Қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы


Етістіктің рай, шақ категориялары



бет11/18
Дата09.05.2022
өлшемі354 Kb.
#33424
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
азіргі аза тіліні тарихи грамматикасы

Етістіктің рай, шақ категориялары


Етістік морфологиялық құрылымы бойынша болымды-болымсыз, рай, жақ, шақ және сан категориялары бар, синтаксистік жағынан сөйлем баяндауышы қызметіне бейім, лексикалық мағынасы — қимыл мен әрекет болатын сөздердің грамматикалық класы ретінде есімдер тобынан айрықшаланып түрады.

Түркі тілдеріндегі етістіктер сыпаты бірыңғай. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі етістіктердің категориялары, түбір мен туынды түбір қалпы басқа түркі тілдерінде де қайталанып, сол дәрежеде көрінеді. Кейбір айырмашылық жеке тұлғалардың синтаксистік қолданысы мен семантикасында ғана бар.

Етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрінісі — қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ жақтық қосымшалар етістіктер мен есімдерге бірыңғай жалғанады. Мысалы, қазақ тілінде инже-нер-мін, бара-мын, инженер-сің, бара-сың. Осымен бірге, жақтық косымшалардың «қысқарған» варианты да бар: бар-ды-м, бар-ды-ң. Осындай сыпат басқа тілдерде де сақталған: ноғай тілі ала-ман, ала-саң, тува тілі алыр сен, алыр біс, т. б. Етістіктің жедел өткен жақ тұлғасына қосылатын жалғауы есімді тіркестер құрамында да қайталанады: (менің) кітаб-ы-м. Қазақ тілінде (баска да түркі тілдерінде) етістіктің есімше түрленуі бұл айтылғандармен бітпейді. Айталық, қалау рай деп қаралатын (өйткені сондай мән туғызып, сондай қызмет атқарады) -ғы (кимыл есім) + көмекші етістік тіркесі де есімдерше өзгереді: барғым келді, бар-ғың келді.


1

7

14 тақырып



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет