Қазіргі білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту



Дата22.12.2023
өлшемі48,11 Kb.
#143050
Байланысты:
Жобалық емтихан сұрақтары.МИК211




АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АБАЯ


ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ




ИНСТИТУТ ИСТОРИИ
И ПРАВА


Кафедра «Құқықтану»
«Педагогтардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерін қорғау»
пәні бойынша жобалық емтихан сұрақтары
Мамандық: 6В01503-математика-информатика

Сұрақ №1
Қазіргі білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі - мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы - білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мүғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.


-Білім беру жүйесін басқару неге бағытталған?
-Білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеу деңгейлері қалай ажыратылады?
-Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы?

Сұрақ №2
Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған


Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
- ҚР-ның Білім туралы заңына сәйкес білім беру сапасын басқару қалай жүзеге асырылады?
- Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары?
- Қазіргі білім жүйесінің басты ерекшеліктеріне жалпы сипаттама?

Сұрақ №3
Азамат Б. өзінің жұмыс орнын жұмыс беруші ескертпей бір ауданнан екінші ауданға ауыстырғанын заңсыз деп санайды.Ол жұмыс жасаған ұйым, басқа ауданға көшті. Жұмыс орнының көшуі нәтижесінде, оған жұмыс орнына жету қиынға түсті. Жұмыс беруші жұмыскерге еңбек шартының елеулі жағдайларының өзгеруі туралы жазбаша түрде хабарлама жасаған жоқ. Азамат Б. жұмыс берушінің әрекетін заңсыз деп есептейді.


- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес ескерту мерзімін көрсетіңіз?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттерін атаңыз?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттерін көрсетіңіз?

Сұрақ №4
ҚР Білім туралы заңының 44-бабы білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады -дейді.Басқару субъектілерінің әрқайсысы, мейлі мемлекет, мейлі жұмыс беруші немесе қоғамдық ұйымдар кәсіптік білім беруде өз мүдделерін жүзеге асырады. Бұл мүдделер білімді басқарудағы қызметінде, қаржыландыруда, білім мазмұны мен өкілеттіктері көлемінде байқалады.


Мемлекет және оның органдарының білім саласын басқаруға араласуы қажеттігі білім жүйесіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметін атқаруындағы әрбір қоғам мүшелерінің мүдделерін орындауында жатыр.
-ҚР Білім туралы заңына сәйкес білім беру ұйымдарын басқару?
-Мемлекеттік емес білім беру мекемесін басқару қалай жүзеге асады?
-ҚР Білім туралы заңына сәйкес білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату?
Сұрақ №5
.Жоспар - іс-әрекеттің негізгі түрлері мен бірізділігі алдын ала жобаланып көрсетілген іс-шаралардың жүйесі.Басқару жүйесіндегі жоспарлау басшы қызметінің маңызды іс-әрекеті. Басқару шешімдерін жүзеге асыру жоспарлау және оны шешу амалдарын ойластырудан басталады.
-Жоспарлауды ұйымдастыру үшін және оның орындалуын бақылау қажеттілігі?
- Кәсіптік оқу мекемесінің жұмыс жоспары мазмұны?
- Кәсіптік оқу мекемесінің жұмыс жоспары мазмұнындағы анықтаушы бөлімде талдау қай кезеңде жасалады?
Сұрақ №6
.15 жасқа толған бала кітап дүкеніне сатушы болып жұмысқа тұрды. Жұмыс беруші кәмелет жасқа толмаған баланы ата-анасының келісімінсіз жұмысқа алған.Ата-анасы еңбек шартын тоқтатуды талап етті, өйткені олар жұмысқа орналасуға келісім бермеген.
- ҚР Бала құқықтары туралы заңға сәйкес баланың негізгі құқықтарын атаңыз?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының ұзақтығын көрсетіңіэ?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартының мазмұнына анықтама беріңіз?

Сұрақ №7
Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай-ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым-қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар түрлі салаларға бөлінеді.Конституциялық құқықтар мен бостандықтар үш топқа бөлініп қарастырылады: жеке; әлеуметтік; саяси.


- ҚР Конституциясына сәйкес тұлғаның жеке бас құқығы мен бостандықтарына сипаттама беріңіз?
- ҚР Конституциясына сәйкес әлеуметтік құқықтардың маңыздылығын атап көрсетіңіз?
- ҚР Конституциясына сәйкес тұлғаның саяси құқықтары мен бостандықтарын атаңыз?
Сұрақ №8
Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.
- Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы?
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру?
- .Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру?

Сұрақ №9
Халықаралық құқық нормаларын білу және тиімді пайдалану әлеуметтік болмыстың барлық аясында жемісті қызмет етудің шешуші факторы болып отыр, соның ішінде білім саласында.Қәзіргі уақытта білім саласына байланысты немесе осы саланы реттейтін нормалардан түратын жүздеген халықаралық құқық көздері бар. Олар, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен оның арнайы мекемелері (ЮНЕСКО-білім, ғылым және мәдениет мәселелері ұйымы, ХЕҰ-х/а еңбек ұйымы) мен регионалдық халықаралық ұйымдар (Европалық Кеңес және ТМД) құжаттары


-.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы нешінші бапта бекітілген (ҚР Білім туралы Заңында)
-.Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларацияеының нешінші бабында «әр адамның білім алуға кұқығы бар» деп көрсетілген?
- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы?

Сұрақ №10


.12 жастағы мектеп оқушысы Р., автокөлік жуғаны үшін автокөлік иесінен 3000 теңге мөлшерде ақша алады. Ол ақшаға мектеп оқушысы Р., дүкеннен қымбат тұратын энциклопедиялық кітап сатып алған. Оқушы Р., ата-анасы ол өзінің тапқан ақшасына олардың рұқсатынсыз билік етуге құқығы жоқ деп санап, кітапты қайтадан дүкенге апарып, ақшасын талап еткен. Дүкен ақшаны қайтарудан бас тартты.
Оқушы Р., кітап сатып алуға құқығы бар ма?
- ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес тұтынушының негізгі құқықтарын атаңыз?
-ҚР Баланың құқықтары туралы заңға сәйкес баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін атаңыз?
- ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгiне құқықтық сипаттама беріңіз?

Сұрақ №11


Халықаралық құқық нормаларының маңызы екі жағдайда ерекше көрінеді:біріншіден халықаралық ынтымақтастықта;екіншіден азаматтар мен басқалардың құқықтары мен заңды мүделерін қорғауда.
- Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 26 бабы «әр адамның білім алуға кұқығы бар» -дей келе қанша міндетті алға қояды?
- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция уақыты?
-«Бала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегі алғашқы тегін білім алуды, кез-келген бала оқи алатын орта білімді қолдауды, және қабілетіне байланысты жоғарғы білім алуды қамтатамасыз ету - мемлекеттің міндеті болып табылады» деп атап өткен құжат?
Сұрақ №12
Тұлғаның әрекеттері тек заңға сәйкес бола бермейді, ол кей кездері заңға қайшы іс-әрекеттерді де жасауы мүмкін, мұны біз құқық бұзушылық деп түсінеміз. Құқық бұзушылық дегеніміз - тұлғаның қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті және кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай теріс қылық және қылмыс болып екіге бөлінеді. Теріс қылық - қоғамға келтіретін зияны қылмысқа қарағанда аз, бірақ, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында орын алып, белгілі бір кері салдар тудыратын құқыққа қайшы әрекет. Теріс қылықтың азаматтық, тәртіптік және әкімшілік сияқты түрлерін атап өтуге болады.
- ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес қылмыстың құрамын атаңыз?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке сипаттама беріңіз?
-ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік теріс қылықтарды атаңыз?

Сұрақ №13


Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.Басқарудың басты мәні оның өзгеге әсер етуінен көрініс табады, басқарудың басты белгісі оның қоғамдық қатынастарға және адамдардың санасы мен жүріс-тұрысына тікелей әсер етуі болып табылады. Сонымен қатар, басқару субъектісінің қоғамды басқаруы үшін жоғарғы кәсіби біліктілігі мен білімі болуы тиіс.
- Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату қалай жүзеге асырылады?
- Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығын атаңыз?
-Білім беру ұйымдарының субъектілерін атаңыз?
Сұрақ №14
.Азаматша А. 13 жыл еңбек шарты бойынша жалпы білім беретін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 2014 жылдың 28 қыркүйегінде ол қысқарту бойынша жұмыстан шығарылды. Ол жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамту қызметіне жүгінді және жұмыссыз ретінде тіркелді.
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шарты анықтамасын беріңіз?
- ҚР Еңбек Кодексіне жалпы сипаттама?
- ҚР Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары?

Сұрақ №15


.Азаматша Г. 8 жыл бойы жалпы білім беретін мектепте педагог болып жұмыс істеді (педагогикалық институтты күндізгі оқу түрінде бітіргеннен кейін). Содан кейін бала туылғаннан кейін ол 10 жыл бойы мүгедек баланы күтумен айналысқандықтан жұмыс істемеді. Азаматша Г тағы да 45 жасында колледж мұғалімі болып жұмыс істей бастады және осы жұмыста 12 жыл жұмыс істеді.
- ҚР Әлеуметтік Кодексіне сәйкес мүгедектігі бар баланың күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы ?
- ҚР Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес қандай әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған?
- ҚР Әлеуметтік Кодексіне жалпы түсінік?

Сұрақ №16


.Азаматша Г. университеттің бірінші курсына оқуға түсті, бітіргеннен кейін бір жыл зауытта жұмыс істеді, содан кейін докторантураға оқуға түсті және үш жыл оқыды. Диссертацияны қорғағаннан кейін тұрмысқа шығып бала туды. Бала бір жарым жасқа толғанда, ол жұмысқа шықты, бірақ бала жиі ауыратындықтан, үш айдан кейін ол жұмыста еңбек шартын тоқтатты. Осы уақытқа дейін оған 79 жастағы әжесі қоныс аударды, Азаматша Г-мен бірге тұрды, ол оған күтім жасады. Азаматша Г. 2023 жылы 5 баламен ол 53 жасқа толды, зейнетақыға шықты.
- ҚР Әлеуметтік Кодексіне сәйкес зейнетақы анықтамасын беріңіз?
- ҚР Әлеуметтік Кодексіне сәйкес зейнетақы түрлерін сипаттаңыз?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек өтілі түрлерін атаңыз ?
Сұрақ №17
Қала басшысының қаулысымен қала аумағында жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұсынылатын жұмыстар мен кәсіптердің тізбесі бекітілді. Тізімге, атап айтқанда, аумақтарды, үй-жайларды жинау, түрлі өндірістердегі қосалқы жұмыстар, саябақтар мен скверлер аумағын абаттандыру, баспа басылымдары мен пошта хат-хабарларын жеткізу жұмыс түрлері енгізілген. Жұмыссыз азаматтар халықты жұмыспен қамту орталығыменен еңбек шартын жасауға келісті.
- ҚР Әлеуметтік Кодексіне сәйкес жұмыссыз азаматтардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз?
- ҚР Әлеуметтік Кодексіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығының міндеттерін көрсетіңіз?
- .ҚР Еңбек Кодексінде жұмыссыз азаматтардың еңбек шартына сәйкес еңбек функциясын атқарған кездегі жұмыс уақытын сипаттаңыз?

Сұрақ №18


Азамат Т. бір жұмыс күні ішінде үш сағат бойы себепсіз жұмыста болмағаны үшін жұмыстан шығарылды. Заңсыз жұмыстан шығарылдым деп санаған азамат А., сотқа шағымданды. Сотта оның жұмысқа келмеуіне байланысты телефон арқылы қоңырау шалғаны анықталды. Жұмыс беруші жұмысқа кешікені үшін акт жасады. Актіге жұмыс берушінің өкілі мен екі жұмыскер қол қойды. Жұмыскер жұмыста болмау себебін дәрігердің қабылдауында болғанын дәрігерлік анықтама арқылы дәлелдеме ұсынды.
-.ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес тәртіптік жаза түрлері?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері?

Сұрақ №19


Азаматша.А-ның босану және бала күтімі бойынша демалысқа кетуіне орай, наурыз айында Азаматша.Л. 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге мектепке дейіңгі мекемеге тәрбиеші ретінде жұмысқа қабылданды. Азаматша.Л., 21 қарашада декреттік демалысқа кетті, ал 31 желтоқсанда шарттың аяқталуына байланысты жұмыстан шығарылды. Бұл күні жұмысқа шыққан Азаматша.А-ның демалысы аяқталды. Азаматша.Л жұмыстан шығаруды заңсыз деп санайды, өйткені жүктілік кезінде оны жұмыстан шығаруға құқығы жоқ.
-.ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жүкті әйелдердің құқықтарын қорғау үшін қандай кепілдіктер қарастырылған?
- Бала күтіміне байланысты берілетін демалыстың ұзақтығын атаңыз?
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес өтемақы мен кепілдіктердің түрлерін сипаттаңыз?

Сұрақ №20


Мектепке дейіңгі мекемеде педагог-психолог болып жұмыс жасайтын жұмыскердің медициналық тексеруден өту кезінде науқастығы анықталды. Жұмыскер жұмыстан шеттетілді, содан кейін мұндай аурумен ауыратын жұмысшылар үшін бос жұмыс орындары жоқ екенін түсіндіріп, жұмыстан шығарылды. МДМ-дегі кәсіподақ комитеті жұмыскердің мүддесін қорғап, сотта жұмыстан шығаруға қарсы шықты. Жұмыс беруші жұмыстан босатылған жұмыскердің денсаулық жағдайын ескере отырып, бірнеше бос жұмыс орындарын ұсынбағаны анықталды. Сот жұмыскерді жұмысқа қалпына келтірді, орташа жалақы мен моральдық зиянның орнын толтырды. Жұмыс беруші қабылданған сот шешіміне апелляциялық шағым берді.
- ҚР кәсіптік одақтар туралы Заңына жалпы сипаттама беріңіз?
-Кәсіподақ ұйымның сотқа талап арыз қоюға құқығы бар ма?
-Кәсіподақ ұйымының негізгі құқықтары мен міндеттерін атаңыз?

Сұрақ №21


.Азамат А, мемлекеттік грант бойынша оқуға түсіп институттың бірінші курсының соңында сол институтта басқа оқу бағдарламасына мамандыққа ауысуды ұйғарды. Білім алушын басқа мамандыққа ауыстыру мүмкін бе, қандай құжат қолданылады және білім алушын бір институт ішінде ауыстыру қандай нормативтік- құқықтық актілерімен реттеледі, студент басқа мамандыққа ауысқан жағдайда мемлекеттік грант сақталады ма?
- ҚР-ның Білім туралы Заңына жалпы сипаттама беріңіз?
- Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін көрсетіңіз
- Жалпы білім алушылардың мемлекеттік грант иегері ретінде құқықтарын атаңыз?

Сұрақ №22


Студент Б, колледж ғимаратының жанында тұрған көлікте отырып, басқа студенттермен өтіп бара жатқан адамдардың көзінше қатты дауыстап,дөрекі сөйлеген. Білім беру мекемесінің жарғысын және ережелерін бұзғаны үшін ішкі тәртіп еңбек ережелеріне сәйкес колледж директорының бұйрығымен студент Б.,колледжден шығарылды. Қандай жағдайда студент оқудан шығарылуы мүмкін? Колледж басшылығы студентті оқудан шығаруда дұрыс әрекет етті ме?
- Студенттің қоғамдық орнындағы әрекетіне сипаттама беріңіз?
- Ішкі еңбек тәртібі Ережесін қабылдау тәртібін атағыз?
- Білім алушылардың оқу орнындағы құқықтары мен міндеттерін атаңыз?

Сұрақ №23


Мектепте 9–10 сынып оқушыларын кесте бойынша мектеп асханасында кезекшілік етуге қойды. Сонымен бірге олар бүкіл оқу күні бойы сабаққа қатыспады. Ата-аналар қазіргі жағдайға наразы бола бастады, өйткені сабақтың болмауына байланысты оқушылардың үлгерімі төмендей бастады. Мектеп әкімшілігінің әрекетіне баға беріңіз. Оның құқығы бар ма? Мектеп оқушыларының бұзылған құқықтары қандай заңмен реттеледі?
- ҚР-дағы Бала құқықтары туралы заңға сәйкес баланың негізгі құқықтары атаңыз?
- Ата-аналардың және заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері сипаттаңыз?
- Мектеп басшылығының әрекетіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес баға беріңіз?
Сұрақ №24
Азамат Т. кәмелет жасқа толмаған баласына түнгі уақытта қоғамдық орында ата-анасының рұқсатынсыз тұрғын үй жайдан тыс жерде болуына жол берген. Азамат Т. Заңды жауапкершілікке тартылады ма?
- ҚР-дағы Бала құқықтары туралы заңға сәйкес баланың құқықтары жөніндегі уәкілетті органның құқықтарын атаңыз?
-. ҚР-ның Әкімшілік Кодексіне сәйкес қандай әкімшілік жауапкершілік қарастырылған
-. ҚР-дағы Бала құқықтары туралы заңға сәйкес ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндеттерiн атаңыз?
Сұрақ №25
Жұмыс беруші 14 жасқа толған кәмелет жасқа толмаған М., балалар мәдениет үйіне сәнгер мамандығына жұмысқа алды. Ата-анасы еңбек шартын тоқтатуды талап етті, өйткені олар жұмыс істеуге келісім бермеген. Еңбек шарты кәмелетке толмаған баланың ата- анасының келісімінсіз жасалынған.
.- ҚР-ның Еңбек Кодексіне сәйкес баланың заңды өкілдерi атаңыз?
-. ҚР-ның Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер
- ҚР-ның Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

Сұрақ №26


Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқықтық жүйенің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Конституциясының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарлауда.
- Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдерін атап көрсетіңіз?
- ҚР Конституциясына сәйкес адам құқықтарының қорғалуынешінші тарауда көрсетілген?
- ҚР заңдарына сәйкес азаматтарға берілетін білім алу саласындағы кепілдіктерді атаңыз?

Сұрақ №27


Қәзіргі уақытта білім саласына байланысты немесе осы саланы реттейтін нормалардан түратын жүздеген халықаралық құқық көздері бар. Олар, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен оның арнайы мекемелері (ЮНЕСКО-білім, ғылым және мәдениет мәселелері ұйымы, ХЕҰ-х/а еңбек ұйымы) мен регионалдық халықаралық ұйымдар (Европалық Кеңес және ТМД) құжаттары.
-.Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Бала құқықтары туралы конвенцияны қашан қабылдады?
-«Бала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегі алғашқы тегін білім алуды, кез-келген бала оқи алатын орта білімді қолдауды, және қабілетіне байланысты жоғарғы білім алуды қамтатамасыз ету - мемлекеттің міндеті болып табылады» деп атап өткен құжат?
-ҚР халықаралық конвенция мен келісімдердің қолдану тәртібін атаңыз? (ҚР Конституциясы)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет