Экономикалықтеорияныңзерттеуобъектісі – бұл экономикалық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі– бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет және сыртқы орта.
Экономикалық теория адамдардың экономикалық мінез- құлықтарын зерттейтіндіктен, олардың нарықтағы іс-әрекеттері материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен, бөлумен, айырбастаумен және тұтынумен байланысты болып табылады. Осыған қарап, біз экономикалық теорияны адамдардың шешім қабылдау заңдылықтарын зерттейтін гуманитарлық, әрі қоғамдық ғылым деп біле аламыз.
Экономикалық теорияның зерттеу пәніне қатысты көптеген анықтамалар бар. Солардың негізгілерін төмендегідей қарастыруға болады.
Экономикалық теория – адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Экономикалықтеория – шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.
Экономикалық теория – байлық туралы ғылым.
Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономикалық теорияның пәні нені және қандай құбылыстарды зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтіндігін түсіндіреді. Кез келген басқа ғылымдар сияқты экономикалық теория қоршаған ортаны танып білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады.
Экономикалық теория әдістерінің алғашқы ғылыми әзірлемелері ежелгі грек ғалымы Аристотельдің еңбектері арқылы танылды. Ол экономикалық ғылымды танып білудің негізгі қағидаларын қалыптастырды. Аристотельмен жасалған анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия және басқа да таным әдістері бүгінгі күнге дейін экономикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауда кеңінен қолданылып келеді. Әрине, бұл жерде экономикалық теория пәнінің дамуы мен әрі қарай күрделенуі барысында оны танып білудің әдіс- тәсілдері үнемі жетілдіріліп отырады. Экономикалық ғылымның әдісі деп кең мағынада, біз экономикалық үдерістердің нақты ақиқаттылығына жету жолдарының және экономикалық құбылыс- тарды зерттеу құралдарының, айла-амалдарының жиынтығын айтамыз.
Экономикалық теория адами, қоғамдық ғылым ретінде қоршаған ортаны және өмір тіршілігін танып білудің көптеген әдістерін қолданады.