Қазіргі Қазақстандағы патриотизм және басқару Тұңғыш



Дата09.12.2022
өлшемі42,79 Kb.
#56073
Байланысты:
адалдық


Қазіргі Қазақстандағы патриотизм және басқару

Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», деген еді. Ал «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Аталған идея «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауында да жаңа қырынан толықтырыла түсті. Бұл идеяны үлкен жауапкершілікпен дереу іске асырудың түпқазығы отандастарымыздың бойындағы адамгершілік, туған елге сүйіспеншілігі десек, объективті тұжырым болар деп ойлаймын. Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным – ол отансүйгіштік (патриоттық) сезім (іс-әрекет) болып келгені ақиқат. Бұл туралы әлемдік және төл тарихымыздың әр бетінен негізді дерек табылады. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Елбасы осы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Ал патриот болу деген ел азаматының адамгершілік және саяси қағидаты, туған жерге, елге сүйіспеншілігі, қажет болса, мемлекеттік міндеткерлікті жеке мүддеден жоғары қоюды талап ететін әлеуметтік сезімі ретінде танылған. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарды басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да отансүйгіштіктің белгісі. Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы жинақталған адами тәжірибе соның ішінде ұлт, ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары қалайтынын, қажет болса, жанын салып отанды қорғау екенін көне тарих дәлелдеуде. Патриоттық ұстаным ол жеке тұлғаның отанына, азаматтылығына, мәдениеті мен тіліне, ұлттық дәстүріне эмоциялық күйзелісінің айрықша түрі деп анықтауға толық келеді. Әлемдік тәжірибе мен бұл орайдағы теориялық тұжырымдар аясында патриоттық сезім этнос пен ұлттық мемлекеттің қалыптасу жағдайында қоғамдық сананың маңызды құрамдас бөлігіне айналуы негізінде жалпыұлттық тынысты сипаттайды. Әлемге танылған ғылыми мектептердің саяси-зерттеушілік тұжырымдары бойынша адамзат тарихында патриоттық ұстаным бірнеше түрге жіктеліп сипатталған. Солардың бірінші қатарында полистік патриоттық ұстаным – тарихтағы белгілі полистік-қала мемлекеттері; екінші қатарында им­периялық патриоттық ұстаным, яғни им­­периялық мемлекет пен оның билік жүйе­сін қолдап-қорғау; үшіншісі – этностық пат­риот­тық ұстаным негізінде әдетте ұлт, этнос, ру, ата-тек құндылықтарына әрдайым зор сүйіс­пен­шілікпен қарап қорғау; ал келесісі – мемле­кеттік патриоттық ұстаным, яғни мемлекет саясатын айрықша жауапкершілікпен қолдау; сусындық патриоттық сезім (уақытша қолдау, күнкөрістік сезім) – халық пен мемлекетті жеке басқа пайдалы мақсатта қолдау. Әлемдік құнды қазыналар жинақтарында патриот, патриоттық ұстаным жөнінде жан-жақты негізделген арнайы тұжырымды анықтамалар жинақталған. ХХ ғасырда жарық көрген әдебиет мен ғылыми шығармаларда патриоттық туралы анықтама негізіне латындық, гректік түйіндер алынған. Сөз жоқ, сол жинақтардағы тұжырым түйіндерді негізге алу міндетті, неге десеңіз, олар – теңіз беті тәріздес ғасырлар бойғы шығармашылар, зерттеушілер, адами руханиятының тұжырымдары. Ол қазақтың даласы іспетті. Бұл далада көл де бар, асқарына көз жетпес шың да бар. Ызғарлы да шуақты қойнауында Менделеев кестесіне енген элементтердің басым көпшілігі орын тапқан Батыс Қазақстан өңірі, сирағын Cырға, құлашын Алтай мен Атырауға созған Сарыарқасы тағы бар. Қазақтың патриоттық ұстанымы әрқайсымызға бұрын-соңды көрмеген тұмса табиғаттай елестейді. Жаңа бір әлем, жаңа бір «ашылмаған арал» сияқты таңғалдырады. Бұған сенбесеңіз, жоғары баяндалған патриот түрлерін ой елегінен өткізіп, түйінін барлаңыз. Сонау бала шағымыздан құлағымызға құйылып қалған туған жерге, Отанға, ұлтқа деген ойымызға, іс-қимылымызға иіген сайын, шығармашылық табиғатына үңілген сайын күрделі және аса жауапты шыңға айнала береді. Шынайы патриоттық сезім арқылы бой алатын ұстаным халық жадындағы құндылықтармен дәлелденуі тиіс. Бұл орайда, аяулы ұлтымыздың тарихи иіндері және жарқын да батыл тұлғалары бас кейіпкері болғаны жөн. Осы мәселелер айқындалмай жатса, отансүйгіштің қабағы түксиіп, буырқанып, жан-жағын орап нөсерлей жөнелетіні айқын. Жай нөсерлемейді. Ащы шындығын нақты дерек-дәйекке негіздеп, мәселені тереңнен толғап нөсерлейді. Бұл – шынайы патриоттың табиғатына тән қасиет. Сондықтан да, әр тұлға кейде туған жерінің тауларындай асқақ, биік, сонымен бірге, қатулы көрінеді. Нағыз патриот адам жайшылықта дос-жаранға ашық-жарқын, абайламай сөйлейтін аңғал мінезі кең даланың жон арқасын жібітер жайма-шуақ жазға ұқсайды. Шынайы патриотшыл тұлға ұзақ сапар шегіп елінен жырақтаса, аңқасы кеуіп, сағынышқа толы жүрекпен туған топырағын иіскемейінше мауқы басылмайтын сияқты болып көрінеді. Патриоттық сезімді жоғары қоятын адам ой-өрісі мен іс-әрекеті бойынша өзін ұзаққа сілтейтін тарландай көрінетін болар деп есептеймін. Сол арқылы ол қолдайтындарды батыл шешімге, әділеттің ақ жібін аттамауға, шығармашылық оймен батыл іс-әрекетке, айбынды ерлікке жетелейді. Мұндай қасиеттер дүниеге келген кезден айналадағы құбылыстардан сусындап қалыптасуы шарт. Бала кезден қазақтың жыр-дастандарымен сусындап, далалық салт-дәстүрдің сарқытын қанып ішкен шығармашылық әлемінде де өзіндік даралық, көркемдік ірілікті таңдап білу арқылы келуі мүмкін, яғни отан, ұлтсүйгіштік сипатты меңгеріп, ойлау жүйесі қалыптасқан ұлттың өсетінін адамзат тарихы анық дәлелдеп келеді. Біздің пайымдауымызша бүгінгі күрделі тіршіліктегі, 7 миллиардтан астам адам мекендеген 220-ға жуық мемлекеттен құралған, сан-қилы хикаялы әлемнің қандай да бір этносы болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ болар. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілдес халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүю қасиеті ықылым заманнан олармен табиғи тамырлас дамып келеді. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың өткен өмір жолы, көрген-білгенінен жинақталған жан-жақты таразыланған тәжірибесі Тәуелсіз Қазақстан Елбасының тарихи еңбектерінде объективті дәлелдермен тұжырымдалып келгені барша отандастарға және әлемнің көптеген шетелдеріне аян. Осы орайда, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан­ның болашағы – қоғамның идеялық бірлі­гінде», «Тарих толқынында» атты еңбек­терінде мемлекет, этностарға ортақ бір мақсат аясына топтасудың кезек күттірмейтін міндет екенін атап, бұл міндетті абыроймен күнделікті өмірге дарытуда отбасы, білім беру орындары, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды рөл атқаратынын, олардың ықпалы аса тиімді болатынын баса айта отырып, «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін өзі айқын билеуі» деген ойы қоғам мүшелеріне бағдарламалық бағыт болар. Қазақстандық патриоттық ұстанымның негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, қағидаттары, құралдары бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбие арнасында солардың бірінің негіздері болмаса, ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін өзі білмеген адам өзгенің кім екенін түсінбейді. Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол қоғамда ұстанған сая­сатымен анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осы мәселелер анық көрсетілген болатын. Бүгінгі әлемнің күрделі тынысында тағы бір мәселені ескерген жөн. Таза біржақты ұлттық тәрбие – кейбір сәтте ұлтаралық түсінбеушілікке соқтыруы мүмкін. Посткеңестік мемлекеттер қайсыбірінде болып жатқан қантөгісті жанжал, меніңше осындай саясаттың салдары болса керек. Әсіресе, патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені баршамыз бірқалыпты түсініп, оның шарттарын бұлжытпай орындау – аса жауапты және күрделі іс. Кейбіреулер «ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен» десе, ал келесілер «ұлттық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен» дейді. Шындығында, ескі жаңамен үйлесім тауып жатса, өміршең келеді. Бүгінгі егемен Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі, Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат туған өлкесін сүйіп, соның азаматы болу, оны қорғау, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу дәстүрі де бар. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. «Қос азаматтық», «Қос тілділік» деген ұғымның өзі де біршама ойларға жетелейді. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны. Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады. Ата-баба салтының Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезекте тұрады. Міне, осы жалпы адами құндылықтар жалпы тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бас­тауларын құрайды. Айналаңдағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алаламай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көпэтносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету отансүйгіштік сезімнің терең бойлауына мұрындық бола алады. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен жайып тамырлануына негіз нығаяды. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі сыңайлы сезімі қалыптасып, бойлай береді. Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін бүкіл адамзат эволюциясында сыннан өтіп, пісіп-жетілген белгілі алғышарттар атқаратын міндет те маңызды. Казіргі елімізде Отанға сүйіспеншілік сезім қоғамдық қатынастарды демократияландыру, адамды оның өмірін, игілігін, адами ар-намысын, қызметшіге лайықты еңбекақы төлеу шарттары мен өмір сапасын жоғары құндылық деп тану негізінде, мемлекетте ілгерілеуші әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу барысында қалыптастырылады. Жаңарған қазақстандық патриотизмнің мазмұнын қазіргі қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтарымен қатар, ұлттық мәдениеттің дәстүрлі нышандары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Тарихымыздың табиғи дәстүрлерін сақтай отырып, казіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере келе, отандастар туған елін ең алдыңғы қатарлы шепте ұстай алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жетіліп толысқан отансүйгіштік сезімі сенімді кепіл болады. Патриотизмді қалыптастыру – бұл қоғам­ның әлеуметтік тапсырысынан нәр алатын мемлекеттік міндет. Патриотизм өмірдің, жағдайдың, оқиғаның барлық жекелеген қырлары, халық пен елдің тұтастығы, бірегейлігімен тікелей байланыстыра қарас­тырылатын қоғамдық қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі екені де аян. Отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу азаматтың, елдің мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың мінез-құлқының толымды көрінісі мен қоғамдық өмірді ұйымдастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет