Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет1/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне


  1. Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз.

Әдеби процесс пәні қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күй мен оның әлемдік кеңістіктегі, бағыт-бағдарының ерекшеліктерін таныту және әлемдік эстетика тұғырнамаларын қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық негіздерімен, жаңа концептуалдық тұжырымдарымен ұштастыру, әдебиет заңдылықтарын бүгінгі білім мен ғылым методологиясы тұрғысынан бағамдау, сонымен қатар әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру. Сондай-ақ ақын-жазушылардың шығармашылық жолын, өзіндік қолтаңбасын таңытатын елеулі туындыларына шолу жасалады, объективті баға беріледі.
Өткен және бүгiнгi таңдағы ақын-жазушыларымыздың шығармашылығы, олардың өз туындыларындағы көтерген көкейкестi мәселелер, яғни поэзия, проза, драма жанрларының осы кезеңдегi орны, олардың тақырыбы, мазмұны мен ой-түйiндерiнiң жаңаша бағытта екендiгi қарастырылған.

  1. Қазіргі қазақ прозасындағы адам және экология тақырыбына дәйектеме жасаңыз

«Біз қоршаған ортаға жауаптымыз, табиғаттың жағдайы біздің іс-әрекетімізге байланысты. Бұл біздің бар үйіміз, біз оған сүйіспеншілікпен қарауымыз керек.»


Адам және экология жазылған шығармалар өте көп. Солардың бір-екеуіне тоқталып өтсек:




Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Парыз» деп аталатын диологиясында көне Арал аймағының экологиялық зардаптарын, оның осыған келу жолын тамыршыдай тап басып, көркем прозада кең ауқымда көрсете алды. Академик Әзім Жуан Жақайым, балық колхозының басқармасы Жәдігер бейнелері – айшықты да ойлы бейнелер. Туған жері, өскен өлкесі үшін шыр-пыры шыққан табанды жәдігер бейнесі атақты академиктен гөрі әлдеқайда жоғары тұр.

«Тамұқ төріндегі қазына» әңгімесінде жазушы өзінің романтикалық, хикаятшыл табиғатының жаңа бір қырынан көрінеді. Автор бұл жолы елсіз-сусыз қалың құм құрсауындағы оқиғаны сюжетке арқау еткен. Оқиға дамуы өте күрделі жағдайда өрбиді. Көне тарихтың құнды дерегін емес, алтын, қазына іздеген қарақшы топтың әрекеті өзінің қитұрқы амалдарымен оқырманды қызықтырып жетелеп отырады. Қат-қабат қиындықтардан аман алып шығатын, әрине, өзіңнің адал мұратыңа сенім, айнымас адамгершілік қасиетің. Осы қасиеттер шығармадағы басты тұлғаның желеуші-жебеушісі, шым-шытырық сюжеттің қозғаушы күші. Ізгілік жеңеді, зұлымдық тізе бүгеді.

Біз ең алдымен табиғат перзенті екенімізді, қоршаған ортаға тигізетін зәредей зардап өзімізге сан еселей қайтатынын әлі толықтай санаға берік сіңіре қоймаған секілдіміз. Сондықтан да бұл тақырыпты тоқыратпай, күн тәртібінен түсірмей толыққанды туындылар беріп көтере беру – қазақ жазушыларының түбегейлі де, маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет