Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Д. Исабеков «Қарғын» романындағы Жасын мен Бағила бейнесіне эстетикалық категориямен талдаңыз



бет41/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
55. Д. Исабеков «Қарғын» романындағы Жасын мен Бағила бейнесіне эстетикалық категориямен талдаңыз.
Дулат Исабековтың «Қарғын» романындағы эстетикалық категориялар:
Асқақтық: «Төбеден шақырайған жарық терезенің ашық сары пердесіне шағылысып, сүт бетіне біркелкі тараған кепірез тамшысындай Бағиланың мінсіз ақ жүзіне жарасымды сарғыш реңк қосып тұр. Табиғат бар өнерін сарқа жұмсап, осы бейнені жасап біткен соң, бұл сұлулықты азырқанғандай қою түннің жасымақтай бір түйірін ойып алып, мәрмәр беттің сол жақ етегіне мең етіп жабыстыра қойыпты. Бағиланың дәл қазіргі қалпы мен бүкіл болмысы адам баласының: «сұлулық пен пәктік қандай болмақ?» - деген сауалына жаратылыстың үнсіз беріп тұрған жауабына сайғандай.» . Яғни бұл жерде Бағиланың сұлулығын тамсанып, асқақтата суреттеп тұр.
Комедия (сарказм): «- Адалдығыңызға ризамын,- деді жігіт қыз сөзі мен үніндегі таза көңілді байқап. Бір жапырақ қағазды тұмардай жоқтап отырғаным тосын адамға өрескел де көрінер, оның не себепті қажет екенін жаңа айттым, екінші себебі – өзім ұнатпайтын адамдардың қолында ескі ұлтарағымның қалғанын да қаламаймын.» Бұл жерде Жасынның Бағилаға ренжіп астарлап айтқан сөзі.
Трагедия: «Бұдан алты жыл бұрын әйелі дүние салды. Оның өліміне Сәргелдің қызғаныштығы тікелей себеп болды. Марқұмның жүрегінің ұстамалы ауруы бар еді. Әйелі жұмыстан сәл кешіксе де, дүкеннен әлдеқайда бір заттар алып, айтқан уақытысында келе алмаса да, тіпті, жұмыста отырып үйге телефон соққанда телефон бос болмай қалса да "Неге кешіктің?", "Дүкенде кіммен жолығып қалып едің?", "Телефонмен қай сүйгенің сыр айтты?"- деген сияқты мысқылмен жанын жейтін. Мұндай сөздерге жауап бере алмай ол әлденеше рет буынып, талып та қалып жүрді. Әйелі мұнымен бірге қонаққа барудан да қалды. Қонаққа барып қайтқан күні үйде керіс болмай тынбайтын.Тіпті, телевизор көріп отырғанда "Дикторға неге сонша тесіле калдың?"- деп дау бастаудан да жалықпайтын. Ақыры осыңдай бір даудың үстінде әйелі ас үйде құлап түсіп, жедел жәрдеммен ауруханаға аттанды. Екі баласын ертіп, ертесіне сәскеге жуық артынан барса, ол о дүниеге жүріп кетіпті. Күйеуіне арнап бір парақ қағаз қалдырыпты: "Балаларды төркініме апарып таста. Мен кеттім. Қызғансаң о дүниеге кел"». Бұл жерде Сәргелдің әйелінің қайғылы өлімі туралы айтылған. Яғни, Сәргелдің тым қатты қызғанышының азабын тартқандығы көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет