Оқыту процесін ұйымдастыру негізінде мынадай тәсілдер жатыр:
- тұлғаға бағдарланған;
- іс-әрекеттік;
- құзыреттілік;
- денсаулық сақтау
Тұлғаға бағдарланған тәсіл
Тұлғаға бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының әлеуметтік мүмкіндіктерінің дамуы мен есебіне бағытталған.
Оқытудағы тұлғаға бағдарланған бағыттылық вариативтік және сараланған бағдарламаларды, оқу және оқудан тыс іс-әрекетті ұйымдастырудың, оқушылардың жеке білім траекторияларын құру мәселелерін шешудің түрлі нысандарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі
Іс-әрекеттік тәсіл
Іс-әрекеттік тәсіл оқушының дербес өнімді іс-әрекетін ұйымдастыру жағдайында тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттері неғұрлым толық көрсету мен дамытуға бағытталған.
Құзыреттілік тәсілі
Құзыреттілік тәсілі оқушылардың тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.