Қазіргі экономикалық теорияның ПӘні және әдісі



бет5/6
Дата17.09.2023
өлшемі34,63 Kb.
#108316
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 ТАҚЫРЫП БОЙЫНША оқу материалдары

Баланстық әдіс. Бұл әдіс бірқатар нарықтардың (әсіресе, шикізат нарықтарының) өзгеру жағдайларын болжау үшін қолданылады. Оның мәні сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін орнатудан көрінеді. Өткен жылдардың берілген мәліметтері негізінде алдағы жылдарға өндіріс пен тұтынудың болжамдық балансы жасалады. Мұнда өткен жылдардағы шикізат қоры, ішкі тұтыну деңгейі және өнім көлемі есепке алынады.

  • Экстрополяция. Бұл әдіс зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың өткенгі және бүгінгі даму заңдылықтарын талдауға және оны болашақта қолдануға негізделеді. Бұл жерде берілген құбылысқа тән сипатты негізгі арақатынастар, пропорциялар және өсу қарқыны болашақта үлкен сеніммен маңызды түрде орын алады деп болжанады. Олай болса, экономикалық жағдайларды болжау мақсатында қолданылатын экстрополяция әдісі өткеннің тәжірибесін есепке алуды қарастырып, оны экономикалық дамудың объективті заңдылықтары ретінде сипаттайды.

    1.3 Қажеттіліктер және олардың түрлері
    Кез келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады.
    Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар.
    Қажеттіліктер қанағаттандыруды талап етеді, өмір сүруді және организмді дамытуды қамтамасыз етеді, адамның жеке басын дамытуды қалайды. Адамдардың қажеттіліктері алуан түрлі болып табылады. Американдық ғалым, әрі социолог Абрахам Маслоу өзінің «қажеттіліктер пирамидасы» үлгісінде қажеттіліктерді кеңінен зерттейді. Бұл үлгіге сәйкес, «төменгі сатыдағы» материалдық қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы» рухани қажеттіліктер төмендегідей орналасады:



      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет