Өсімдіктің өсуі және өсу кезеңдері
Дайындаған: Әлі Нұрбану Өсімдіктердің өсу кезеңдері. Өмірінің ұзақтығына қарай өсімдіктер бір, екі және көпжылдық болуы мүмкін. Біржылдық өсімдіктер бір жылдан да аз уақыт тіршілік етіп, гүлдеп, жеміс беріп, сонан соң бүтіндей тіршілігін жояды. Демек, біржылдық өсімдік те, монокарпты (грек.монос-бір, корпос-тұқым) өсімдіктер, тобына жатады. Бұлар бүкіл тіршілігінде бір-ақ рет жеміс беретін өсімдіктер. Екі жылдық өсімдіктер де (қант қызылшасы, сәбіз және т.б.) монокарптыларға жатады.
Көпжылдық шөптесін және ағаш өсімдіктері екі жылдан артық өмір сүреді де, әр жыл сайын өздерінің бүршіктеріннен қайта дамиды. Бұл өсімдіктер тобын-поликарптылар (грек.поликөп), яғни өзінің өмірінде көп рет жеміс беретін өсімдіктерге жатқызады.
Бірақ табиғатта көпжылдық өсімдіктер қатарында да, монокарптылар кездеседі (агава, бамбуктер). Тек біржылдық өсімдіктерден айырмашылығы вегатациялық кезеңі ұзақ жылдарға созылады. Көпжылдық шөптесін монокарптыларға күрделігүлділер және шатыршагүлділер тұқымдастарының көптеген өкілдері жатады. Бұл өсімдіктер орташа 5-6 жылдай жетаған (дегелек) түрінде өмір сүріп, сосын гүлдеп, жеміс байлап (бір рет) онан соң тіршілігін жояды.
Өсімдіктер де басқа организмдер сияқты, өз онтогенезінде жасына қарай физиологиялық өзгерістерді, олардың тамыр және өркендер жүйесінің біртіндеп алмасуынан вегативтік және генеративтік мүшелерінің ара қатынасының өзгеруінен байқауға болады. Бірақ өсімдіктің абсолютті дәл жасын анықтау оңай емес, өйткені даму барысында мүшелердің тұрақты алмасуы-ескіргендері тіршілігін жойып, ыдырап, жаңалары пайда болып отырады. Сондықтан “тіршілік циклы” деген ұғым енгізу қажет болды. Өсімдіктің тіршілік циклы-оның бүкіл онтогенезі, ол тұқымдағы ұрықтың дамуынан бастап индивидтің және оның барлық вегетативтік ұрпағының табиғи тіршілігін жоюға дейінгі аралық.
Өсімдіктердің тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлуге болады:
1. Жасырын (лантенттік)-бірінші толыстық кезеңі.
2. Прегенеративтік-тұқымның өсуінен бастап дербес организмде ересек өсімдіктерге сәйкес жапырақтардың, өркендердің және тамырлардың басым болуына дейін.
3. Генеративтік-генеративтік өркендердің пайда болуынан бастап, олардың кенет азаюына дейін.
4. Постгенеративтік-тіршілік формасының қарапайымдалуы, генеративтік өркендердің болмауы, бірте-бірте жалпы тірі өркендердің болмауы.