"100
жаңа ес м"
Дайындаған: Ералин Олжас
Дулат Тұрсынұлы
Тастекеев
(22 маусым, 1982 жыл, Екпін ауылы,
Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан
облысы) — Қазақстанның кәсіпкері,
меценаты, «TAS GROUP» компаниялар
тобының негізін қалаушы және
басқарушысы
Бірде Тарбағатай ауданының шалғайдағы ауылындағы
мектепте мұғалім оқушыларға «Патриот қандай болуы
керек?» деген сұрақ қояды. Сонда бір оқушы қыз тұрып:
«Мен үшін нағыз патриот - Дулат Тастекеев», - деп
жауап береді. Таң қалған мұғалім: «Олай деуіңе не
себеп?», - деп сұрайды. Оқушы қыз көп ойланбастан:
«Өйткені ол туған жеріне әрдайым көмектеседі, стадион
мен мешіттер тұрғызды, жол салып берді, мектебімізге
мұражай мен жаңа кабинет сыйлады, сондай-ақ, жыл
сайын Ақсуатқа танымал тұлғаларды әкеліп, айтыс
өткізеді, киелі өлкеміз туралы кітап шығарады. Ол -
табысты бизнесмен және айналасына әрдайым көмек
қолын соза білетін қамқор жан. Ең бастысы, ешқашан
туып өскен жерін ұмытқан емес. Олай болса, осы ағамыз
- патриоттың нағыз өзі».
ТАСКРЕДИТ автокөлікті кепілге қойып, көлік жүргізу
құқығымен несие беруді ең бірінші болып қолға алған
компания болды. Аталмыш инновациялық несиелік өнім үлкен
сұранысқа ие болып, уақыт өте компания Қазақстанның
барлық ірі қалаларында өз филиалардарымен автокөлік
кепіліне несие беру нарығында көшбасшыға айналды.
Тастекеев Дулат – Қазақстандық
кәсіпкерлердің жаңа толқынының өкілі.
Оның ерекшелігі сол, ол өзінің табысты
бизнесін жай ғана дамытып қана
қоймай, оны жаңа форматта
ұйымдастыра біледі, «Tas Group»
компаниялар тобына басшылық етіп,
қайырымдылықпен де айналысады.
Компания жетістігінің басты
құпиясы – тұтынушыға,
қызметкерлерге, жалпы адамдарға
деген ерекше қарым-қатынасында.
Компанияның тұрақты
тұтынушыларының саны өте көп,
және олар өз таныстары мен
жақындарына оның қызметтері
жайлы айтып, несиені осы жерден
алуға кеңес береді.
Қазіргі таңда «TAS» компаниялар тобына
бірнеше компания кіреді. Олар: автокөлік
кепіліне несие беру нарығының көшбасшылары
– «Таскредит» пен «Tas Finance Group», «TAS
Exchange» ақша айырбастау пункттерінің желісі,
«TAS Microfinance» микроқаржы компаниясы,
«Жетысу Агрокредит» несиелік серіктестігі,
«AHTAS Contruction» құрылыс компаниясы,
«Жанұя Мед» медицина орталығы және
Ресейдегі «38» қаржы тобы (Мәскеу қаласы).
Дулат біраз жыл бойы қайырымдылықпен
айналысып келеді, 2018 жылдан бастап
«ASSYLTAS» Қоғамдық қоры құрылды. Енді
компанияның барлық қайырымдылық шаралары
ресми түрде жүзеге асырылатын болды.
Назарларыңызға Рахмет!
+7 (707) 123-71-62
21221185@turan-edu.kz
@oerln
Достарыңызбен бөлісу: |