Жаңа ғана // өлімге басын байлаған тәсілі аналитикалық, шылау арқылы жанаса (М. Балақаев бойынша) байланысқан, етістікті, күрделі сөз тіркесі; пысықтауыш қызметіндегі адвербиалдық қатынасқа құрылған, мезгіл мәнді
өлімге басын байлау: тұрақты тіркес сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды.
2. енді// үміт етті: тәсілі аналитикалық, орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, етістікті, күрделі сөз тіркесі; пысықтауыш қызметіндегі, адвербиалдық қатынасқа құрылған, мезгіл мәнді
Тұрлаулы мүшеге қатысты сөз тіркестерін талдап болған соң, бар болса тұрлаусыз мүшемен тіркесетін тіркестерді талдаймыз.
сол // қара түнек: тәсілі аналитикалық, орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, есімді, күрделі сөз тіркесі; анықтауыш қызметіндегі атрибутивтік қатынасқа құрылған, заттың сыны