Қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы


Етістік категорияларының дамуы



бет10/18
Дата09.05.2022
өлшемі354 Kb.
#33424
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
азіргі аза тіліні тарихи грамматикасы

Етістік категорияларының дамуы


Көсемше. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілдерінде көсемшелік тұлғалар сан жағынан көп болған. Бірақ олардың кейбірі қазіргі тілде сақталмаған, бірен-сараны жеке сөздер құрамында «өлі» (застывшие) элементтер түрінде ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімінің құрамындағы -ты V—VIII ғасырларда көсемшелік формант және осы шақты білдірген: -қатығды>қатды>қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (V—VIII ғ.) қолданылған -ы, -и көсемше форманттарының ізін көреміз.

Есімше. Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар да сан жағынан әлдеқайда көп. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Бұған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында болған осындай процеспен байланысып жатады.




1

6

13 тақырып



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет