Қазіргі экономикалық теорияның ПӘні және әдісі



бет6/6
Дата17.09.2023
өлшемі34,63 Kb.
#108316
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 ТАҚЫРЫП БОЙЫНША оқу материалдары

Физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, су, киім-кешек, баспана, ұрпақты өмірге әкелу, т.б.

  • Қауіпсіздікке деген қажеттіліктер: аурудан сақтану, дау- жанжалдан, қорқыныш-үрейден сақтану, т.б.

  • Әлеуметтік қажеттіліктер: сүйіспеншілік, махаббат, достық, кейбір топтардың мүшесі болу, өзара мүдделі адамдардың қарым- қатынасы, т.б.

  • Өзін-өзі сыйлау мен қадірлеуге деген қажеттіліктер: мақсатқа жету, өзін таныту, басқа адамдардың сый-құрмет көрсетуі, қоғамда өз орнын табу, т.б.

  • Өзін-өзі мадақтауға деген қажеттіліктер: өз қабілеттіліктерін іске асыру, өз мүмкіндіктерін дамыту және оларды белсенді түрде қолдану, өзара түсіністік, т.б.

    Қажеттіліктерін осындай жіктемесін олардың басқаша түрлерімен: материалдық және рухани қажеттіліктер, рационалды және иррационалды қажеттіліктер, абсолюттік және ақиқат қажеттіліктер, нақты, жете түсінілген, жете түсінілмеген, қате түсінілген және басқа да қажеттіліктермен толықтыруға болады.
    Саналы түрде жете түсінілген қажеттіліктер еңбекке деген ынта- жігерді тудырады. Мұндай жағдайда қажеттіліктер өзінің нақты нысанына ие болады.
    Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағат- тандырылуы тиіс.
    Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шектеулі көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық игіліктер деп атайды. Яғни, экономикалық игіліктер – экономика- лық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес заттар мен қызметтер. Ал экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет көрсету жатады. Тауар немесе қызмет көрсету – нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес экономикалық игіліктер. Адамдардың экономикалық қажеттіліктері көбінесе игіліктерді өндіру мүмкіндігінен асып кетіп отырады. Сондықтан да, жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру үшін жанама экономикалық игілік – ресурстар қажет.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет