Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяға мысал



бет7/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

9. Қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяға мысал
Әдеби тектегі үлкен орын алатын поэзия жанрында әр халықтың өз үні, тарихы, арман-мақсаты бар. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттыңболмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді. Өз ұлтын, елін жырламайтын ақын, өз шығармаларына арқау етпейтін жазушы жоқ. Мысалы жыраулық кезеңнің көрнекті өкілдерінің жырларының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі,елдің бірлігі,бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам,тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі.Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт,тыныштық өмірді өмірді қалаған.Жыраулардан бертін ақындар да өз өскен ортасын, туған жерін жырлап өткен. Қазіріг заман ақындарынан мысал етер болсақ, ұлттың Мұзбалақ ақыны Мұқағалидің жанымен сүйген Хантәңірін жырлауы, Қарасазын мадақтауын поэзиямыздағы ұлттық болмыстын бір көрінісі десекте болады.


10. Сынның түрлерін ата
Сынның түрлері өте көп: рецензия, шолу мақала, пародия, эпиграмма, әдеби портрет, эссе, әдеби очерк т.б. Осы аталған жанрларды шартты түрде қара сөзбен (рецензия, шолу, эссе, шығармашылық портрет т.б.) және өлең сөзбен (эпиграмма, пародия) жазылған деп бөлуге болады. Әдеби сынның жанрларын жіктеу барысында оның қай стильде жазылғанын, қандай көркемдік құралдарды, әдістерді пайдаланғанын басшылыққа алады. Сынның көркем жанрлары әдеби тілмен, ал публицистикалық және ғылыми жанрлары ғылыми стильде жазылады. Әр жанр өзіне ғана тән сөз саптауды, бейнелеу тәсілдерін қажет етеді.
Сын жанрларын жіктегенде ең алдымен оның зерттеу нысаны көмекке келеді. Әдеби сынға – шығарма, жазушы, әдеби процесс нысана болады. Осы үш түрлі нысананың қайсысын зерттеуге бағытталуына орай рецензия, шығармашылық портрет, мақала жанрлары қалыптасқан. Сынның басқа түрлері осы негізгі үш түрдің айналасына топтасады, олардың түрліше жағдайдағы көрінісі деуге де болады. Зерттеу нысанасының ортақтығы рецензия, аннотация, пародияны бір топқа жинақтайды. Олар – жекелеген шығарма, кітапты сөз етеді. Шығармашылық портрет, эпиграмма, әдеби фельетон, эссе, жанрлары қаламгерді нысанаға алады. Ал мақала, әдеби памфлет, әдебиесеп, т.б. әдеби өмірді тұтас алып, оның сипат – белгілері мен өзекті мәселелерін қарастырады. Сынның жанрлық түзіліміне әдеби нысананның ауқымы ғана емес, сипаты да әсер етеді. Әдеби фактінің жағымды – жағымсыз болуы сыншы алдына нақты бір мақсаттар қояды, соған жету үшін сыншы ыңғайлы форма іздестіреді. Мәселен, әдеби портрет, эссе, әдеби очерк көбінесе әдеби өмірдің жетістіктеріне арналса, әдеби фельетон, памфлет, пародия сиқты жанрлар әдебиеттің кемшіліктеріне, келеңсіз құбылыстарына арналады. Енді осы жанрлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет