Қазіргі дәуірдегі жоғары білімнің рөлі



Дата02.12.2023
өлшемі13,53 Kb.
#131560
Байланысты:
эссе


Қазіргі дәуірдегі жоғары білімнің рөлі
(Эссе)
Білім – адамзат баласының қоғамдық дамуының сатысында қол жеткізген, қол жеткізер сәтті табыстарының бірі. Неге олай десеңіз, білім – танымның бір бөлшегі. Өзіміз өмір сүретін ортаны, дүниені танудың басты құралы. Алғашқы қауымдық құрылыстан бүгінгі деңгейге жеткізген де адамның ақыл-ойын жүйелі пайдаланып, ғылым тілін түсінуінде жатыр. Қазіргі уақыттағы жоғары білімнің рөліне келер болсақ, әрине, алар орны өте ерекше. Ғылымның сан саласы меңгеріліп, техникалық жарылыстың шарықтау шегіне жеткен ақпараттық ғаламшардың түкпір-түкпірі адамның қарауынан тыс қалмай жатқан уақытта білімнің де түлеп, түрленіп, жаңа арналарды ашуға деген қажеттіліктің туындайтыны анық. Бүгінгі жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, бейтаныс арналардың есігін қаққалы ұмтылған әрекеттердің жүріп жатқанын да білеміз. Оның мысалы ретінде түрлі ғаламшардың тыныс-тіршілігіне зерттеу жүргізіп, Жермен екіарада тығыз байланыс орнатудың амалын жасап жатқан өнертапқыштарды айта аламыз. Техникадан бөлек, гуманитарлық салалардың өзі де білімнің тереңдетілген мазмұны мен жаңарған қалпын күтеді. Қаншалықты сапалы әрі салмақты болса, соншалықты нәтижелі, жемісті болады деп үміттенеді. Осы үрдістің ортасында жүрген жан ретінде, менің айтатыным үйренген үстіне үйреніп қоймай, білімді практика жүзінде қолдана алатындай дәрежеде оқып, ізденіс жасау керек. Білім бастапқы болсын, орта болсын, жоғары болсын табиғаттың төл перзентін таным-түйсіксіз қалдырмайды. Әрқайсысы өз деңгейінде үйретіп, түсінік қалыптастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет