Әдістемелік нұсқаулық 2. Құрамында тұрақты, түйдекті, атаулы тіркесті 3 сөйлемді үлгі бойынша сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне талдау. (БАҚ құралдары, көркем әдебиеттен алынған мысалдар, дереккөздерін көрсету).
Талдау үлгісі: Бірінші сөйлем: Жаңа ғана өмірмен қоштасып, өлімге басын байлаған (п) Ержан (Б)// енді (п) сол (а) қара түнектің ішінен (п) үміт еттті (б). (Ә. Әбішов)
Тұрлаусыз мүшелер: Сөз тіркестерінің талдану реті тұрлаулы мүшеге жақын тұрған сөйлем мүшесінен басталады.
1. жаңа ғана өмірмен қоштасып,өлімге басын байлаған// Ержан:тәсілі аналитикалық, орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, есімді, күрделі сөз тіркесі; анықтауыш қызметіндегі атрибутивтік қатынасқа құрылған, қимыл сын мәнді
1. қара түнектің ішінен // үміт еттті: тәсілі синтетикалық, шығыс септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі; пысықтауыш қызметіндегі, адвербиалдық қатынасына құрылған, мекен мәнді
Салаласа байланысқан бірыңғай мүшелер болса, тәсілін, грамматикалық қатынасын (ыңғайлас, қарсылықы, талғаулықты, кезектестік) көрсетеміз.