Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет2/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.



  1. Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы жалғыздық сарынын сараптаңыз

Қазіргі прозадағы жиі кездесетін жалғыздықтың түрі: махаббаттағы жалғыздық.


Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағалаумауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның (кейіпкердің) ішкі табиғатынан, болмыс-бітімінен сыр берер, оның характерін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені, адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Жалғыздық- адамға өз ойымен болуға, еске алу, елесгеу, қайғыру, сүйсіну, белгілі бір шешім қабылдау т.б. секілді толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар мен процесгерді, сан алуан түрлі сезімдік құбылыстарды бастан кешетін кезең. Ішкі монологтардың, ішкі ой қақтығыстарының жүзеге асатын кезі де осы сәт. Кейде адам қатты қапаланғанда немесе шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, тіпті ойы түгілі түсіне енбеген сұмдық іс-әрекеттерге баруы да мүмкін. Оны психологияда, философияда, әдебиеттану ғылымдарында шындықты санамен бейнеленуіне тікелей қатыспайтын, еркіннен тыс болатынпсихикалық, физиологиялық құбылыс «безсознательность» (санасыздық) делінеді. Оның қазақ әдебиетіндегі үздік үлгісі- «Қаралы сұлудағы» Қаракөз, оның ойда-жоқта өзінің қойшысы Болатқа сыр алдырып қоюы. Қаракөз тап сол сәтте бұл әрекет туралы саналы түрде ойлап үлгерген жоқ, тек ой оған аяқ асты келді де тіпті еркінен тыс түрде өзі ойламаған оқиғаға тап болды.
«Шаршадым» өлеңі
Тақырыбы: Күнде-күнде өлуден шаршадым
Жанры: Поэзия
Идеясы: Күнделікті өмірден жалығуды, бар нәрсе мәнсіз болатындығын жеткізу, ішкі жан күйін жеткізу; Тіршілік күйбеңінен, құрметтен шаршау;
Авторлық ұстаным: Айналасындағы қайталанатын жағдайлардың көрінісін жеткізу;
Автордың көңіл-күйі: құлазу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет