобымен: күрделі сөз, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды.




3. қадір түні, түн күзетер алдында//жиналатын: тәсілі синтетикалық, жатыс септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі; пысықтауыш қызметіндегі, адвербиалдық қатынасқа құрылған, мезгіл мәнді.



Егер сөйлем мүшесі күрделі болса, тұрақты, атаулы, түйдекті болмаса, өз ішінен сөз тіркестеріне талдаймыз




қадір түні// түн күзетер алдында: тәсілі орын тәртібі, салаласа байланысқан сөз тіркесі, ыңғайлас мәнді




қадір түні: атаулы тіркес, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды




түн күзетер: тұрақты тіркес, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды




қадір түні // алдында; түн күзетер // алдында: көмекші есімді түйдекті тіркес, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет